Тарихы

Печать

Ақпараттық білім беру орталығы (кітапхана)

      Ақпараттық білім беру орталығының өсуі мен дамуы университет тарихымен тығыз байланысты. Осы уақыт аралығында ол Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ЖОО арасындағы ең ірі кітапханалардың біріне айналды.
     Қазіргі таңда Ақпараттық білім беру орталығының материалдық техникалық базасы заман талабына сай жабдықталып, оқытушылар мен студенттердің виртуалды семинарлар мен Интернет-конференциялар, on-line режимінде теориялық және ғылыми мәселелерді талдау, видеоконференция байланысымен телекөпір ұйымдастыру және оқу орындары арасындағы бірлескен жобаларды орындау, қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы студенттік олимпиадалар өткізу мүмкіндіктері жасалған.
Университеттің акпараттық білім беру орталығы (кітапхана): 7 абонемент, 18 оқу (электронды, техникалық зал, құқық және экономикалық, ғылыми әдебиет, әлемдік тілдер, мерзімдік басылымдар, жатақхана оқу залдары) залдарын камтыған.   
     Кітапхана қорында сирек басылымдар, диссертациялар, авторефераттар, монографиялар, көркем шығармалар бар. Кітапхана қорын 2 млн. аса кітап басылымы құрайды. Мұнда оқулықтар, ғылыми мерзімді басылымдар,  техникалық, ғылыми-жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық, тарихи ғылым, отандық және әлемдік көркем әдебиет ақпараттары электрондық тасымалдағыштарда көрсетілген. Негізгі оқу қорларынан бөлек анықтама-библиографиялық, ресми, нормативті-құқықтық басылымдар қоры бар.
Жыл сайын кітапхана білім саласы бойынша 500-ден аса мамандандырылған, ғылыми, ғылыми-көпшілік, көркем-әдеби журналдар мен газеттерді жазып алады.
      Aқпараттық білім беру орталығы ИНТЕРНЕТ ресурстарын пайдалануда  ақпараттарға еркін және шексіз енуді қамтамасыз етеді. АБО компьютерлері университеттің локальді желісі WI-FI  технологиясымен байланыстырылған.
     АБО web-сайты (http://lib.ukgu.kz) кітапхананың  негізгі бағыттарын, электрондық ақпараттық қызметін жарнамалау жұмыстарымен қатар АБО web-ИРБИС 64 электрондық каталогының және электрондық толық мәтінді деректер базаларының қызметін қашықтықтан пайдаланушыларға ұсынып келеді.
Ақпараттық білім беру орталығында студенттердің бойында патриоттық сананы қалыптастыру, тәрбиелеу,белсенділіктерін арттыру мақсатында түрлі көпшілік іс-шаралар, мерекелік кештер, кітап көрмелері, кездесулер мен жаңа басылымдардың презентациялары өткізіліп отырылады.

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика