Кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру курстары

Печать

«Электронды кітапханаларды құру мен енгізудің қазіргі кездегі мәселелері» тақырыбында біліктілік жетілдіру курсы ұйымдастырылып, М.Әуезов атындағы ОҚМУ техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі педагогикалық қызметкерлерінің біліктілікті жоғарылату бойынша Өңіраралық орталығының куәлігі берілді. Курсқа ОҚО білім беру жүйелерінің (университет, колледж)  кітапханаларынан 7 қызметкер және АБО 3 кітапхана қызметкері қатысты. Оның ішінде 7 қызметкер ЖОО қызметкерлері, 3 кітапханашы колледж қызмтекерлері. Оқу бағдарламасының көлемі 36 (12 сағат лекция, 24 сағат практикалық сабақ) сағатты қамтыды. 

 «Электронды кітапханаларды құру мен енгізудің қазіргі кездегі мәселелері» курсының бағдарламасы

Заманауи кітапхана мен кәсіби білім

Үздіксіз кәсіби білім беру жүйесін қалыптастыру

Қазіргі талаптарға сай кітапхана қорын қалыптастыру мен есепке алу

Жаңа ақпараттық ортада пайдаланушыларға қызмет көрсету

Электрондық кітапханалар: оларды қалыптастырудың кезеңдері, мақсаты мен құрылымы

ИРБИС 64 жүйесін енгізу және оның тиімділігі

Электрондық каталогты ұйымдастыру

Кітаппен қамтамасыз ету проблемаларын ИРБИС жүйесін енгізу арқылы шешудің жолдары

Бірыңғай ақпараттық-библиографиялық орта

Жаңа түскен басылымдардың виртуальды кітап көрмесін (тақырып, басылым түрлері бойынша) ұйымдастыру

Электрондық библиографиялық өнімдерді жіктеу

Электрондық ресурстар және оларды оқу үрдісінде пайдалану

Электрондық ресурстарды архивтеу, сақтау және оның сақталуын қамтамасыз ету

Интернет электронды кітапханаларды қалыптастырудағы орта ретінде

Оқу орындары кітапханаларының Web-сайты

Штрихкодтау – автоматтан дырылған кітап беруді ұйымдастыру

Видеоэстафета

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика