Көпшілік іс-шаралар

«Мұхтар Әуезов - қазақтың ұлы жазушысы»

Печать

Ақпараттық білім беру орталығының №5 оқу залында  М.Әуезовтың 120 жылдық мерейтойына арналған «Мұхтар Әуезов - қазақтың ұлы жазушысы» атты оқырмандар конференциясы өткізілді. Іс-шараға АББО бөлім меңгерушісі Ж. Ережепова, АББО сектор меңгерушісі Р.Тасболатова, АББО Н.Сәулешова, Қ.Усенкулова, К.Еркеқараева, Ж.Якипова, ф.ғ.к.доцент Қ.Тұрдыбай, «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Мәдени тынығу және әлеуметтік жұмысы» кафедраларының  оқытушылары мен студенттері қатысты. М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы слайд көрсетілді. Исабек Әзімхан, Бағзатхан Еңлікхан, Әбіл Фарида, Мәлік Нұрболат, Захидова Лабор жазушының шығармаларына талдау жасады. Сейітов Сүндет, Сүйінов Қазыбек ұлы жазушыға арналған өлеңдерін тарту етті. Белсенді қатысқан студенттер марапатталынды. Конференция аясында М.Әуезовтың шығармалары қойылған «Ұлттық ұлағатты ұстанушы» атты кітап көрмесі оқырмандарға ұсынылды.

"Нұр себеле–нұр наурыз"

Печать

Ақпараттық білім беру орталығының бас оқу залында  Наурыз мейрамына  арналған  «Нұр себеле – нұр наурыз» атты әдеби-сазды кеші өткізілді. Мерекелік кешке АББО бөлім меңгерушілері Г.Мынбаева, А.Кулданбаева, Ж. Ережепова, АББО сектор меңгерушілері  Б.Жумабаева, Х.Шамбулова,  АББО кітапханашылары А.Икласова, А.Арыстанова,  Э.Кулумбетова және  университеттің студенттері мен оқытушылары қатысты. Әдеби кеште наурызға байланысты  бейнеролик көрсетіліп, қазақтың дәстүрінен қыз ұзату  көрінісі көрсетілді. Кеште студенттер наурыз туралы өлеңдер оқыды және күй тартылып, би биленіп,  әндер шырқалды. Белсенді қатысқан студенттер марапатталынды.

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

Печать

Ақпараттық білім беру орталығының №5 оқу залында  Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына қолдау көрсету мақсатында жиын өтті. Жиынға «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының меңгерушісі Г.Отарбаева, оқытушылары К. Рахымжан, Г.Аманбек, Г.Нарымбет, «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушысы Г.Тілеуқулов, АБО бөлім меңгерушісі  Ж.Ережепова, кітапханашысы Н.Саулешова, ПИК-16-3к, ПИК-16-3р, ПИК-16-5к, ФИ 16-1к тобының студеттері қатысты. Қатысушылар Елбасы қойған міндеттерді қолдап, оны орындау әр азаматтың патриоттық парызы, жауапкершілігі екенін атап өтті. 

"Мақтанышым, Қасіретім –Желтоқсан"

Печать

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мақтанышым, Қасіретім –Желтоқсан» атты әдеби-кеші №4 оқу залында (7 корпус) Ақпараттық білім беру орталығы мен «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің  аға тәлімгері Г.Малғайдарованың  ұйымдастырумен өтті.  Іс-шараға «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің  деканы  Жолдасбеков Ә., факультет аға тәлімгері Малғайдарова Г.,  АБО бөлім меңгерушісі Ережепова Ж., кітапханашылар Бөлет Г., Қауынбаева Ә. және студенттер қатысты.Іс-шараның мақсаты: студенттерді тәуелсіздік ұғымдарының тарихи маңызын түсіне білуге, туған халқының тарихын құрметтеуге,  отансүйгіштікке баули отырып, патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Фк-13-3к1, Фк 13-3к2 тобының студенттері дайындаған концерттік бағдарламаны  қатысушыларға тарту етті. АБО сектор меңгерушісі Х. Шамбулова белсенді қатысқан студенттерді мақтау қағаздарымен марапаттады. Кеш соңында  «Желтоқсан — тәуелсіздік бастауы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

«Тәуелсіздік – азаттықтың алтын діңгегі»

Печать

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – ең басты құндылық» атты әдеби - музыкалық кеш №5 оқу залында «Жалпы педагогика және музыкалық білім» кафедрасының аға оқытушысы Ф.Танкешованың ұйымдастыруымен өткізілді. «Педагогика  және мәдениет» факультетінің студенттері, «Жалпы педагогика және музыкалық білім» кафедрасының оқытушылары: Ф. Танкешова, Н.Фаттахова, С.Естемесова, С.Елғонова, Г.Тлевлиева, АБО қызметкерлері қатысты. ПИК-16-1К тобының студенттері: Бахтов Фархад пен Жәнібек Сұлтанның орындауында «Атамекен» әні, Ағабек Бақдәулеттің орындауында «Ұлы дала» әні, Әбдіманап Әсел мен  Әсемнің орындауында «Туған жер» әні, Сраил Гүлбанудың орындауында «Испан» биі, Мажитова Ақерке, Дүйсенова Ұлдана, Жаппарова Сандуғаштың орындауында «Ерке сылқым» күйі, Орынбек Ардақтың орындауында «Терме», Әбдіманап Әсел мен  Әсемнің орындауында «Астана» әні, Жан Нұрманның орындауында «Жүрегім қазақ» әні, Ағабек Бақдәулеттің орындауында «Байтақ елім» әні, Шындаулетова Меруерттің, Шардарбек Әкімнің орындауында «Қазақстаным» әндері шырқалды.

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика