«Әлем таныған –Елбасы»

Печать

      Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың қазақ елін дамыту, өркендету  жолындағы еңбегін бағалауға,Ұлт көшбасшысының сындарлы саясатының арқасындағы бүгінгі күннің  жетістіктерін жастарға  дәріптеу    мақсатында  28 қараша  күні  М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың  бас оқу залында Ақпараттық білім беру орталығы  мен «Жас отан» жастар қанатының  ұйымдастыруымен «Әлем таныған –Елбасы» атты дөңгелек үстелі  өтті.  Жиынға «Тәрбие ісі және жастар саясаты депертаментінің» білікті маманы Г.Орынбекова, «Жастар орталығының»  бас  маманы  А.Әбдікәрім, «Саясаттану» кафедрасының  оқытушысы  Қ.Бименов, АБО сектор меңгерушісі Х.Шамбулова,студенттік ректоры  С.Мырзатай, «Жас Отан» жастар қанатының  атқарушы хатшысы Д. Қалдыбеков, «Жас ақындар» клубының мүшелері мен білім ордасының жастары қатысты.  
       Әрбір студенттің дайындаған баяндамасында Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев­тың өмірі мен саяси қызметі, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлі, Қазақстан қоғамын жаңарту мен қайта құрудағы зор еңбегі туралы айтылды. Президент жайында слайдттар жасалып, «Әлем таныған –Елбасы» атты көрме ұйымдастырылды. Студенттер көрмеден елбасымыз жайындағы білімдерін, Президенттің елге сіңірген еңбегі, сындарлы саясаты жайында көптеген мағлұматтар алды. «Жас ақындар» клубының ақындары: Сүйінов Мейрамбек,  Жұмабай Гүлшырын  Елбасына  арнауларын оқыды. Белсенді қатысқан студенттер алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталынды.
      Расында да, Қазақстанды қазірде  бүкіл әлем мойындады. Найзаның ұшы, білектің күшімен ата-бабадан қалған елімізді бүгінде 22 жылға жуық басқарған  Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақ елінің туын көкке көтеріп, әлем танымастай етіп өзгертті. Елімізде  екінші рет тойланғалы отырған бұл мерекенің тарихы маңызы орасан зор екені айдан анық.