«Мұхтар Әуезов - қазақтың ұлы жазушысы»

Печать

Ақпараттық білім беру орталығының №5 оқу залында  М.Әуезовтың 120 жылдық мерейтойына арналған «Мұхтар Әуезов - қазақтың ұлы жазушысы» атты оқырмандар конференциясы өткізілді. Іс-шараға АББО бөлім меңгерушісі Ж. Ережепова, АББО сектор меңгерушісі Р.Тасболатова, АББО Н.Сәулешова, Қ.Усенкулова, К.Еркеқараева, Ж.Якипова, ф.ғ.к.доцент Қ.Тұрдыбай, «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Мәдени тынығу және әлеуметтік жұмысы» кафедраларының  оқытушылары мен студенттері қатысты. М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы слайд көрсетілді. Исабек Әзімхан, Бағзатхан Еңлікхан, Әбіл Фарида, Мәлік Нұрболат, Захидова Лабор жазушының шығармаларына талдау жасады. Сейітов Сүндет, Сүйінов Қазыбек ұлы жазушыға арналған өлеңдерін тарту етті. Белсенді қатысқан студенттер марапатталынды. Конференция аясында М.Әуезовтың шығармалары қойылған «Ұлттық ұлағатты ұстанушы» атты кітап көрмесі оқырмандарға ұсынылды.

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика