«Тәуелсіздік – азаттықтың алтын діңгегі»

Печать

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – ең басты құндылық» атты әдеби - музыкалық кеш №5 оқу залында «Жалпы педагогика және музыкалық білім» кафедрасының аға оқытушысы Ф.Танкешованың ұйымдастыруымен өткізілді. «Педагогика  және мәдениет» факультетінің студенттері, «Жалпы педагогика және музыкалық білім» кафедрасының оқытушылары: Ф. Танкешова, Н.Фаттахова, С.Естемесова, С.Елғонова, Г.Тлевлиева, АБО қызметкерлері қатысты. ПИК-16-1К тобының студенттері: Бахтов Фархад пен Жәнібек Сұлтанның орындауында «Атамекен» әні, Ағабек Бақдәулеттің орындауында «Ұлы дала» әні, Әбдіманап Әсел мен  Әсемнің орындауында «Туған жер» әні, Сраил Гүлбанудың орындауында «Испан» биі, Мажитова Ақерке, Дүйсенова Ұлдана, Жаппарова Сандуғаштың орындауында «Ерке сылқым» күйі, Орынбек Ардақтың орындауында «Терме», Әбдіманап Әсел мен  Әсемнің орындауында «Астана» әні, Жан Нұрманның орындауында «Жүрегім қазақ» әні, Ағабек Бақдәулеттің орындауында «Байтақ елім» әні, Шындаулетова Меруерттің, Шардарбек Әкімнің орындауында «Қазақстаным» әндері шырқалды.