Референттер күні

Печать

21 қазанда ОҚУ-дің Ақпараттық  білім беру орталығында университеттің ақпараттық білім беру ортасын қалыптастыруға арналған, кітапхана қызметкерлерінің кафедра референттерімен кездесуі өтті.

АББО директоры Н.В.Рыбалкина жиналғандарды университеттің білім беру ресурстарына қойылатын талаптармен және оларға аккредиттеу кезіндегі сарапшылардың тексеруімен таныстырды. Ол ақпараттық-білім беру ортасын қалыптастыру бойынша кітапхана мен кафедралардың бірлескен күш-жігеріне, ОҚУ электронды кітапханасының ресурстарын неғұрлым белсенді пайдалану қажеттілігіне ерекше назар аударды.

Кітаппен қамтамасыз ету секторының меңгерушісі Л.Ж.Утегулова және әдебиеттер сатып алу секторының меңгерушісі Ж.Т.Тлеубаева кітапханада өткен 5 жылда жүзеге асқан ақпараттық-білім беру ортаның жаңару нәтижелері туралы референттерге ақпараттар берді.

Ғылыми-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі А.С.Куралбаева ОҚУ қызметкерлерінің мерзімді басылымдардағы ғылыми-педагогикалық жарияланымдарының әртүрлі екендігін айта отырып, барлық оқытушыларды оқу орнының жинақтарында басылған өздерінің жарияланымдары мен ғылыми мақалаларының электрондық нұсқасын ОҚУ электронды кітапханасына беруін өтінді.

Жаңа технология және электронды ресурстар бөлімінің қызметкері И.С.Спатаев, біздің ЖОО мүше болып табылатын Жоғары оқу орындары аралық электронды кітапханасының мүмкіндіктерімен таныстырды, өзіндік және сатып алынған дерек қорларын және оқу–білім беру контенттерін пайдалану жолдарын түсіндірді.

Қатысушылар арасында іс-шара тақырыптары бойынша көптеген сұрақтар қойылды, көтерілген мәселелер қызу талқыланды. Референттер алынған әдебиеттердің тізімдерін және т.б. ақпараттық материалдар алды, кафедралармен бірігіп жұмыс жүргізудің сапасын жақсарту мақсатында референттер чатын құруды шешті.

 

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика