ҚР мәдениет және өнер қайраткері, белгілі суретші Ануарбек Айдосовтың «Қазақ авангарды» атты кітабының тұсаукесері

Печать

        2014 жылы 13 қараша Ақпараттық  білім  беру  орталығының ұйымдастыруымен №254 мәжіліс залында   ҚР суретшілер одағының мүшесі, ҚР мәдениет және өнер қайраткері, белгілі суретші Ануарбек Айдосовтың «Қазақ авангарды» атты кітабының тұсаукесері  өтті. Жиынға Тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі ректордың кеңесшісі  Бейсенбаев Садыбек,Оңтүстік Қазақсан галлереясының директоры Оспанов Айнабек, ҚР белгілі суретшілері:  Шаржанов Араншы, Натбаев Жамбыл, Асан Байназаров, Бекенов Мухтар, «Қазақия» газетінің тілшісі Әбдісаттар Әліп , «Дизайн және сәндік өнер» кафедраның меңгерушісі Жолдасбекова Қарлығаш, «Бейнелеу өнері және кескіндеме» кафедраның аға оқытушысы Жартыбаева Жамиля және  студенттер қатысты.Танымал суретші Ануарбек Айдосовтың  өмірі және еңбек жолымен  , «Қазақ авангарды» атты кітабымен Х.Шамбулова таныстырды. Кітаптағы  берілген туындылар авангард бағытында модерн формасында: портреттік, абстракциялық, реалисттік, сюрреалисттік тақырыптар қамтылған. Әнуарбек Айдосовтың шығармаларынан қазақы рух, эстетика, салт-дәстүрді көруге болады. Әрбір салған суретінде ғарыштық  санамен байланысқан психологиялық және философиялық ой жатыр. Жиынға келген қонақтар «Қазақ авангарды» кітабы туралы  пікірлерін айтып, авторға  шығармашылық табыстар тіледі. Кітап тұсаукесеріне арнайы ұйымдастырылған автордың еңбектері «Ғасыр үні», «Құдағи жүзік» суреттері қатысушылардың назарына ұсынылды. Мәдени шараның соңында автор шәкіріттеріне кітаптарын сыйға тартты.