COWORKING

Печать
«COWORKING» орталығы ашылды
Ақпараттық білім беру орталығының ұйымдастыруымен университет студенттерінің бірлесе жұмыс жүргізу үшін қолжетімді жұмыс кеңістігін қалыптастыру, шығармашылық және ғылым жолындағы жастардың басын қосу мақсатында түрлі іс-шараларды өткізуге арналған COWORKING орталығы ашылды.
ФИ, ХТ, СМ, ЭФ, АП мамандықтарының студенттері мен «Айқап» оқырмандар клубы жастарының  қатысуымен, орталықтың ашылу салтанатында ҚР жазушылар Одағының мүшесі, журналист, жазушы Сабырбек Олжабай мен М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Әлеуметтік және тәрбие жұмысы» жөніндегі проректор Ербол Сармурзин тұсауын кесті. 
Коворкинг орталығының  беташар іс-шарасы ретінде ақиық ақын М.Мақатаевтың «Жырым көп менің әлі жазылмаған…» атты әдеби-сазды кешіне ұласты. 
«Журналистика және қазақ тілі» кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Л.К.Турабаева және «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Н.Т.Калбаева іс-шараға қатысқан студенттерге «кітап жарқын болашаққа жетелейтін ғылым мен білімнің, мәдениеттің қайнар көзі» екендігін айта отырып жастарды кітап оқуға шақырды, коворкинг орталығының жұмысына сәттілік тіледі.
Ақпараттық білім беру орталығының директоры И.Саурбаева іс-шараға қатысқан қонақтарға алғыс білдірді және студенттерді марапаттады.