ЕҚЫҰ туралы не білеміз?

Печать
Қазақстан алдағы жылы Еуропаның қауіпсіздік және ынты-мақтастық ұйымы - ЕҚЫҰ немесе орыс тіліндегі қысқарған атауын ОБСЕ деп алып жүрген халықаралық ұйымға төрағалық еткелі отыр. Ал, енді осы ұйым туралы не білеміз? Бүгінде әлем қауымдастығы тәуелсіздігін мойындап, елімізге осындай беделді халықаралық ұйымға төрағалық ету міндетін сеніп тапсырғалы отырғандығы баршамыз үшін үлкен мақтаныш екендігі даусыз. Бірақ, Қазақстан төрағалық еткелі отырған сол халықаралық ұйым туралы атын естігеніміз болмаса, затының не екендігін көбіміздің оншалықты біле қоймайтындығымыз жасырын емес.
Алғашқы кезде Еуропаның ын-тымақтастығы және қауіпсіздігі жө-нін-дегі кеңесі деп аталған бұл ұйымның негізі 1973 жылы, бұрынғы Ке-ңестер Одағының ұйтқысымен қа-ланғандығын біреу білсе, біреу білмейді. 1973 жылы шілде айында сол тұста қалыптасқан Шығыс пен Батыс елдері арасындағы шие-леніскен жағдайды қалыпқа түсіру үшін КСРО-ның ұйымдастыруымен Хельсинкиде 33 мемлекеттің басшылары бас қосқан еді. Міне, сол кезде басталған келісім-шарттың соңғы қортындысына 1975 жылы 1 тамызда Хельсинкиде қол қойыл-ды. Ол тарихқа «Хельсинки келісімі» деген атпен енді. Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы кеңесінің рес-ми құрылған кезі де сол 1975 жыл болып саналады.
Бүгінде бұл халықаралық ұйым-ға Еуропа мен Орта Азияның, Солтүс-тік Американың 56 мемлекеті мү-ше. Басты мақсаты - ел мен елдің арасындағы, елдердің өз ішіндегі шиеленістердің алдын алып, оның салдарын жою болып табылатын бұл халықаралық ұйым құрылған кезінен бастап әлемдегі бейбітшілікті сақтау ісіне зор үлесін қосып келеді.
ЕҚЫҰ-ның негізін құрушы басты құжат 1975 жылы әлемнің 33 мемлекеті қол қойған Хельсинкидегі қорытынды акт болып табылады. Бұл құжат сол кездегі Еуропа құрлығындағы қалыптасқан халықаралық жағдайды түпкілікті бекітуге және Батыс пен Шығыстың арасындағы қарым-қатынастардыңшиеленістерін шешу бағытындағы іс-қимылдарды одан әрі дамытуға жағдай жасауы тиіс болды. Онда кеңеске қатысушы елдердің өз-ара қарым-қатынастары мен ын-тымақтастықтарының нормаларын айқындайтын негізгі принциптері көрініс тапты. Ұйымның ерекшелігі оның әмбебап сипатында десе, асыра айтқандық емес. Еуропаның қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы ұйымы деп аталғанымен оған бұ-рынғы КСРО, сондай-ақ, АҚШ және Канада сияқты басқа құрлықтағы елдер де енді. Шешім қабылдаған-да ұйымға мүше елдердің тең құқықтылығы сақталады.
КСРО-ның құлауымен бірге Ба--тыс пен Шығыс арасындағы текеті-рес те жойылды. Бұрынғы қарама-қарсы бағыт ұстанған социалистік және капиталистік лагер елдері енді ұйымды Еуропа елдеріндегі шиеленісті реттейтін жалпыеуропа-лық ұйымға айналдыруға күш сала бастады. ЕҚЫҰ шеңберінде қол қо-йылған сол кездегі жаңа Еуропаны құруға негіз жасаған Париж хартиясы, «Еуропадағы ашық аспан» сияқты маңызды құжаттардан осы мақсат анық байқалды.
НАТО-ның Шығысқа қарай кеңеюі халықаралық жағдайға айтарлықтай әсерін тигізгендігі белгілі. Бірақ, бұл өзгерістер ЕҚЫҰ-ның халықаралық рөліне ешқандай да кері әсерін тигізе алмады. Ол шын мәнінде НАТО және Еуроодақпен тонның ішкі бауындай байланысқан ұйымға айналды. Сондай-ақ, оның шешімдері де Солтүстікатлантикалық альянс пен Еуроодақтың мүддесінен туындайтын мәселелермен ұш-тасып жататын.
КСРО-ның құлауы Хельсинки келісіміне қосылушы мемлекеттер санын көбейтіп қана қоймай, ЕҚЫҰ қарайтын мәселелер шеңберін онан әрі кеңейте түсті. Осыған орай ұйымның жаңа міндеттерді шешетін жаңа институттары құрылды. Дегенмен де, Еуропа құрлығындағы этникааралық қақтығыстарды бейбітшілік жолмен шешу және ондай жағдайлардың алдын алу - оның басты мақсаты болып қала берді.
ЕҚЫҰ-ның соңғы жылдардағы қызметіне назар аударып қарасақ,
алдына қойған мақсатын биік дең-гейде атқарып, әлем халықтарының алдында соншалықты үлкен бедел-ге ие болып жүрмегендігін байқауға болады. Мәселен, ЕҚЫҰ-ның Бос-ния мен Герцеговинаға қатысты міндеті жасалған шарттарға орай аймақта-ғы бейбітшіліктің орнығуы-на талдау болса, Косовада елдің шекаралық аумағын қалпына келтіріп, демо-кратия мен жариялылықтың дамуына ықпал жасау болды. Бұл екі жағдайда да шиеленісті тікелей шешумен НАТО айналысты да, ЕҚЫҰ-ның еншісіне екінші дәрежедегі мәселелермен айналысу тиді.
Ұйымның Закавказьедегі үлкен жетістігі ретінде Таулы Карабах шиеленісін шешу үшін Минскіде байланыс тобын құруын атап өтуге болады. Бұл топқа Англия, Германия, Ресей Федерациясы, АҚШ және Франция елдерінің өкілдері енді. Минск тобы 1993 жылы Баку мен Ереванға шиеленісті шешу жөніндегі жоспар кестесін ұсынды. Бірақ, ол Әзірбайжан мен Армения жағынан қолдау таппады. Тек 1994 жылы Ресейдің араағайындығымен ұрыс қимылдарын тоқтату жөніндегі ресми емес келісімге қол қойыл-ды. Бұл келісім күні бүгінге дейін сақталып отыр.
ЕҚЫҰ-ның басқарушы органы - Тұрақты кеңес болып табылады. Оған ұйымға мүше елдердің барлығының өкілдері енеді. Кеңес аптасына бір рет Венадағы «Хоф-бурт» конгресс-орталығында бас қосады. Оған қоса, ұйымның Форумы да бар. Ол да аптасына бір рет бас қосып, келелі мәселелерді талқылап шешімдер қабылдайды. Ал, ұйымның экономикалық форумы жылына бір рет шақырылады. Жоғары деңгейдегі кездесу немесе ЕҚЫҰ Саммиті - бұл ұйымға мүше елдердің басшыларының және үкімет басшыларының белгілі бір кезеңдерде кездесуі. ЕҚЫҰ құрылған кезден бері осындай жо-ғары дәрежедегі алты Саммит өткізілді. Олардың ішіндегі ең маңыздыларының қатарында 1975 жылғы ұйымның негізгі құжатын қа-былдаған Хельсинки саммиті, 1990 жылғы Жаңа Еуропа Хартиясына қол қойылған Париж саммиті, 1994 жылғы негізгі институционалдық құ-рылымдарды аяқтау жөніндегі ше-шім қабылданған Будапешт сам-миті және 1999 жылғы Еуропа қауіпсізді-гі жөніндегі қорытынды Хартияға қол қойылған Стамбул саммиті бар.
Ұйымның тағы бір маңызды инс-титуты - Сыртқы істер ми-нистрле-рі-нің кеңесі. Бұл кеңес не-гізінен жоғары дәрежедегі басқосулар болмайтын жылдарда өтіп отырады және жоғары деңгейлі басқосулар-ды дайындау мәселесімен айналысады.
ЕҚЫҰ-ның бюджеті 2009 жылы 185,7 миллион евроны құрады. Бюджет қаржысы ұйымға мүше елдердің төлеген жарнасы негізінде құралады. Ұйымның орталық аппаратында 370 адам қызмет істейді. Оған қоса, ұйымның түрлі жобалары мен миссияларын жүзеге асыруға қатысатын 1000-нан астам адам бар және ұйым өз миссиясын орындайтын елдерден тартылатын 2000-дай сол елдердің азаматтары да оның қызметіне ат салысады.