Көпшілік іс-шаралар

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»

Печать

Ақпараттық білім беру орталығының «Елбасытану» ғылыми-әдістемелік  орталығында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясындағы аударылған 18 оқулықты насихаттау бойынша дөңгелек үстел өтті.  Іс-шара «Рухани жаңғыру» облыстық  жобалық кеңсесі және Ақпараттық білім беру орталығы ұйымдастыруымен өткізілді. Жиынға Ректордың аппарат жетекшісі Д.С.Сабырханов, АББО директор орынбасары Н.В.Рыбалкина, АББО  бөлім меңгерушісі Г.К. Мыңбаева, АББО сектор меңгерушісі  Х.К.Шамбулова, «Философия және мәдениеттану» кафедрасынан ф.ғ.к., доцент Т.А.Сүлейменов, С.С.Қорғанова, «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасынан т.ғ.к. Н.Е.Тажмуханова, «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасынан  ф.ғ.к.,  доцент А.Б.Қалшабек,  «Экономика» кафедрасынан э.ғ.к., доцент Д.А. Құттыбаева, «Психология және дефектология»  кафедрасынан п.ғ.к.,   доцент  А. Нурлыбекова және студенттер қатысты. Жиынның мақсаты «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша философия, әлеуметтану, психология, экономика және басқа да пәндер бойынша әлемдік ойлардың алтын қорына енген еңбектерден аударылған 18 оқулықты насихаттау. Жиын барысында ғалымдар, оқытушылар аударылған оқулықтарға қатысты өз пікірлерін білдіріп, аталмыш еңбектерді дәріс беруде қолдану жайлы да кеңінен  айтылды.

«Тәуелсіздік дәуірі»

Печать

Ақпараттық білім беру орталығының «Елбасытану» ғылыми-әдістемелік  орталығында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын насихаттау «Адами капиталдың жаңа сапасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Жиынға АББО директор орынбасары Н.В.Рыбалкина, АББО сектор меңгерушісі  Х.К.Шамбулова, АББО кітапханашылары: А.И.Икласова, А.Жамантаева, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының меңгерушісі А.Е.Есеналиев және кафедра мамандары: С.Б.Аблаев, Т.Л.Құрманбаева, Э.М.Турегелдиева, Н.Б.Баймаханов, Е.Ә.Әмірхан, «Халықаралық қатынастар және кеден ісі» кафедрасының оқытушысы Г.Батырбекқызы, «Философия және мәдениеттану» кафедрасының оқытушысы Т.А.Сулейменов, ТІ және ЖСД директоры  Е.Р. Байқонысов қатысты. Жиынның мақсаты Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын насихаттау және талқылау. «Тәуелсіздік дәуірі» кітабына слайд көрсетілді және кітап бойынша баяндамалар оқылып, пікірлер айтылды. Жиынның соңы Елбасының еңбектеріне арналған кітап көрмесіне шолу жасаумен аяқталды.

 

Президенттің бес әлеуметтік бастамасы және қоғамдық сананы модернизациялау

Печать

Ақпараттық білім беру орталығының «Елбасытану» ғылыми-әдістемелік  орталығында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы және қоғамдық сананы модернизациялау» атты онлайн-конференциясы өтті.  Жиынға АББО директор орынбасары Н.В.Рыбалкина, АББО сектор меңгерушісі  Х.К.Шамбулова, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының меңгерушісі А.Е.Есеналиев және кафедра мамандары С.Б.Аблаев, Т.Л.Құрманбаева, К.Қ.Утеева, Э.М.Турегелдиева, Н.Б.Баймаханов, Е.Ә.Әмірхан қатысты. Жиынның мақсаты Президенттің бес әлеуметтік бастамасын түсіндіру және талқылау. Конференцияға қатысушылар Мемлекет басшысының бес жаңа әлеуметтік бастамасы әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын одан әрі жақсартуға бағытталғанын және әрбір қазақстандық отбасы үшін маңызды екенін атап өтті.

 

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері

Печать

Ақпарат білім беру орталығының «Елбасытану» оқу залында  Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауына қолдау көрсету мақсатында жиын өтті. Жиынға  АББО сектор меңгерушісі Б.А.Жұмабаева, АБО кітапханашысы А.И.Икласова,  «Басқару және бизнес» жоғарғы мектебінің студентері қатысты. Қытысушылар Елбасы қойған міндеттерді қолдап, оны орындау әр азаматтың патриоттық парызы, жауапкершілігі екенін атап өтті.

Бір ел - бір кітап

Печать

Ақпарттық білім беру орталығының  №5 оқу залында (8 ғимарат) «Бір ел - бір кітап» акция шеңберінде таңдалған қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамарсұлу» романын талқылауға «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Театралдық және эстрадалық шығармашылық» кафедрасының студенттері мен оқытушылары қатысты. АББО бөлім меңгерушісі іс-шараны ашып берді. С.Торайғыровтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы презентацияны АБО сектор меңгерушісі Х.Қ. Шамбулова таныстырды. «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Омаров Нұрлыбек жазушының шығармаларына баяндама жасады. Мәлік Нұрболат, Арыстанова Жансая болды. Исабек Әзімхан, Байырқұл Балжан, Сүйінбек Ақерке, Фараби Бақытжанұлы, Сүюнов Қазыбек «Қамарсұлу» романындағы көтеріп отырған мәселеге тоқталып, өз пікірлерімен бөлісті. «Театралдық және эстрадалық шығармашылық» кафедрасының оқытушысы Нұрсұлтанов Бекзат дайындаған көрініске Сүюнов Қазыбек, Асанбек Сұлтан, Орынхан Ербол, Толыс Сымбат «Қамарсұлу» романындағы кейіпкерлердің рөлдерін сомдады. Ақынның шығармалары ұсынылған «кітап көрмесі оқырмандарға ұсынылды. Акция соңында белсенді қатысқан студенттер марапатталынды.  

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика