Көпшілік іс-шаралар

Ғылыми жарияланымдардың деректер базасымен жұмыс

Печать

2019 жылы 20 желтоқсанда ЖОО кітапханаларында кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді оңтайландыру және өзара тәжірибе алмасу мақсатында М.Әуезов атындағы ОҚМУ, М.Сапарбаев атындағы  ОҚГИ, А.Куатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, «Silkway» Халықаралық университеті, ХГТУ және ОҚМА кітапханалары қызметкерлерінің қатысуымен «Ғылыми жарияланымдардың деректер базасымен жұмыс» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды.  

Семинар-тренинге қатысушыларға сертификат тапсырылды.

 

Тәуелсіздік белесі – Ұлы арман кемесі

Печать

2019 жылдың 9-10 желтоқсанында университеттің №2 және №3 жатақханаларында (№11, №14 оқу залдары) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай , жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында, «Ауылшаруашылық ғылымдары»  және «Тоқыма және тамақ инженериясы»  жоғары мектептерінің студенттері мен оқытушыларының қатысуымен  «Тәуелсіздік белесі – Ұлы арман кемесі» және «Желтоқсан – Тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты әдеби сазды кештер ұйымдастырылды.

 

Референт күні

Печать

2019 жылдың 7 қарашасында Ақпараттық білім беру орталығы қызметкерлерінің, университеттегі кафедралардың референттерімен, кезекті кездесуі өтті. Семинарды ОҚМУ-нің оқу және оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректор К.С. Байболов ашып берді. Сонымен бірге, университеттегі оқу және ғылыми үрдіс барысында кафедра референтінің атқаратын рөлі маңызды екендігін, - атап көрсетті. Семинар барысында ақпараттық ресурстарға жылдам қол жеткізу үшін кафедралар мен кітапханалардың электрондық байланысы, жаңа әдебиеттерге өтінімдерді тіркеу, пәндерді кітаппен қамтамасыз ету көрсеткіштері, кафедралар бойынша кітапханаға қарызгер оқырмандарды талдау және т.б. мәселелер қаралды. АББО директоры Н.В.Рыбалкина кітапханадағы жаңа қызметтер мен оқытушыларға импакт-факторы бар журналдарда мақалаларды жариялауға көмектесу жолдары туралы айтты. Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету орталығының директоры Ш.Б.Тасыбаева референттерді «100 жаңа кітап» жобасы аясында алынған оқулықтардың білім беру бағдарламасы бойынша оқу жоспарына енгізілуімен таныстырды.

 

BookDating 2019

Печать

Біздің қаламызда, алғаш рет М.Әуезов атындағы ОҚМУ қабырғасында "Мұхтартану" ғылыми-зерттеу орталығында BookDating (өзіңмен сүйікті кітабыңды ал) – түрлі тақырыптағы және бағыттағы кітаптарды талқылау бойынша тиімді, заманауи және зияткерлік алаң ұйымдастырылды. Іс-шараға әр түрлі факультеттердің студенттері, «Ақиқат» және «Достық» жастар клубының белсенділері, оқытушылар мен АББО қызметкерлері жиналды. BookDating форматы бойынша іс-шара екі бөлімнен өтті. Іс-шараның бірінші бөлімінде ф.ғ.к.,профессор Т.Қалдыбаев ұсынған 3 кітап бойынша: М. Әбдәкімұлының «Ақпан батыр», М. Ауезовтың «Абай жолы» и Ғ. Мустафиннің «Қарағанды» романы туралы айтылды. АББО-ның сектор меңгерушісі  С. Балтабекова қатысушыларды Т.Қалдыбаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстырды.

Студенттерге кітап оқудың пайдасы мен осындай іс-шаралардың маңыздылығы туралы ф.ғ.к. Б.М.Бекетов, ф.ғ.к.,доцент А.Б.Қалшабеков, тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры С.А.Мәжінбеков, АББО директоры Н.В.Рыбалкина өз пікірлерін білдірді.

 Кітап туралы буктрейлер мен слайдтар көрсету арқылы пікірлер білдірілді. Екінші бөлімде студенттер, олардың өмірінде оң із қалдырған, өздерінің сүйікті шығармалары туралы айтып, өзара  кітап алмасты. Бүгінгі жастар оқиды ма? Иә, әрине, оқиды, біз оған бүгін көз жеткіздік!

 

«Бір ел – бір кітап»

Печать

2019 жылы 25 қазан күні Ақпараттық білім беру орталығының №5 оқу залында «Педагогика және мәдениет» факультетінің студенттері мен оқытушылары Б.Отарбаева, Қ.Амангельдиев, Л.Жумабаева, Мәдениет қайраткері журналистер одағының мүшесі: Шымкент қалалақ жас өспірімдер қуыршақ театырының директоры: Еспанов Бақтияр Әбілұлының қатысуымен «Бір ел –бір кітап» акциясы  аясында  Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры»     романына арналған оқырман конференциясы ұйымдастырылды.  

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика