Референт күні

Печать

2019 жылдың 7 қарашасында Ақпараттық білім беру орталығы қызметкерлерінің, университеттегі кафедралардың референттерімен, кезекті кездесуі өтті. Семинарды ОҚМУ-нің оқу және оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректор К.С. Байболов ашып берді. Сонымен бірге, университеттегі оқу және ғылыми үрдіс барысында кафедра референтінің атқаратын рөлі маңызды екендігін, - атап көрсетті. Семинар барысында ақпараттық ресурстарға жылдам қол жеткізу үшін кафедралар мен кітапханалардың электрондық байланысы, жаңа әдебиеттерге өтінімдерді тіркеу, пәндерді кітаппен қамтамасыз ету көрсеткіштері, кафедралар бойынша кітапханаға қарызгер оқырмандарды талдау және т.б. мәселелер қаралды. АББО директоры Н.В.Рыбалкина кітапханадағы жаңа қызметтер мен оқытушыларға импакт-факторы бар журналдарда мақалаларды жариялауға көмектесу жолдары туралы айтты. Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету орталығының директоры Ш.Б.Тасыбаева референттерді «100 жаңа кітап» жобасы аясында алынған оқулықтардың білім беру бағдарламасы бойынша оқу жоспарына енгізілуімен таныстырды.

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика