Көпшілік іс-шаралар

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Печать

2019 жылдың 11қыркүйек  күні «Педагогика және мәдениет», «Филология» факультеттері, «Ауылшаруашылық ғылымдары» жоғары мектебі және 16 қыркүйек күні «Құрылыс және көлік», «Механика және мұнай газ» факультеттерінің студенттері мен оқытушыларының қатысуымен  №2,5,9 оқу залдарында Қазақстан Республикасының Президенті  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы халыққа Жолдауын түсіндіру бойынша іс-шара ұйымдастырылды.

 

 

«Жастар жылы - жастар көзімен»

Печать

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында – 2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялаған болатын.

Осыған орай 17.04.2019 жылы «Ауылшаруашылығы ғылымдары» жоғары мектебінің студенттерімен №9 оқу залында «Жастар жылы - жастар көзімен» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» әдеби сазды кеш

Печать

Ата-бабаларымыз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі 2019 жылдың 14 наурыз   күні Ақпараттық білім беру орталығының №1 оқу залында «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» тақырыбында әдеби сазды кеш атап өтілді.  №1 оқу залының кітапханашы А. Арыстанова оқытушыларды, кітапхана қызметкерлерін, студенттерді Ұлыстың ұлы күні саналатын Наурыз мерекесімен құттықтап кешті ашты. Наурыз көже пісіріліп, наурыз мерекесінде тағайындалатын дәмді тәтті тағамдар әзірленіп, мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Ұйымдастырылған іс-шараға «Химиялық инженерия және биотехнология» және «Ақпараттық технология және энергетика» жоғары мектептерінің студенттері қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

  

Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

Печать

12.03.2019 жылы  Ақпараттық білім беру орталығының №6 оқу залында  «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясындағы аударылған 19 оқулықты насихаттау бойынша «Филология » және «Педагогика және мәдениет» факультеттер  студенттермен өткізілді.  

 

Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

Печать

  01.03.2019 жылы  Ақпараттық білім беру орталығының «Елбасытану» ғылыми-әдістемелік  орталығында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясындағы аударылған 19 оқулықты насихаттау бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ – дың  колледж және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының тыңдаушыларымен  дөңгелек үстел өтті.  

 

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика