«Бірлігі жарасқан ел»

Печать

       2013 жылдың 6 мамырда ОҚМУ-дың Ақпараттық білім беру орталығының Әлем тілдер оқу залында   1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Бірлігі жарасқан ел» атты дөңгелек үстелі №3 Әлем тілдер оқу залы мен Техникалық маманықтар бойынша шет тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрлі асыға күтер мейрамы.  Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.  Дөңгелек үстелге  Техникалық маманықтар бойынша шет тілдер кафедрасының  оқытушысы Дария Сванова,  Химия-технологиялық факультетінің студенттері мен оқытушылары  қатысты.  №3  Әлем тілдер оқу залының кітапханашысы  М.Иманкулова  құттықтау сөз сөйледі. Дөңгелек үстел барысында «ХТ» факультеттің   ХТ -12-3к тобының студенттері: Әбдіхалық Камшат,  Кермек Күнімай , Суюнова Дәмегүл, Жанысбай Арайлым  Қазақстан халқының бірлігіне арнап баяндамалар, жырлар оқылып, слайдтар көрсетті.  Кітапхана сектор меңреушісі   Халида Шамбулова қатысқан студенттерді мақтау қағаздарымен марапаттап, қатысушыларға алғыс айтты. Мерекелік кешке арнайы «Бірлігі жарасқан ел» атты кітап көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылды.

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика