Көпшілік іс-шаралар

Ұлы даланың жеті қыры

Печать

22-23 қарашада 2018 жылы Ақпараттық білім беру орталығының «Елбасытану» ғылыми-әдістемелік  орталығында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы  талқыланды. Талқылауға АББО директоры Н.В. Рыбалкина, АББО бөлім меңгерушілері Х.К.Шамбулова, А.С.Куралбаева. АББО сектор меңгерушісі Б.А.Жұмабаева,  С.К. Балтабекова,  «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің  деканы М.К.Сейдахметов, «Халықаралық туризм және сервис» кафедрасының меңгерушісі А.Е. Есенова,  кафедра оқытушылары   Ж.А.Тилеукеев, М.Арапова және студенттер  қатысты.   Қатысушылар  өз ойларын ортаға салып,  Мемлекет басшысының бұл мақаласы тарихи сананы жаңғыртуға бағытталғанын және әрбір қазақстандықтар үшін маңызды екенін атап өтті.

Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық

Печать

2018 жылы 16 қазан күні ауылшаруашылық ғылымдары жоғары мектебінің студенттерімен  «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген алғашқы 18 кітабының талқылауы болып өтті. Іс-шараның басты мақсаты - студенттерді әлемдегі 100 ең әйгілі кітаптармен таныстыру, білімді ұрпақты әлемдік ақпараттық кеңістікке қосылу процесіне тәрбиелеу. Жобаны талқылауға М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Рухани жаңғыру» кеңсесінің директоры Жанысбекова Г.А.,  «Ауылшаруашылық ғылымдары» жоғары мектебінің деканы Жылқыбаев А.К.,  Мал өнімдерінің технология кафедрасының профессоры Қансейтов Т., аға тәлімгер Сейдиров Н.Р., АББО бөлім меңгерушісі Кулданбаева А.Н., АББО сектор меңгерушісі Шамбулова Х.К., АББО кітапханашысы Бименова С., ауылшаруашылық ғылымдары жоғары мектебінің студенттері мен оқытушылары қатысты. Студенттер ұсынылған кітаптардың мазмұнына талдау жасап, аударылған оқулықтар туралы өз пікірлерін білдірді.

alt

 

alt

Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру

Печать

Ақпараттық білім беру орталығының  «Елбасытану» ғылыми орталығында және оқу залдарында 10-12 қазанда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауын М.Әуезов атындағы ОҚМУ магистранттары мен студенттерінің арасында талқылау және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

    

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық»

Печать

2018 жылы 27 қыркүйек күні тоқыма және тамақ инженериясы жоғары мектебінің, басқару және бизнес жоғарғы мектебінің, заңтану және халықаралық қатынастар студенттері үшін «Елбасытану» ғылыми әдістемелік орталығында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген алғашқы 17 кітабының тұсаукесері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты жастарды «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында қолға алынған,  әлемнің ең үздік деп танылған 100 оқулығымен  таныстырып, әлемдік ақпараттық кеңістікке кіру барысында білімді ұрпақ тәрбиелеу, жастарға жаңашыл бағытта білім беру. Талқылау барысында жастардың «100 жаңа оқулық» жобасына назарын аудару, халық арасында мемлекеттік тілге аударылған оқулықтар мен оқу құралдарын насихаттау мәселелері көтерілді. Бүгінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының маңызын бүкіл қоғам терең түсініп, еліміздің рухани тәуелсіздігін нығайтатын стратегиялық құжат болып отыр.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық»

Печать

2018 жылы 19 қыркүйек күні филология факультеті мен педагогика және мәдениет факультетінің студенттері үшін Ақпараттық білім беру орталығының оқу залында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген алғашқы 17 кітабының тұсаукесері бойынша оқырмандар конференциясы өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты студенттерге қазіргі қоғамдағы өмірдің күрделі құбылыстары мен процестерін, олардың мәні, мазмұны, даму динамикасын түсінуге көмектесу болып табылады. Осы ұсынылған әдебиеттерді саналы түрде өздерінің оқу және ғылыми қызметінде пайдалануды көздейді. Сондай-ақ, университеттің ғалымдары мен студенттері ұсынылған кітаптардың мазмұнына талдау жасап, аударылған оқулықтар туралы өз пікірлерін білдірді.Талқылау барысында жастардың «100 жаңа оқулық» жобасына назарын аудару, халық арасында мемлекеттік тілге аударылған оқулықтар мен оқу құралдарын насихаттау мәселелері көтерілді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» жобасы маңызды міндеттерді шешуге - гуманитарлық білімнің жаңаруына бағытталғанын атап өтті. Алғаш рет әлемнің зияткерлік қоры біздің азаматтарымызға қазақ тілінде қол жетімді болды.

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика