Көпшілік іс-шаралар

«Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір балашақ»

Печать

2014 жылы ақпан айының 5-күні Ақпараттық білім беру орталығының  №4 оқу залында  Елбасының Жолдауына қолдау көрсету мақсатында «Жаратылыстану- педагогикалық» факультетінің оқытушылары мен студенттерінің қатыстуымен жиын өтті. Жиында Ақпараттық білім беру орталығының қызметкерлері Х.Шамбулова, Ж.Ережепова, К.Бөлет, Жаратылыстану-педагогикалық факультетінің аға тәлімгер А.Палатбек, «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының  оқытушысы Ф.Дүйсебаева  Елбасының Қазақстан дамуының кемел келешегін сараптаған Жолдауына үлкен қолдау білдірді. 
       Тастемір Назерке, Серикова Сабина, Айтуғанова Ақмарал, Расулхан Ақнұр, Мамбеталиева Дильнура,Төрехан Елдос, Жолдыбек Алия сынды ЕП 13-1к1 тобының студенттері жолдаудың басым бағыттарына тоқталды. Жиынға қатысушылар  Ел­ба­сы­­мыз­дың ой-армандары мен жасампаз идея­ла­рын қолдап, сонымен бірге Мәңгілік елді бір­лесе құруға қашанда дайын екенін мәлімдеді.

«Мәңгілік Ел – ұлтымыздың ұлы болашағы»

Печать

      2014 жылы қаңтар айының 31 күні бас ғимараттың оқу залында  Елбасының Жолдауына қолдау көрсету мақсатында  «Мәңгілік Ел – ұлтымыздың ұлы болашағы» атты жиын өтті. Жиынға Ақпараттық білім беру орталығының директоры М.Кукеева, Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің мамандары Г.Орынбекова, Б.Ысқақбек, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Т.Есжан, студенттік ректор С.Мырзатай, «Бейнелеу өнері» кафедрасының профессоры Д.Кемешов, «Саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы Е.Байқонысов, АБО қызметкерлері мен университеттің студенттері қатысты. Жиында Өскенбай Айтмаханбет, Досыбаева Айша, Есенбай Маржан, Мамбетова Әсем, Алматова Айгерім сынды студенттер жолдаудың басым бағыттарына тоқталды. Студент жастар Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясын ыстық ықласпен қабылдап: «Елбасымыз айтқандай Қазақстанның болашағы – жастардың қолында. Сондықтан да Біз - жастар, ерекше белсенділік танытып, сапалы білім алып, білікті маман атанып, Мәңгілік Еліміздің гүлденуіне, Жолдаудағы барлық міндеттерін іске асыруға, сонымен қатар еліміздің отансүйгіш патриоттары болуға, барлығымыз бірге жұмылып Қазақстанның ең мәртебелі және дамыған мемлекет қатарына қосылу үшін, аянбай еңбек етеміз!», деп мәлімдеді.
          Елбасының Жолдауы  Ақпарттық білім беру орталығының жұмысына тың серпіліс беріп, жастар арасында  насихаттау, түсіндіру және қолдау мақсатында барлық оқу залдарында көптеген іс-шаралар өткізілуде.

 

«Әлем таныған –Елбасы»

Печать

      Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың қазақ елін дамыту, өркендету  жолындағы еңбегін бағалауға,Ұлт көшбасшысының сындарлы саясатының арқасындағы бүгінгі күннің  жетістіктерін жастарға  дәріптеу    мақсатында  28 қараша  күні  М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың  бас оқу залында Ақпараттық білім беру орталығы  мен «Жас отан» жастар қанатының  ұйымдастыруымен «Әлем таныған –Елбасы» атты дөңгелек үстелі  өтті.  Жиынға «Тәрбие ісі және жастар саясаты депертаментінің» білікті маманы Г.Орынбекова, «Жастар орталығының»  бас  маманы  А.Әбдікәрім, «Саясаттану» кафедрасының  оқытушысы  Қ.Бименов, АБО сектор меңгерушісі Х.Шамбулова,студенттік ректоры  С.Мырзатай, «Жас Отан» жастар қанатының  атқарушы хатшысы Д. Қалдыбеков, «Жас ақындар» клубының мүшелері мен білім ордасының жастары қатысты.  
       Әрбір студенттің дайындаған баяндамасында Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев­тың өмірі мен саяси қызметі, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлі, Қазақстан қоғамын жаңарту мен қайта құрудағы зор еңбегі туралы айтылды. Президент жайында слайдттар жасалып, «Әлем таныған –Елбасы» атты көрме ұйымдастырылды. Студенттер көрмеден елбасымыз жайындағы білімдерін, Президенттің елге сіңірген еңбегі, сындарлы саясаты жайында көптеген мағлұматтар алды. «Жас ақындар» клубының ақындары: Сүйінов Мейрамбек,  Жұмабай Гүлшырын  Елбасына  арнауларын оқыды. Белсенді қатысқан студенттер алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталынды.
      Расында да, Қазақстанды қазірде  бүкіл әлем мойындады. Найзаның ұшы, білектің күшімен ата-бабадан қалған елімізді бүгінде 22 жылға жуық басқарған  Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақ елінің туын көкке көтеріп, әлем танымастай етіп өзгертті. Елімізде  екінші рет тойланғалы отырған бұл мерекенің тарихы маңызы орасан зор екені айдан анық.

«Теңге - тәуелсіздік нышаны»

Печать

     2013 жылдың 14 қарашада  Ұлттық валюта - теңге күніне орай ОҚМУ-дің бас ғимаратының мәжіліс залында Ақпараттық білім беру орталығы мен «Экономика және қаржы» факультетінің ұйымдастыруымен  өткізілген «Теңге - тәуелсіздік нышаны» атты дөңгелек үстелі  университеттің  оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен өтті.

     Өзінің дербес валютасының болуы – әр мемлекеттің тәуелсіздігінің, экономикалық тұрақтылығының  бір белгісі. 1993 жылдың   15 қарашасы күні  Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізілгеніне  биыл - 20 жыл толды.

      Дөңгелек үстелге   Тәрбие ісі және жастар саясаты бөлімінің бастығы   Б.Мустафаев, «Экономика және қаржы» факультетінің деканы М. Қ. Сейдахметов, декан орынбасыры И.Д. Жалғасбек, э.ғ.д., профессор С.Ж.Жақыпбеков,  аға тәлімгері Ғ.А.Пазилов, ҚР  ұлттық банкінің бөлім бастығы А.Сауыртаев,АБО сектор меңгерушісі Х.Қ. Шамбулова, кітапханашы М.Арапбаева қатысты.  Іс-шара барысында теңге туралы баяндамалар, слайдтар көрсетілді. ЭФ 11-6к тобының студенттері Ерқұл Бекжан, Сейтқазы Данақазы теңгенің шығу тарихына тоқталды.            

    МЭФ 12-5к тобының студенті Зұлпыхар Бердешов  пікірталасты  жүргізіп отырды. Онда қаралған мәселер: кедендік одақ туралы, оның нарыққа әсері, теңгенің құндылығы жайында пікірлер айтылды. Айша Әзімбек, Бекжан Еркеқұл, Шамғон Иманали пікірталаста айрықша көзге түсті. Мерекелік іс-шара соңында құттықтау сөздер айтылып, ұйымдастырушыларға  алғыстарын  білдірді. Дөңгелек үстелге «Теңге - тәуелсіздік нышаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көпшіліктің назарына ұсынылды.

 

«Кітап және жастар»

Печать

      Кітап дегеніміз – адам психологиясына әсер ететін үлкен күш. Әр адамның дербес ойлануына, өзімен-өзі қалып сырласуына, сыртқы дүниемен көркем қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін бірден-бір құрал – кітап.   «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов.
        Қазіргі қоғамымыздың үлкен мәселесіне айналып отырған мәселе - қазіргі уақыттағы кітаптың, кітап оқудың мәртебесі төмендеуі жұртшылықты алаңдатады. «Кітап неге оқылмайды?», «Жастардың кітап оқу мәдениетінің төмендеуінің себептері неде және оның соңы неге әкеледі?»,- деген сұрақтың жауабын іздеу мақсатында  М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың №5 оқу залында Ақпараттық білім беру орталығы және «Мәдениеттану, әлеуметтік жұмыс және музей ісі»  кафедрасымен бірлесіп  ұйымдастырылған “Кітап және жастар” атты пікірталасы  университеттің кітапханашылары, оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен өтті.  Жиынды «Мәдениеттану, әлеуметтік жұмыс және музей ісі» кафедрасының меңгерушісі А.А. Жиенбекова  ашып берді. Пікірталасты  кафедраның аға оқытушысы Г.Қ. Қойшыгулова: «Ақпараттық мәдениетті қалай түсінесіз? Ақпараттық мәдениет керек пе, керек болса не үшін? Өз ақпарат мәдениетіңіз қандай деңгейде?» - деген сұрақтарды ортаға салды.Кафедраның оқытушысы Ұ. Е.Абуова «Қазіргі таңдағы оқырмандардың  ерекшелігі және оқу мәдениетін арттыру» тақырыбында ой қозғап, студенттердің   сұрақтарына  жауап берді.  Кафедраның  оқытушысы М. Т. Джаппарова: «Кітапханадағы ақпараттық технологиялар»  тақырыбында  оқырмандардың ақпараттық ресурстарға қолжеткізу үшін заманауи технологияларды пайдалана отырып, студент өзіне керекті ақпаратты  жедел тауып алу мүмкіндігіне, кітапхананың  электронды базаларына тоқталып өтті.

 «Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселелер - жастардың  әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру,  және кітап неге оқылмайды деген сұрақтың жауабын жан-жақты іздеу керек»,  - деп кафедраның оқытушысы Р.С.Лабенова қорытындылады. Студенттер: Ақбөпе  Махмудхан, Айғаным Муталиф, Айгерім Адилбаева,  Айжан Тілегендер ұшқыр ойларымен  пікірталасты  шыңдай түсті. АБО сектор меңгерушісі Х.Қ.Шамбулова қатысушыларға алғысын  білдірді.

       Жастарды  кітап оқуға ынталандыруда, оқу мәдениетін көтере отырып, көркем әдебиетті насихаттауда,  рухани өнегілікті бойына жинақтағаған  парасатты азаматтарды қалыптастыруда  Ақпараттық білім беру орталығы  өз үлестерін  қосып келеді.

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика