«Қазақ музыка өнерінің майталмандары»

Печать

      2015  жылдың  10 сәуірде  Ақпараттық білім беру орталығының №5  оқу залында Қазақтың көрнекті композиторлары Тәттімбет Қазанғапұлына  200 жыл,Евгений Брусиловскийге 100 жыл, Нұрғиса Тілендиевтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ музыка өнерінің майталмандары» атты  әдеби-музыкалық  кеш «Музыкалық өнер» кафедрасының аға оқытушысы Ф.С.Танкешованың ұйымдастыруымен өткізілді. «Педагогика және мәдениет» факультетінің оқытушылары мен студенттері  қатысты.  Кеш барысында қазақтың күйлері мен халық әндері: Тәттімбет Қазанғапұлы «Саржайлау», «Сылқылдақ» күйін домбырада Смағүл Хамза орындады. Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу», «Әлғисса», «Әке туралы жыр», «Құстар қайтып барады», «Алатау» әндерін  ПИК14-1к2 тобының студенттері орындады. Евгений Бурциловскийдің «Қыз жібек» мен «Гәкку» ариясын  тыңдалды. Кеште «Қазақ өнерінің өшпес жұлдыздары» атты кітап көрмесі қатысушыларға ұсынылды. АБО сектор меңгерушісі Х.Қ. Шамбулова   белсенді студенттерді мақтау қағаздарымен марапаттады.