Көпшілік іс-шаралар

«ҚАҺАРМАН ҰРПАҚҚА ТАҒЗЫМ»

Печать

      2015 жылдың мамыр айының 6 жұлдызында   №8 ғимаратта  орналасқан  Гуманитарлық  мамандықтарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ж. Ережепова мен техникалық оқу залдарының сектор  меңгерушісі Б.Жумабаеваның  ұйымдастыруымен  №5 оқу залында , «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к.  Н.Омаров, Филология  факультетінің студенттік деканы Б.Ахмет,  «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы  Т.Есжан, АТжЭ жоғары мектебінің студенттік  деканы Әбдікәрім Бегайдар, ФИ-13-1К1, ФИ-13-1К2, ФИ-13-2Р,  ИП-14-7к1, ИП-14-6к2 , ХИжБ жоғары мектебінің  ММГ-12-9к топтарының  қатысуымен Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған  «ҚАҺАРМАН ҰРПАҚҚА ТАҒЗЫМ» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Ұлы Отан соғысындағы  ерлердің ерліктері жайлы, даңқты қолбасшы Б. Момышұлы,  Қаһарман қазақ қыздары, Кеңес Одағының Батырлары  М.Мәметова, Ә.Молдағұлова және басқа да соғыс ардагерлері жайлы әңгіме қозғалып,  жастарды Отан сүйгіштікке, ержүректікке тәрбиелейтін, бойларында  патриоттық  сезімдерін оятатын мағыналы өсиеттер айтылды.  

«Қазақ музыка өнерінің майталмандары»

Печать

      2015  жылдың  10 сәуірде  Ақпараттық білім беру орталығының №5  оқу залында Қазақтың көрнекті композиторлары Тәттімбет Қазанғапұлына  200 жыл,Евгений Брусиловскийге 100 жыл, Нұрғиса Тілендиевтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ музыка өнерінің майталмандары» атты  әдеби-музыкалық  кеш «Музыкалық өнер» кафедрасының аға оқытушысы Ф.С.Танкешованың ұйымдастыруымен өткізілді. «Педагогика және мәдениет» факультетінің оқытушылары мен студенттері  қатысты.  Кеш барысында қазақтың күйлері мен халық әндері: Тәттімбет Қазанғапұлы «Саржайлау», «Сылқылдақ» күйін домбырада Смағүл Хамза орындады. Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу», «Әлғисса», «Әке туралы жыр», «Құстар қайтып барады», «Алатау» әндерін  ПИК14-1к2 тобының студенттері орындады. Евгений Бурциловскийдің «Қыз жібек» мен «Гәкку» ариясын  тыңдалды. Кеште «Қазақ өнерінің өшпес жұлдыздары» атты кітап көрмесі қатысушыларға ұсынылды. АБО сектор меңгерушісі Х.Қ. Шамбулова   белсенді студенттерді мақтау қағаздарымен марапаттады.

«Оңтүстіктің мәдени мұралары»

Печать

      17 сәуір күні Ақпараттық білім беру орталығының №5 оқу залында Ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғаудың халықаралық күніне орай «Бабалар мұрасы – болашақтың баға жетпес рухани байлығы» атты дөңгелек үстел болып өтті. ОҚО мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталық» МКҚК директоры К.Мақұлбаева, «Аталар сөзі» газетінің бас редакторы Қ.Нұрмашұлы, «Заңнама» газетінің бас редакторы А.Мамыт, «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі С. Кәрібаев, «Қазақстан тарихы» аға оқытушысы А.Қабыл, магистранттар және студенттер қатысты. Жиында тақырып бойынша баяндамалар тыңдалып, қазіргі жай-күйі талқыланды. Қатысушылардың назарына «Мәдени мұра-елге мирас» атты кітап көрмесі ұсынылды.

«Армысың, әз Наурыз!»

Печать

      2015 жылдың 19-наурызында Ақпараттық білім беру орталығының бас ғимаратының оқу залында № 6 оқу залымен «Т ж/е ТИ » ЖМ студенттік деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрмаш Арманның ұйымдас-тыруымен «Армысың, әз Наурыз!» атты әдеби - сазды кеші өткізілді. Мерекелік кешке «ЖӨБТж/е К» кафедрасының доц. т.ғ.к. Ғ.Д. Қайранбеков, «Т ж/е ТИ»ЖМ аға тәлімгері Қ. Исабаев, АБО әдіскері Г. Мыңбаева, АБО сектор меңгерушілері Х. Шамбулова, А.Б. Жұмабаева, У.Қ. Ерденова, АБО кітапханашылары, «Тж/е ТИ» ЖМ студенттік деканы Қажым Ералы, ЖТ, СМ, ЮМ, ИП факультеттерінің студенттері қатысты. Мерекелік кеш барысында Қамбар Есбол мен Жорабекова Жанеркенің жүргізушілігімен «Қоғамдық кәсіптер» факультетінің тартқан күйлері, «Аружан» би тобының билері, Өтеулі Қарлығаш пен Досхан Гүлназдың «Бесікке салу», «Тұсау кесер» рәсімдерін жасауы көпшіліктің көңілінен шықты. Көркем сөз оқылып, ұлттық ойындар ойнатылды. Видеороликтер көрсетіліп, мерекелік кешке арнайы «Армысың,әз Наурыз!» атты кітап көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылды.

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол » атты жолдауын талқылау

Печать

      2015 жылдың 4 ақпанында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ақпараттық білім беру орталығының №5 оқу залында «Қазақстан тарихы» және «Жалпы тарих, археология және география» кафедраларының қатысуымен Елбасының жолдауын қолдау мақсатында Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол » атты жолдауы талқыланды. «Қазақстан тарихы» кафедрасының менгерушісі тарих ғ.к., доцент Карибаев Сарсебай Өскенұлы қатысып жолдаудың маңыздылығы, Елбасының көрегендігімен салихалы саясат жүргізіп, әлемдік дағдарысқа төтеп берудің алдын алу мақсатында жолдауда көрсетілген нақты жоспарлар туралы айтып өтті. «Нұрлы жол – кемел келешек кепілі» атты тақырыпта студенттер баяндамаларын оқыды.Жолдауда Елбасымыз жеті бағыт бойынша даму жолдарын қарастырып, жариялаған. Елбасымыз алда үлкен жауапты жұмыстар тұрғанын және жаһандық сынынан өту үшін Қазақстан халқының топтаса білу қажет екенін, барлық қазақстандықтар арасында сенімді нығайтуға тиіс екеніміз жолдауда нақтыланған.Сонымен қатар елдің сауаттылығына баса мән беріп, жас отбасыларға және мемлекеттік қызметкерлерге қамқорлық жасау мақсатымен қолжетімді баспана мәселесін, индустриялды-инновациялық бағдарламалар жөнінде, орта және шағын бизнесті қолдаудың арнайы іс-шаралары жайлы атап өтілді. Университет студенттері Жолдауды ынтамен, ықыластана тыңдап,өз пікірлерін білдіріп, ойларын ортаға салды.

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика