Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

Печать

 2019 жылы 26 қыркүйек күні Ақпараттық білім беру орталығының «Елбасытану» ғылыми-әдістемелік орталығында, Қазақстан Республикасының Президенті  Қ.К. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы халыққа Жолдауын түсіндіру және «Болашаққа Бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағыты бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де қоғамдық сананы жаңғыртудың жобалық кеңсесінің басшысы  Г.А.Жанысбекованың және «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің студенттері мен оқытушысы А.Ж.Дүйсенбекұлының, «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің аға оқытушысы Қ.Т.Бименовтің,  қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.