Көпшілік іс-шаралар

«Елдік пен еркіндіктің жаршысы»

Печать

 Таяуда ОҚМУ-нің Ақпарттық білім беру орталығының  №5 оқу залында «Бір ел – бір кітап» акция шеңберінде  таңдалған   қазақтың  кемел ақыны Дулат Бабатайұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында «Елдік пен еркіндіктің жаршысы»  атты дөңгелек үстеліне білім ордасының оқытушылары мен студенттері қатысты. Іс-шараның мақсаты – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген кемел ақын Дулат Бабатайұлының шығармаларының өміршеңдігін, маңыздылығын, келер жас ұрпаққа түсіндіру. Дөңгелек үстелді АБО бөлім меңгерушісі Ережепова Ж. ашып берді. «Абайтану» оқу орталығының  ф.ғ.к., доценті Қалдыбаев Т. ақынның өмірі мен ақындық ерекшелігіне баяндама жасады. ФИ 15-10к1 тобы студенті Қошқар  Н. Дулат ақынның өмір деректер, ПИК 14-15к3 тобының студенттері Төлегенов А., Зиябек Ж. «Шаштараз» дастанынан сахналық көрініс, ФИ 15-10к1 тобының студенттері Умирзақова Г., Ержігіт А. тәрбие қағидаларын уағыздаған толғаулары, Иса Б., Ергешова С. өлеңдерін орындады. Дулат Бабатайұлының шығармашылығы туралы «Елдік пен еркіндіктің жаршысы» атты  кітап көрмесі оқырмандарға ұсынылды. Акция соңында белсенді оқырмандар  алғыс  хаттар  мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

“Бақытың да, байлығың да – Денсаулық”

Печать

2016 жылдың  7 сәуір күні Ақпараттық білім беру орталығың  №4 оқу залында  «7-cәуір – Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау» күніне «Бақытың да, байлығың да - Денсаулық» атты  пікірталасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру. Жиынға ТІж/еЖСД  бас маманы Г.Орынбекова, «Дене тәрбиесі және спорт» факультеттің аға тәлімгері Г.Малгайдарова,  АБО сектор      меңгерушісі Х.Шамбулова,  АБО қызметкерлері К.Бөлет, Ә. Қауынбаева, ОҚМУ-нің аға тәлімгері С.Бейсенов, Шымкент қалалық туберкулезге қарсы диспансерінің өкілі Ш. Қаттабекқызы, Шымкент қалалық Орталық емхананың дәрігерлері: дерматолог Л.Узбекова, терапевт Н.Алимбетова, гинеколог З. Есқараева, ФК факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Жастарға білікті дәрігерлер созылмалы инфекциялық ауруларға қарсы күресу  туралы  баяндама жасап, өз денсаулығын нығайту және сақтау мәселелері бойынша бейнероликтер  көрсетілді. Жиынға арнайы «Денсаулық - зор байлық» атты кітап көрмесі қойылды.

 

Наурыз - Ұлыстың ұлы күні

Печать

2016 жылдың 29 наурызында Ақпараттық білім беру орталығының №1 оқу залында   22 наурыз мейрамына  арналған  «Наурыз - Ұлыстың ұлы күні»  атты әдеби-сазды кеші №1,2,6 оқу залыдарының  ұйымдастыруымен өткізілді. Мерекелік кешке  Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры Е.Байқонысов , «ХИж/еБТ» ЖМ деканы  А.Болысбек, «ХИж/еБТ» ЖМ деканының  орынбасары О.Байысбай, ОҚМУ аға тәлімгері С.Бейсенбаев, «Тж/еТИ» жоғарғы мектебінің  аға тәлімгері Қ. Исабаев, АБО сектор меңгерушілері К.Молдасейтова, Х. Шамбулова, А.Б. Жұмабаева, АБО кітапханашылары С.Саткинбекова,  С.Есдаулетова, студенттік ректор Т.Есжан, университеттің студенттері мен оқытушылары қатысты. Кештің мақсаты: қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Мерекелік кеш барысында келген қонақтар мерекемен құттықтап, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. «Тж/еТИ» ЖМ студенттерінің дайындаған концерттік бағдарламасы көпшіліктің көңілінен шықты. Мерекелік кешке арнайы дастархан жайылды. Белсенді студенттер мақтау қағаздарымен марапатталынды.                                                                                                                                                                                                                              

«Қайталанбас дара тұлға - Мұқағали»

Печать

2016 жылы ақпан айының 25 жұлдызында Ақпараттық білім беру орталығының  Бас  оқу залында  Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған   «Қайталанбас дара тұлға - Мұқағали» атты әдеби-шығармашылық  сайысы өтті .Сайысты бағалауға  АБО  бөлім меңгерушілері Г.Мыңбаева , Ж. Ережепова, АБО сектор меңгерушілері Б.Жұмабаева, Х.Шамбулова , «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының  ф.ғ.к. доценті Қ.Оразбаев ,ТжТИ жоғарғы мектебінің аға тәлімгері Қ.Исабаев қатысты. Іс-шараның мақсаты Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын  жастар арасында кеңінен насихаттау. Үміткерлер үш бөлімнен сайысқа түсті: Бірінші бөлім – Поэзияларын мәнерлеп жатқа айту; Екінші бөлімі -М.Мақатаевтың сөзіне жазылған ән шырқау; Үшінші бөлімі -Ақынға арнап  шығарған өлеңдерін оқу. Үміткерлер Мұқағалидың өрнекті өлеңдерін мәнерлер оқып, жүректен жүрекке жеткізе білді, олар үшін бұл Мұқағали танудағы тағы бір танымдық кеш болды. Осы үш бағытта өнер көрсеткен 25 студенттердің арасынан орынға ие болғандар: Нұрғазы Нүркен (ФИ) бас жүлдені, Балабек Толғанай (ПИК), Байсейіт Шерхан (СМ)  бірінші орынды, Базарбаева Ақтолқын (ЭФ), Әбдіманап Қазыбек (ФИ) , Асқарова Қарлығаш (ИП) екінші орынды, Созақбай Айбек, Тұрсыналиева Қимат (ЖТ), Орынбасар Жасұлан (ЭФ) үшінші орынды иеленді және арнайы дипломдармен марапталынды. Жалғасбек Жансұлу, Досанова Меруерт, Әмірхан Әйгерім, Әбдікерім Нұрбек, Қамбар Есбол  ынталандыру  сыйлықтарын  иеленді.  

«Ермек Серкебаев - опера өнерінің дүлдүлі»

Печать

2016 жылы ақпан айының 23 жұлдызында Ақпараттық білім беру орталығының №5  оқу залында Қазақстанның әйгілі опера әншісі Ермек Серкебаевтың 90 жылдығына арналған «Ермек Серкебаев - опера өнерінің дүлдүлі» атты әдеби - музыкалық кешті Ақпараттық білім беру орталығы мен «Жалпы педагогика және музыкалық білім» кафедрасның аға оқытушысы Ф.С.Танкешованың ұйымдастыруымен өткізілді. Музыкалық кешке «Жалпы педагогика және музыкалық білім» кафедрасының меңгерушісі Л.Булетова, ТІжЖСД маманы А.Байырова, АБО бөлім меңгерушісі Ж.Ережепова, АБО сектор меңгерушісі Х.Шамбулова және «Педагогика және мәдениет» факультетінің студенттері  қатысты. Әншінің өмірі мен шығармашылығы туралы слайд көрсетілді. Кеш барысында Е.Серкебаевтің орындауында «Алма-Ата моя», «Надо мной небо синее», «Слушай» әндері тыңдалды. 3-курс студенті Е.Есиркеповтың орындауында Дж.Россинидің «Севильский цирюльник» және Е.Бурсиловскийдің «Ер Тарғын» ариясы, «Жалпы педагогика және музыкалық білім» кафедрасның оқытушысы С Елғонованың орындауында халық әндері «Илигай» және А.Даргомыжскийдің «Юноша и дева»  романсы, студенттік хордың орындауында «Кестелі орамал» халық әні концертмейстер З.Надированың сүйемелдеуімен шырқалды. Кештің қонақтары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Белсенді қатысқан студенттер мақтау қағаздарымен марапаталынды. Келушілердің назарына «Ермек Серкебаев - опера өнерінің серкесі» атты кітап көрмесі ұсынылды.

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика