Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық

Печать

2018 жылы 16 қазан күні ауылшаруашылық ғылымдары жоғары мектебінің студенттерімен  «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген алғашқы 18 кітабының талқылауы болып өтті. Іс-шараның басты мақсаты - студенттерді әлемдегі 100 ең әйгілі кітаптармен таныстыру, білімді ұрпақты әлемдік ақпараттық кеңістікке қосылу процесіне тәрбиелеу. Жобаны талқылауға М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Рухани жаңғыру» кеңсесінің директоры Жанысбекова Г.А.,  «Ауылшаруашылық ғылымдары» жоғары мектебінің деканы Жылқыбаев А.К.,  Мал өнімдерінің технология кафедрасының профессоры Қансейтов Т., аға тәлімгер Сейдиров Н.Р., АББО бөлім меңгерушісі Кулданбаева А.Н., АББО сектор меңгерушісі Шамбулова Х.К., АББО кітапханашысы Бименова С., ауылшаруашылық ғылымдары жоғары мектебінің студенттері мен оқытушылары қатысты. Студенттер ұсынылған кітаптардың мазмұнына талдау жасап, аударылған оқулықтар туралы өз пікірлерін білдірді.

alt

 

alt

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика