BookDating 2019

Печать

Біздің қаламызда, алғаш рет М.Әуезов атындағы ОҚМУ қабырғасында "Мұхтартану" ғылыми-зерттеу орталығында BookDating (өзіңмен сүйікті кітабыңды ал) – түрлі тақырыптағы және бағыттағы кітаптарды талқылау бойынша тиімді, заманауи және зияткерлік алаң ұйымдастырылды. Іс-шараға әр түрлі факультеттердің студенттері, «Ақиқат» және «Достық» жастар клубының белсенділері, оқытушылар мен АББО қызметкерлері жиналды. BookDating форматы бойынша іс-шара екі бөлімнен өтті. Іс-шараның бірінші бөлімінде ф.ғ.к.,профессор Т.Қалдыбаев ұсынған 3 кітап бойынша: М. Әбдәкімұлының «Ақпан батыр», М. Ауезовтың «Абай жолы» и Ғ. Мустафиннің «Қарағанды» романы туралы айтылды. АББО-ның сектор меңгерушісі  С. Балтабекова қатысушыларды Т.Қалдыбаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстырды.

Студенттерге кітап оқудың пайдасы мен осындай іс-шаралардың маңыздылығы туралы ф.ғ.к. Б.М.Бекетов, ф.ғ.к.,доцент А.Б.Қалшабеков, тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры С.А.Мәжінбеков, АББО директоры Н.В.Рыбалкина өз пікірлерін білдірді.

 Кітап туралы буктрейлер мен слайдтар көрсету арқылы пікірлер білдірілді. Екінші бөлімде студенттер, олардың өмірінде оң із қалдырған, өздерінің сүйікті шығармалары туралы айтып, өзара  кітап алмасты. Бүгінгі жастар оқиды ма? Иә, әрине, оқиды, біз оған бүгін көз жеткіздік!

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика