«Кітап және жастар»

Печать

      Кітап дегеніміз – адам психологиясына әсер ететін үлкен күш. Әр адамның дербес ойлануына, өзімен-өзі қалып сырласуына, сыртқы дүниемен көркем қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін бірден-бір құрал – кітап.   «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов.
        Қазіргі қоғамымыздың үлкен мәселесіне айналып отырған мәселе - қазіргі уақыттағы кітаптың, кітап оқудың мәртебесі төмендеуі жұртшылықты алаңдатады. «Кітап неге оқылмайды?», «Жастардың кітап оқу мәдениетінің төмендеуінің себептері неде және оның соңы неге әкеледі?»,- деген сұрақтың жауабын іздеу мақсатында  М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың №5 оқу залында Ақпараттық білім беру орталығы және «Мәдениеттану, әлеуметтік жұмыс және музей ісі»  кафедрасымен бірлесіп  ұйымдастырылған “Кітап және жастар” атты пікірталасы  университеттің кітапханашылары, оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен өтті.  Жиынды «Мәдениеттану, әлеуметтік жұмыс және музей ісі» кафедрасының меңгерушісі А.А. Жиенбекова  ашып берді. Пікірталасты  кафедраның аға оқытушысы Г.Қ. Қойшыгулова: «Ақпараттық мәдениетті қалай түсінесіз? Ақпараттық мәдениет керек пе, керек болса не үшін? Өз ақпарат мәдениетіңіз қандай деңгейде?» - деген сұрақтарды ортаға салды.Кафедраның оқытушысы Ұ. Е.Абуова «Қазіргі таңдағы оқырмандардың  ерекшелігі және оқу мәдениетін арттыру» тақырыбында ой қозғап, студенттердің   сұрақтарына  жауап берді.  Кафедраның  оқытушысы М. Т. Джаппарова: «Кітапханадағы ақпараттық технологиялар»  тақырыбында  оқырмандардың ақпараттық ресурстарға қолжеткізу үшін заманауи технологияларды пайдалана отырып, студент өзіне керекті ақпаратты  жедел тауып алу мүмкіндігіне, кітапхананың  электронды базаларына тоқталып өтті.

 «Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселелер - жастардың  әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру,  және кітап неге оқылмайды деген сұрақтың жауабын жан-жақты іздеу керек»,  - деп кафедраның оқытушысы Р.С.Лабенова қорытындылады. Студенттер: Ақбөпе  Махмудхан, Айғаным Муталиф, Айгерім Адилбаева,  Айжан Тілегендер ұшқыр ойларымен  пікірталасты  шыңдай түсті. АБО сектор меңгерушісі Х.Қ.Шамбулова қатысушыларға алғысын  білдірді.

       Жастарды  кітап оқуға ынталандыруда, оқу мәдениетін көтере отырып, көркем әдебиетті насихаттауда,  рухани өнегілікті бойына жинақтағаған  парасатты азаматтарды қалыптастыруда  Ақпараттық білім беру орталығы  өз үлестерін  қосып келеді.