«Тәуелсіздік – азаттықтың алтын діңгегі»

Печать

2015 жылы 4 желтоқсанда оқу залында 16 желтоқсан –Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – азаттықтың алтын діңгегі» атты әдеби кеші Ақпараттық білім беру орталығыны мен «Психология және дефектология» кафедрасының ұйымдастыруымен өтті. Студенттерді тәуелсіздік ұғымдарының тарихи маңызын түсіне білуге, туған халқының тарихын құрметтеуге, отансүйгіштікке баули отырып, патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Мерекелік кешке «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің аға тәлімгері Г.Малгайдарова, «Психология және дефектология» кафедрасының меңгерушісі Г.Лекерова, практик-психолог Г.Айтжанова , «Психология және дефектология» кафедрасының оқытушысы Ғ.Бейсенбаева, факультеттің оқытушылары мен студенттері қатысты. Әдеби кеште 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасындағы қайсарлық пен ерлік суреттелетін «Желтоқсан желі» атты бейнефильмі және «Тәуелсіз Қазақ елі» атты бейнеролик көрсетіліп, егемендік алған жылдардан бастап еліміздің жетістігі баяндалды. Кеште студенттер Тәуелсіздік туралы жазған өз өлеңдерін оқып, «Елім менің», «Қазақ елі» сынды рух беретін әндер мен күй орындалды. АБО сектор меңгерушісі Халида Шамбулова қатысушылырға алғыс айтып, ФК 15-2к2 тобының белсенді студенттерін: Сания Садуақас, Айдана Төлеева, Динара Мейірбек, Тұрсынай Асанбаева, Салтанат Рысбай, Дидар Оңғар, Жасұлан Пернесейіт (ЕП 15-2к2), Елдос Төрехан (ЕП 13-1к1), Алишер Хамраев, Азамат Егембердиев (ФК15-5р) мақтау қағаздарымен марапаттады. Кеш соңында кітапханашылар Гүлзада Бөлет және Әсем Қауынбаева «Желтоқсан — тәуелсіздік бастауы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика