«Махаббат мен сені аялап өтемін» атты әдеби-сазды кеші

Печать

      2014 жылдың  10 сәуір күні  Ақпараттық білім беру орталығының  Бас оқу залында  15 сәуір - Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күніне орай «Махаббат мен сені аялап өтемін»  атты әдеби-сазды кеші «Экономика және қаржы» факультеті мен «Жас Ақындар» клубының ұйымдастыруымен өткізілді. Кештің басты мақсаты – жастардың бойында шы­найы, таза махаббаттың қалыптасуына ықпал етіп, жастар  арасында қазақтың ғашықтық эпостарын, салт-дәстүрін  өнерін кеңінен насихаттау. Мерекелік кешті «Экономика және қаржы»  факультетінің деканы М.Сейдахметов, декан орынбасары Ж. Изтаев құттықтау сөзімен ашып берді. Мерекелік кеште Жұмабай Гүлшірін, Сахан Алдияр, Есжан Талған, Алишер Әлімжан махаббат туралы шығарған жырларын оқыса, Сағыныш Ибрагим, Смайлова Айгерім әннен шашу шашты. Ал Иманәлі Шамғон, Аштан Мадина, Әлсейіт Оңласын, Джамалов Асылбек, Сауыт Құралай, Әкім Жолдастар кештің қызықты өтуіне атсалысты. «Жастар орталығының» бас маманы Абылай Әбдікәрім  қорытындылап ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

АБО сектор меңгерушіслері Х.Шамбулова, Б.Жұмабаева студенттерді алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапаттады.

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика