«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

Печать

Ақпараттық білім беру орталығының №5 оқу залында  Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына қолдау көрсету мақсатында жиын өтті. Жиынға «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының меңгерушісі Г.Отарбаева, оқытушылары К. Рахымжан, Г.Аманбек, Г.Нарымбет, «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушысы Г.Тілеуқулов, АБО бөлім меңгерушісі  Ж.Ережепова, кітапханашысы Н.Саулешова, ПИК-16-3к, ПИК-16-3р, ПИК-16-5к, ФИ 16-1к тобының студеттері қатысты. Қатысушылар Елбасы қойған міндеттерді қолдап, оны орындау әр азаматтың патриоттық парызы, жауапкершілігі екенін атап өтті.