«Тағлымы мол тарихшы»

Печать

    2014 жылы 24 қарашада  Ақпараттық білім беру орталығының  электрондық ресурстар орталығында ұлағатты ұстаз, ғалым  Шамшия Абубакированың 100 жыл толуына орай «Тағлымы мол тарихшы»  атты дөңгелек үстелі өтті. Жиынға арнайы шақыртылған Шамшияның қызы Шолпан Абубакирова, Ақпарттық білім беру орталығының директоры М.Кукеева, Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры Р.Камалдинов, «Қазақстан тарихы» кафедрасының  меңгерушісі С.Карибаев, «Жалпы тарих, археология және география» кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты. Жиынды Шолпан Абубакирова құттықтау сөзімен  ашып, анасы туралы естеліктерге тоқталды. «Жалпы тарих, археология және география» кафедрасының аға оқытушысы Г.Жанысбаева, Н.Тажмуханова  ұлағатты ұстаз  Ш. Әбубәкірқызының өмірбаяны мен қоғамдағы атқарған еңбектері туралы  баяндамалар жасады. АБО директоры М.Кукеева жиынды қортындылап, келген қонақтарға кітаптарды сыйға тартты.

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика