«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»

Печать

2016 жылы қаңтар айының 28 күні бас ғимараттың оқу залында  Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауына қолдау көрсету мақсатында жиын өтті. Жиынға АБО директоры  Д.М. Баймуханбетова,  ТІ және ЖСД директоры Е.Р.Байқонысов, әйелдер кеңесінің төрайымы Г.Орынбаева, «Экономика және қаржы» факультетінің  аға тәлімгері Ғ.Пазылов, СМ факультетінің  т.ғ.к.  М.Қамбаров, «Техникалық мамандықтарға арналған орыс тілі» кафедрасының оқытушысы М.Қожахметова, студ.ректоры  Т.Есжан, АБО сектор меңгерушілері Х. Қ.Шамбулова, Б.А.Жұмабаева, АБО кітапханашылары А.И.Икласова, В.Искакова, С. Саткинбекова,   университеттің оқытушылары мен студентері қатысты. Қытысушылар Елбасы қойған міндеттерді қолдап, оны орындау әр азаматтың патриоттық парызы, жауапкершілігі екенін атап өтті. Елбасының Жолдауы  жастар арасында  насихаттау, түсіндіру және қолдау мақсатында барлық оқу залдарында жиындар өтті.