Әдіскер бетшесі

 

2014-2015 оқу жылына арналған АББО Әдістемелік кеңесінің жоспары көшіру

2013-2014 оқу жылына арналған АББО Әдістемелік кеңесінің жоспары көшіру

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 27 наурыздағы №249 бұйрығы бойынша ОҚМУ АБО Оңтүстік Қазақстан облысы білім беру жүйелері кітапханаларының ғылыми-әдістемелік және ақпараттық координациялық орталығы.

Ақпараттық  білім беру орталығының Кітапхананы дамыту бөлімі жұмысының негізгі бағыттары  кітапхана ісінің озық  іс-тәжірибелерін зерттеп, насихаттау және енгізу, ОҚО білім беру жүйесі кітапханаларының қызметін үйлестіру, кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіруді ұйымдастыру және әдістемелік көмек көрсету.

Кітапхананы дамыту бөлімінің кітап қоры әдістемелік әдебиеттермен толықтырылып отырады.

Олар: кітапхана ісі туралы жетекші материалдар, ҚР білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары, қаулылары, өкімдері; басқа кітапханалардың ұсыныстары мен әдістемелік материалдары; анықтамалықтар, терминологиялық сөздіктер мен библиографиялық басылымдар; кітапханатану мен библиография бойынша оқулықтар, оқу құралдары мен практикалық құралдар; ақпарат, кітапхана және баспа ісі жөніндегі мемлекеттік стандарттар.

Бөлім кітапхана қызметкерлерінің біліктілікті жетілдіру жүйесін жүзеге асырады:   Маман біліктілігін жетілдіру жүйесі  мынадай іс-шаралар түрін қамтиды: республикалық конференциялар мен облыстық семинарлар, қызметкерлерді аттестациялаудан өткізу, кәсіби конкурстар, тренинг-сабақтар, жас кітапханашылар мектебінің стажировкасы.

       ●  Кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру курстары;

       ●  Республикалық және облыстық семинар, конференцияларға қатысу;

       ●  АБО қызметкерлерін аттестациялау.

Баяндамалар:

Кітапханадағы тәрбие жұмысы

Ақпараттық білім беру орталығында электронды кітапхананы қалыптастыру мәселелері және болашағы

Электронды каталог мәліметтер базасы

Техникалық мамандықтарды мемлекеттік және ағылшын тілдеріндегі оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету

Мақала:

Үздіксіз кітапханалық білім алу үрдісі, кәсіби қарым-қатынас.

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика