Өмір жолы

Печать

2022 жылдың 3 наурызда  М.Әуезов атындағы ОҚУ Ақпараттық білім беру орталығының бас оқу залында «Заң» факультетінің  «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу»  кафедрасының  ЮМ-21-1к1  студенттерімен А.Байтұрсынұлының туылғанына 150 жыл толуына орай  «Өмір жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында  тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

«Заң» факультетінің  «Тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер» бойынша  декан орынбасары   Қ.Бименов, ЮМ-21-3к  тобының тәлімгері, магистр,  аға оқытушы М.Блашева  өз кезектерінде жастарға қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш - Орда өкіметінің мүшесі А. Байтұрсынұлы  жайында сөз қозғап, жастар да  өз ойларын  ортаға салды.