Электрондық кітапхана
Басылымдардың электрондық көшірмелерінің электрондық кітапханасы
Ақпараттық білім беру орталығында 2008 ж. бастап ақпараттарды электрондық көшірме түріне ауыстыру секторы ашылды. Оның міндетіне өзіндіқ қорларының негізінде электрондық ақпараттық ресурстарды құруы кіреді. Электрондық кітаптар топтамалары тұпнұсқамен жанасусыз және оған зиян келтірмей бірегей басылымдармен компьютердің мониторында танысуға мүмкіндік береді. Сіздердің назарларыңызға pdf пішімінде басылымдардың электрондық көшірмелерін ұсынамыз:
Ағылшын тілінде әдебиеттер:
Ветеринария және мал шаруашылығы
Информатика
Тарих, Саясат, Құқық
Математика
Машина жасау және автомобильдер
Нанотехнологиялар
Педагогика
Мұнай және газды өндеу
Тамақ өнеркәсібі
Құрылыс және сәулет
Тоқымалық және жеңіл өнеркәсібі
Физика
Химия
Экономика
Электротехника және электроника
Экология, су ресурстары, Өмірлік іс әрекеттер қауіпсіздігі
Тіл білімі
Әр түрлі
Ақпараттық білім беру орталығының электрондық мұрағаты
Жаңа үлгідегі әлемдік стандарт талаптарына сай электронды коммуникациялық құралдармен жабдықталған. Электрондық ақпарат технологияларымен қамтамасыз етілген және интернет желісіне қосылған электрондық ресурстар орталығы бір арнаға тоғыстырып, электрондық мұрағатты құруына қарекет етілді.
Кітапхана қорына республикалық білім беру стандартына сай қолданылатын оқулықтар, оқу құралдары, оқу-әдістемелік оқу құралдары, монографиялар, ғылыми мақалалар мен талдамалар, профессор -оқытушылар еңбектері, диссертациялар (магистерлік, кандидаттық, докторлық), ғылыми зерттеулер топтастырылған.
Ел болашағының алтын тұтқасын сеніммен ұстатар бүгінгі жастардың сапалы білім алуы мен ұстаздарымыздың біліктілігін арттыруына электрондық мұрағаттың пайдасы зор.



