Ғылыми - библиографиялық бөлім
Бөлім меңгерушісі: Құралбаева А.С
Бас библиограф: Утегенова А.Т
Ғылыми - библиографиялық бөлімнің негізгі қызметі:
· Пайдаланушылардың оқу және ғылыми жұмыстарына сәйкес толық және жедел анықтама -библиографиялық қызмет көрсету;
· мақалалардың мәліметтер базасын толықтыру;
· сұрақ - жауап режимінде библиографиялық анықтамалықтарды орындау;
· АБО оқырмандарына каталогтарды пайдалануда кеңес беру және әдебиетті компьютерден ИРБИС бағдарламасы бойынша жедел іздестіру;
· «Заң» МБ электронды нормативтік құқықтар бойынша іздестіру;
· библиографиялық көрсеткіштерді құрастыру, ғылыми зерттеу жұмыстарына, оқу процесіне қажетті әдебиеттер тізімін жасау;
· басқа бөлімдерге анықтамалық - библиографиялық және әдістемелік көмек көрсету;
· бөлім қызметкерлерінің кәсіби білімін жетілдіру;
· ақпарат күнін, кафедрада кітапхана күнін өткізу;
· университет басшылығына саралап қызмет көрсету;
· ақпаратты іріктеп тарату;
· тақырыптық көрме, ашық әдебиеттер көрмесін, библиографиялық шолулар ұйымдастыру;
· кафедра референт- информаторлармен жұмысты ұйымдастыру;
· пайдаланушылардың ғылыми жұмыстарына, мақалаларына ӘОЖ, КБЖ бойынша қою;
· жаңа түскен басылымдар бюллетенін шығару;
· оқырмандардың ақпараттық мәдениетін жетілдіру
Каталогтар залына:
Пайдаланушылар ақпараттық іздеу аппаратына жүгіне отырып, кітапхананың барлық ақпараттық потенциалдарын пайдаланады.
Ақпараттық іздеу аппараты дәстүрлі және электронды каталогтармен қоса жүргізіледі. Дәстүрлі каталогтың алфавиттік, жүйелік, алфавиттік-пәндік түрлерін пайдаланады. Электрондық каталог арқылы ақпаратты іздестірудегі нақтылық пен жылдамдықты арттыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған жүйе бұл библиографиялық жұмыстардың сапасын жақсартады.
Біздің мекен жайымыз:
160012, Шымкент қ., Тауке-хан данғылы, 5, бас ғимараты.
Ақпараттық білім беру орталығы.
Ғылыми - библиографиялық бөлім, 221 бөлме.
Жұмыс уақыты:
Күн сайын: 9.00-19.00
Демалыс күні: Сенбі, жексенбі