Көпшілік іс-шаралар

«Жауһар жырды жүрегінде тербеген»

Печать

        2014 жылы 3 ақпанда Ақпараттық білім беру орталығының №5 оқу залында    қазақтың көрнекті  ақыны Фариза Оңғарсынованың 75 жасқа толуына орай «Жауһар жырды жүрегінде тербеген»  атты әдеби-сазды кеші «Жас Ақындар»  клубының ұйымдастыруымен өтті.  
   Кешке белгілі айтыскер ақын Карима Оралова, «Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Қ.Оразбаев, АБО кітапханашылары,  «Филология» факультетінің студенттері  қатысты.  Аталған  іс-шараны факультеттің белсенді студенттері Г.Жұмабай, Қ.Жолдасбек жүргізіп, жас ақындар Ә.Алімжан, М.Кенжетайұлы поэзия падишасы Фаризаға арнау өлеңдерін оқыды.
    Ф.Оңғарсынова  лирикасы – қазақ әдебиеті майданындағы ұшан теңіз дүние.  Ақынның  мезгілсіз өмірден өтуі  бүкіл қазақ халқын тебірентті. Кеш барысында «Ғибратты ғұмыр» атты  арнайы дайындалған кітап көрмесі көрермендердің назарына ұсынылды.

«Бабалар сөзі - мәңгілік елдің тірегі»

Печать

          2014 жылы 12  наурызда Ақпараттық білім беру орталығының №5 оқу залында «Бабалар сөзі - мәңгілік елдің тірегі»  атты дөңгелек үстел өткізілді.    Жиынға ОҚМУ-дың  «Филология» факультетінің  деканы Б.Тілеубердиев, «Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Қ.Оразбаев, «Қазақ әдебиеті» кафедрасының   доценті  А. Қалшабеков, «Қазақ тіл білімі» кафедасының доценті Б.Бекетов, Гуманитарлық  зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері М.Миразов, АБО кітапханашылары, факультеттің студенттері мен магистранттары қатысты. Дөңгелек үстелді АБО сектор меңгерушісі Х.Қ. Шамбулова жүргізіп, «Бабалар сөзі - Мәңгілік елдің фольклоры» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
       «Мәдени мұра» бағдарламасының маңызды жобаларының бірі қазақ фольклорының барлық жанрлық және эстетикалық байлығы көрініс тапқан жүз томдық «Бабалар сөзі» жинағын «Фолиант» баспасында жарық көрді.  Жиынның мақсаты: халықтың сан ғасырлар бойы тірнектеп  жинап, ардақтап сақтап келген рухани аманатын, қазақ халқының мәңгілік мұрасын жинаған «Бабалар сөзінің» 100 томымен таныстыру, қалың жұртшылыққа насихаттап, ұлтымыздың мәртебесін арттыру болып табылады.

 

«Ел болашағы – тәрбиелі ұрпақ»

Печать

      2014 жылдың 21 ақпанында ОҚМУ-дың Ақпараттық білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Ел болашағы – тәрбиелі ұрпақ» атты дөңгелек үстеліне Тәрбие бөлімі және жастар саясаты департаментінің бастығының орынбасары  С.Шылманбетов, АБО сектор меңгеруші Х. Шамбулова, ОҚМУ-дың студенттік ректоры С. Мырзатай, студенттік декандар және белсенді студенттер қатысты.  Дөңгелек үстелге арқау болған негізгі тақырыптар қазіргі жаһандану кезеңінде жас ұрпақтың ұлттық болмыспен біте қайнасқан тұлғалық тұтастығын сақтап қалу, білім мен тәрбие сабақтастығы, жастар санасына  ұлттық рухтағы тәрбиені ұялату сынды келелі мәселелермен байланысты болды. Шара барысында «Ұлттық тәрбие - ұлттық мүддеміз», «Интернет және ұлттық тәрбие», «Жан-жақты мәдениетті тұлғаны қалыптастыру» тақырыбында баяндамалар тыңдалып, «Тәуелсіздік – біздің мақтанышымыз, біздің басты жетістігіміз», «Тіл – ұлт негізі» атты бейне ролик көрсетілді. Дөңгелек үстел соңында белсенді студент жастар өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алып, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.

Conversation club!

Печать

     21 ақпан күні  Әлем тілдер оқу залында Ақпараттық білім беру орталығы, Гуманитарлық және Техникалық мамандықтар үшін шет тілдер кафедраларының ұйымдастыруымен және американдық Зак Уилсон (Солтүстік Каролина, АҚШ) мен Эндрю Джоллидің қатысуымен ( Теннеси, АҚШ) «Conversation club» болып өтті. Клубтың мақсаты Сіздің  ағылшын тілін әрі қарай дамытуға мүмкіндік беру.  
 «Conversation club» әр жұма сайын сағат 14.00- де Әлем тілдер оқу залында өтеді. 213 каб.

«Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір балашақ»

Печать

       2014 жылдың  7 ақпанында Ақпараттық білім беру орталығының  №9 оқу залында Елбасының  Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір балашақ» атты Жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау, түсіндерме жұмысын жүргізу мақсатында талқылау болып өтті. Жолдауды талқылауға  «Агроөнәркәсіп» факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Жиында «Агроөнеркәсіп» факультетінің деканының орынбасары И.Тұтқышбай, факультеттің аға тәлімгері Н. Ермахан, АБО қызметкерлері  Х. Шамбулова, С.Бименова  Елбасы Жолдауын Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енудегі ұлттық стратегияның даму жолдарының, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейлерінің және экономикалық сапаның қалыптасуына зор серпін беретін өз уақытының өскелең құжаты деп атап көрсетті. Ш.Кырбасова, А.Онласын, Ж.Сапар, Г.Жаманкур, С.Ишанбаева, А.Кененбаева сынды студенттері жолдаудың басым бағыттарына тоқталды. Жиынға қатысушылар  Жолдауда қойылған талаптарды орындау мақсатында жастық жігерімен аянбай еңбек ететіндерін мәлімдеді.

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика