Көпшілік іс-шаралар

ҚР мәдениет және өнер қайраткері, белгілі суретші Ануарбек Айдосовтың «Қазақ авангарды» атты кітабының тұсаукесері

Печать

        2014 жылы 13 қараша Ақпараттық  білім  беру  орталығының ұйымдастыруымен №254 мәжіліс залында   ҚР суретшілер одағының мүшесі, ҚР мәдениет және өнер қайраткері, белгілі суретші Ануарбек Айдосовтың «Қазақ авангарды» атты кітабының тұсаукесері  өтті. Жиынға Тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі ректордың кеңесшісі  Бейсенбаев Садыбек,Оңтүстік Қазақсан галлереясының директоры Оспанов Айнабек, ҚР белгілі суретшілері:  Шаржанов Араншы, Натбаев Жамбыл, Асан Байназаров, Бекенов Мухтар, «Қазақия» газетінің тілшісі Әбдісаттар Әліп , «Дизайн және сәндік өнер» кафедраның меңгерушісі Жолдасбекова Қарлығаш, «Бейнелеу өнері және кескіндеме» кафедраның аға оқытушысы Жартыбаева Жамиля және  студенттер қатысты.Танымал суретші Ануарбек Айдосовтың  өмірі және еңбек жолымен  , «Қазақ авангарды» атты кітабымен Х.Шамбулова таныстырды. Кітаптағы  берілген туындылар авангард бағытында модерн формасында: портреттік, абстракциялық, реалисттік, сюрреалисттік тақырыптар қамтылған. Әнуарбек Айдосовтың шығармаларынан қазақы рух, эстетика, салт-дәстүрді көруге болады. Әрбір салған суретінде ғарыштық  санамен байланысқан психологиялық және философиялық ой жатыр. Жиынға келген қонақтар «Қазақ авангарды» кітабы туралы  пікірлерін айтып, авторға  шығармашылық табыстар тіледі. Кітап тұсаукесеріне арнайы ұйымдастырылған автордың еңбектері «Ғасыр үні», «Құдағи жүзік» суреттері қатысушылардың назарына ұсынылды. Мәдени шараның соңында автор шәкіріттеріне кітаптарын сыйға тартты.

 

 

«Ұлттық ұлағатты ұстанушы»

Печать

     2014 жылы 7 қарашада Жүсіпбек Аймаутовтың 125 жылдығына арналған  «Ұлттық ұлағатты ұстанушы» атты оқырмандар конференциясы Ақпараттық білім беру орталығының №5 оқу залында  филология факультетінің оқытушылары мен студенттердің қатысуымен өтті. Конференцияны «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Құрманғали Мархабатұлы Оразбаев ашты. Қазақ әдебиетінің барлық саласында жазған сегіз қырлы, бір сырлы дарын иесі Жүсіпбек Аймауытов – қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін  қалыптастырушылардың бірі де бірегейі.  Ж.Аймаутовтың шығармашылығына  шолуды АБО сектор меңгерушісі Халида Қамбарбекқызы жасады. Ж.Аймаутовтың «Қартқожа» романы бойынша «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының ф.ғ.к., доценті Ақжол Қалшабеков, «Ақбілек» романына талдауды  ФИ 14-1к тобының студенті Әуез Жадыра жасады. Алаш ардағы, сырлы сөздің саңлағына арнауды ФИ 14-1к тобының студенті Әбу Салтанат оқыды. «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының  Халикова Нурила жиынды қорытындылап, үйымдастырушларға алғыс білдірді. Жиын соңы ән-күйге жалғасты. Конференция аясында Жүсіпбек Аймаутовтың шығармалары койылған «Ұлттық ұлағатты ұстанушы» атты кітап көрмесі оқырмандарға ұсынылды.

   

Сайын Мұратбеков

Печать

                      2014 жылы 17 қазанда Ақпарттық білім беру орталығының  №5 оқу залында «Бір ел - бір кітап» республикалық  акциясы аясында танымал қазақ жазушысы, Сайын Мұратбековтің  «Жусан иісі» және «Басында Үшқараның» атты шығармаларын талдауға Филология факультетінің студенттері қатысты.

Акцияның мақсаты – Қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ, оқырмандарды әдеби-көркем кітаптарды оқуға, кітапханаға тартуға бағытталған.     

        Бүгінде Қазақтың көрнекті қаламгері Сайын Мұратбековтың шығармалары оқырмандарға кеңінен мәлім. Қаламгер әңгімелерінің басты тақырыбы мен көтерген өзекті мәселесі - ауыл өмірі мен әлеуметтік жағдайдың өзара байланысын суреттеу арқылы кейіпкердің азаматтық табиғи болмысын, адамгершілік және рухани тазалығын, жан сұлулығын  дәріптейді.     Көрнекті жазушы Сайын Мұратбековтың өмірбаяны мен шығармашылық жетістіктерімен көркемделінген презентацияны оқырмандарға АБО сектор меңгерушісі Шамбулова Х.Қ. таныстырды. «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының оқытушысы  Оразбаев Қ.М. жазушының шығармаларына баяндама жасады.  ФИ 13-1к1тобының студенттері Алдабергенова Б., Жолдасова А. жазушының повесінен үзінді оқыды. ФИ13-1к2 тобының студенті Нұрманова М. домбырада қазақ күйін орындап, ФИ 14-1к тобының студенті Тәліпбай Айжанның шырқауында «Ерке сылқым» әні оқырмандардың көңілінен шықты. С.Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығынан викториналық сұрақтарға  Қалан Алтынай, Сәбит Назым, Тауджарова Ақмарал дұрыс жауап берді. Сайын Мұратбековтың өмірі мен қызметі жайында материалдар және жазушының шығармалары ұсынылған кітап көрмесі оқырмандарға ұсынылды. Акция соңында белсенді оқырмандар  алғыс  хаттар  мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

«Оңтүстіктің мәдени мұралары »

Печать

      30  сәуір күні Ақпараттық білім беру орталығының №5 оқу залында  Ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғаудың халықаралық күніне орай «Оңтүстіктің мәдени мұралары» атты дөңгелек үстел болып өтті. Ақпараттық білім беру орталығы, «Мәдениеттану, әлеуметтік жұмыс және музей ісі», «Жалпы тарих, археология және география» кафедраларымен бірлесе ұйымдастырған отырысына оқу орнының мамандары, магистранттар мен студенттер қатысты.    
     Жиынды  «Мәдениеттану, әлеуметтік жұмыс және музей ісі» кафедрасының оқытушысы А.Қабыл ашып, «Жалпы тарих, археология және география» кафедарасының оқытушысы Тажмуханова Нагима Ералиева  кіріспе сөз алды. Өз сөзінде,  облыс аумағында ашылмаған, әлі де белгісіз болып жер қойнауында жатқан мәдени мұра нысандарын Қазақстанның маңызы зор құнды тарихи ескерткіштері қатарына қосу, қорғау және ғылыми айналымға түсіріп, кейінгі ұрпаққа қалдыру қажеттігі өткір мәселесіне баса назар аударды.  Дөңгелек үстел барысында ПИК 12-3к тобының студенттері  Фараби Отар, Шарип Нұрғали, Бекботаев Азамат пікір айтты. Жиында  мұраларымыздың қазіргі жай-күйін талқылап, жастарымызға өнегелі істерді насихаттаған игілікті шаралардың бірі болды. Қонақтар мен келушілерге мұралық құндылықтарымыздың зерттелуі жөніндегі «Мәдени мұра-елге мирас» атты кітаптар көрмесі ұсынылды.

ҚР Халық әртісі Бибігүл Төлегенованың 85 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың бұлбұлы» атты музыкалық кеші

Печать

      2014 жылдың  15 сәуірде  Ақпараттық білім беру орталығының №5  оқу залында ҚР  халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері,  қазақтың күміс көмей, жез таңдай әншісі Бибігүл Төлегенованың 85 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың бұлбұлы»  атты музыкалық кеші  «Музыкалық өнер» кафедрасының аға оқытушысы Ф.С.Танкешованың ұйымдастыруымен өткізілді. Музыкалық кешке «Педагогика және мәдениет» факультетінің оқытушылары мен студенттері  қатысты. Кеш барысында әлемдік классикалық опера мен халық әндерінен: Е. Вернацкийдің «Маленький креольчик» романсы, Ф. Генделдің «Оттон» оперсынан үзінді,  Ш.Қалдаяқовтың «Қуаныш вальсі», «Гүлдерайым» және «Алқоңыр» халық әндерін, концертмейстер З.Надированың сүйемелдеуімен Ә.Исабаева, А.Смайл, Б.Құлмаханованың  орындауында шырқалды. Әншінің өмірі мен шығармашылығы туралы слайд көрсетілді. «Музыкалық өнер» кафедрасының аға оқытушысы Ф.С.Танкешова кешті қортындылап, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.  АБО сектор меңгерушісі Х.Қ. Шамбулова   белсенді студенттерді мақтау қағаздарымен марапаттады.

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика