«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» әдеби сазды кеш

Печать

Ата-бабаларымыз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі 2019 жылдың 14 наурыз   күні Ақпараттық білім беру орталығының №1 оқу залында «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» тақырыбында әдеби сазды кеш атап өтілді.  №1 оқу залының кітапханашы А. Арыстанова оқытушыларды, кітапхана қызметкерлерін, студенттерді Ұлыстың ұлы күні саналатын Наурыз мерекесімен құттықтап кешті ашты. Наурыз көже пісіріліп, наурыз мерекесінде тағайындалатын дәмді тәтті тағамдар әзірленіп, мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Ұйымдастырылған іс-шараға «Химиялық инженерия және биотехнология» және «Ақпараттық технология және энергетика» жоғары мектептерінің студенттері қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

  

Видеоэстафета

Мухтар Ауэзов

Счетчики

Яндекс.Метрика