Ақпараттық білім беру орталығы Кітапхана ОҚМУ - Профессор-оқытушылар құрамының электрондық кітапханасы

Профессор-оқытушылар құрамының электрондық кітапханасы

Электрондық кітапханасы

1. Жалпы ереже:

1. 1. Электрондық кітапхана  (ЭК) – пайдаланушыларға  есептеу техника құралдары,  телекоммуникациялық желілер мүмкіндіктерін пайдалану арқылы электронды түрдегі құжаттарды құру және сақталуын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе .

1.2. Электрондық кітапхана  өз  қызметін Қазақстан Республикасының нормативті, заңдық және  университеттің ұйымдастыру  құжаттарына сүйене отырып атқарады.

2. Мақсаты және міндеті:

2. 1. ОҚМУ профессор- оқытушылар құрамының (ПОҚ)  еңбектеріне Электрондық кітапханалық жүйені құру арқылы қол жеткізу мүмкіндігін  қамтамасыз ету ;

 2.2. ПОҚ еңбектерінің электрондық қорын тиімді қолдану;

2.3. Пайдаланушыларға ақпараттың үлкен көлемімен сапалы жұмыс атқаруға   жаңа мүмкіндіктер беру;

2.4. Университеттің ғылыми және білім потенциалының  ақпараттық-кітапханалық жүйеге енуін интеграциялау;

2.5. Кітапханалық технологияларды модернизациялау;

2.6. Электронды құжаттарды ұзақ мерзімді сақтау. Есептеу техникасы мен байланыс құралдарын пайдалану арқылы бұл мақсатқа қол жеткізу;

3. Электрондық кітапхананың  ресурстары  (электрондық ресурстарды  қалыптастыру , ұйымдастыру, өндеу):

3. 1. Электронды  каталог.

3. 2. Жеке меншік  ресурстар  қоры.

3. 3. Меншік құқы бар адамдардың  берген электрондық  ресурстары.

3. 4. Электрондық қор (дискета, CD-ROM).

3. 5. Басқа кітапханалардың  ақпараттық қорымен (бағасы бірдей  немесе  ақысыз) алмасу.

4.  Электрондық кітапхана қорына пайдаланушылардың  қол жеткізу тәртібі:

4. 1. Кітапхананың жергілікті-есептеу желісі.

4. 2. Оқу орнының корпоративті желісі.

5. Күту нәтижелері:

5.1. Электрондық кітапхана тұтас кітап  қорының бөлігі ретінде  кітапхананың  міндеттерін толық және жедел орындауына мүмкіндік береді;

5.2. Кітапханадағы  негізгі үш мәселе шешіледі  :  аз данадағы басылым , кітап қорының  сақталуы, қорды сақтау үшін жайдың  жетіспеушілігі және  мәшіне арқылы оқу көшірмелерін қолдану төлтума құжаттарды  ескіруден  сақтайды ;

5.3. АБО пайдаланушыларының ақпараттық сұраныстары толық қанағаттандырылады;

5.4. Пайдаланушыларға  құжаттарды және деректерді жедел беру сапасы  жоғарылайды;

5.5. Ақпаратты дәстүрлі емес тасымалдағыштарда беру  кітапхананың жаңа имиджін қалыптыстырады, кітапхана жұмысының маңыздылығы  артады;

5.6. Пайдаланушылармен қатар,  Ақпараттық білім беру орталығының қызметкерлерінің ақпараттық мәдениеті мен компьютерлік сауаттылық  деңгейі жоғарылайды.        

Санақ

Книги: 2068494
Периодические издания: 270598
Авторефераты и диссертации: 3475
Электронный фонд: 2779

Біздің мекен жайымыз

160012, Қазақстан Республикасы,
Шымкент қ., Тауке хан данғылы, 5
Тел: 21-19-92
Факс: 8 (7252) 21-19-92
e-mail: biblioteka@ukgu.kz

Есепшілер