03.09.09 Кітапхана дамыту бөлімінің жаңалықтары
Ақпараттық хат және шақыру
Ұйымдастырушылар : Облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен А. С. Пушкин Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы , Оңтүстік Қазақстан облысының кітапханалар Ассоцияциясы .
Форумның басты мақсаты : Кітапханалардың алдында тұрған өзекті мәселелерді талқылау және кітапхананың болашақ дамуы барысындағы кітапханалардың күшін біріктіру.
Форум барысында «Кітапхананың аймақ мәдениетіндегі тарихы мен орны» атты ғылыми- практикалық конференция ұйымдастырылып өткізіледі.
Конференцияда келесі сұрақтар мен мәселелер қарастырылады. :
- Оңтүстік аймақтағы кітап және оқу тарихы ;
- Мәдениет кеңістігіндегі кітапхана ;
- Аймақтық кітапханалардың даму ерекшелігі ;
- Оңтүстік кітапхана ісінің тарихы ;
- Тарихи кітапханалық процестегі жеке тұлғаның орны;
- Кітапхана ісіндегі инновация ;
- Кітапхана торабын тиімді ұйымдастыру және сақтау;
- Кітапхан қорларын толықтыру және қаржыландыру ;
- Жаңа қызмет жағдайында кітапханаларға әдістемелік қызмет және әдістемелік көмек көрсету дә ұйымдастыру ;
- Кадр қалыптастырудағы тенденциялар мен проблемалар;
- Әлеуметтік серіктестіктер.
Форум қорытындыс бойынша арнайы жинақ шығарылады.
Құрметті әріптестер !
Сіздерді,ОҚО Кітапхана қызметкерлерінің II Аймақтық Форумының жұмысына қатысуға шақырамыз!Баяндама тақырыптары мен баяндамаларыңызды , Форум жұмысына қатысу өтініштеріңізді Ақпараттық білім беру орталығының Кітапхананы дамыту бөліміне жіберулеріңізді сұраймыз.
Тауке хан даңғылы,5
Тел: 211992 , e-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript



