2014 жылы ақпан айының 5-күні Ақпараттық білім беру орталығының №4 оқу залында Елбасының Жолдауына қолдау көрсету мақсатында «Жаратылыстану- педагогикалық» факультетінің оқытушылары мен студенттерінің қатыстуымен жиын өтті. Жиында Ақпараттық білім беру орталығының қызметкерлері Х.Шамбулова, Ж.Ережепова, К.Бөлет, Жаратылыстану-педагогикалық факультетінің аға тәлімгер А.Палатбек, «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушысы Ф.Дүйсебаева Елбасының Қазақстан дамуының кемел келешегін сараптаған Жолдауына үлкен қолдау білдірді.
Тастемір Назерке, Серикова Сабина, Айтуғанова Ақмарал, Расулхан Ақнұр, Мамбеталиева Дильнура,Төрехан Елдос, Жолдыбек Алия сынды ЕП 13-1к1 тобының студенттері жолдаудың басым бағыттарына тоқталды. Жиынға қатысушылар Елбасымыздың ой-армандары мен жасампаз идеяларын қолдап, сонымен бірге Мәңгілік елді бірлесе құруға қашанда дайын екенін мәлімдеді.