Наурыз, март (парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн) – Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол – күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың ал- ғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше ды- быс (гуіл) естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шық-қан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл та-биғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген.
Ұлыстың ұлы күні деп неге атаған?
Бұл жөнінде мынандай аңыз бар: Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қа-зығұрт тауына келген сәт-те жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне таба-ны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түс-кен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді – ұлыстың ұлы күні деп жариялайды. Наурызды тойлау тарихы Ұлы Абай өзінің «Біраз сөзі қазақтың қайдан шық- қаны туралы» жазбасын- да Наурыз тарихын көш- пелі халықтардың «хиби- ғи», «хұзағи» деп атала- тын көне заманына ұш- тастырады. Парсының «нау» сөзі әртүрлі өзгерістерге ұшырағанымен, сол ма-ғынада көп халықтың тілінде сақталып қалған. Ол орысша – нов (ай), немісше – нойе, латынша – нео. Осылайша «нау» сөзі ин-до – еуропалық халықтар дараланудан да бұрын пай- даланылған. Ал одан бер-гі мерзім ғана 5 мың жылдан асады. Қазақтың кө- не шежіресінде де Нау-рыз, Алаш деген сөздер бар.
Наурыз неге жыл басы?
ТМД Астрономия геоде- зия қоғамының толық мү-шесі Ж.Сахиев:
«Жеріміз Күнді бір айналып шығатын мерзім – жылдың шартты түрде үш – үш айынан: наурыз, сәуір, мамыр – көктем, маусым, шілде, тамыз – жаз, қыркүйек, қазан, қа-раша – күз, желтоқсан, қаңтар, ақпан – қыс мезгілдері болып бөлінетіні баршамызға аян. Астроно- мия ғылымында бұл нақ-тылана түседі. Көктем наурыздың 22–інен, жаз маусымның 22–інен, күз қыркүйектің 23–інен, қыс желтоқсанның 23–інен басталады. Ендеше, Жаңа жылымыздың дәл 22 наурыздан басталуы жыл мезгілдерінің астрономия заңдылығымен де дәл келеді».
Бұл мейрам басқа халықтарға да тән бе?
Көне мейрам Наурызды әлемнің көп халықтары тойлаған, қазір де тойлай- ды. Сондықтан да оны ха-лықаралық мейрам деп те атауға болады. Наурыз мей- рамын ежелгі гректер «пат- рих», бирмалықтар «су мей- рамы», тәжіктер «гүл гар- дон», «бәйшешек», «гүлнау-рыз», хорезмдіктер «наусарджи», татарлар «нардугаш», буряттар «сагаян сара», соғдылықтар «наусарсыз», армяндар «навасарди», чуваштар «норис ояхе» деп әрқилы атап, тойлаған. Ал енді, Рим республикасында біздің дәуірімізден бұрынғы VIII ғасырдың орта шенінен бастап қолданылған күнтізбеде Жаңа жыл наурыз айынан басталып, қа- зіргі күнтізбелерінде әлі күн- ге дейін сақталып отыр. Римдіктер жылдың бірінші айын соғысқа тиым салушы құдай Мартиустың атымен март деп атаған.
Көнедегі Русьте де хрис-тиан діні қабылданғанға дейін Жаңа жылды бірінші март күні қарсы алу дәстүрі болған. Бұл күні Русь халқы мынандай әдет – ғұрыптар жасаған: 1. Құт құдайының құр- метіне деп шырақтар жа-ғып, оны шие ағаштарына ілген.
2. «Түрлі аурулар мен пә- ле – жаладан сақтайды» деген ырым, сенім бойынша дастарқан басына жиналған әрбір шаруаның алдына үш бас сарымсақ пен столдың нақ ортасына бетін шөп- пен жапқан 12 тал пияз қой-ған.
Наурыз күні ертедегі грек патшасы алтын тағынан тү- сіп, өзіне ұнаған қызметші-сіне бір күн өз орнын берген.
Байырғы Иран патшасы әділ уәзіріне өз шапанын сыйға тартқан.
Осы дәстүрлер жөнінде кейінгі кезде басылым беттерінде жазылып та жүр.
Наурызды кім қалай тойлаған?
Ұлы ғұламалар Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям тә-різді әлем таныған тарихи тұлғалардың еңбектеріндегі Шығыс халықтарының Нау- рыз мейрамын қалай той-лағаны туралы деректерге назар аударсақ, парсы тілдес халықтардың Наурызды бірнеше күн тойлағанын білеміз. Яғни, олар Наурыз күндерінде мынандай салт-дәстүр, ырымдар жасаған:
1. Әр жерде үлкен от жағып, отқа май құйған.
2. Жаңа өнген жеті дән- ге қарап болашақты болжа-ған.
3. Жеті ақ кесемен дәс- түрлі ұлттық көже «сума-лық» ұсынған.
4. Ескі киімдерін таста-ған.
5. Ескірген шыны аяқты сындырған.
6. Бір-біріне гүл сыйлаған.
7. Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою - «күн символын» салған.
8. Үйлеріндегі тіреу ағаш-қа гүл ілген.
9. Жамбы ату тәрізді түр- лі жарыстар өткізген.
10. Бұл күні кәрі-жас мәз болып, бір-біріне жақсы ті- лектер айтқан, араздаспа-ған.
Бұл дәстүрлерге түсінік Мұндағы бірқатар салт-дәстүрлер ежелгі Тәңірлік танымға сәйкес орын ал- ған. Тәңірлік таным бойын- ша осындағы кейбір нәрсе- лер төмендегідей таңбаларды танытады:
1. Садақ – Кеңістіктің, Ана тектің, Судың таңба- сы.
2. Оқ – Уақыттың бала- масы ретінде бүкіл Ғалам-ның, Ата тектің, Ағаштың таңбасы. Ежелгі қазақтардың тілін- де Суды да Жай (оқ), Садақ-ты да Жай деп атағаны мә-лім. Осы таңбаларға бай- ланысты Оғүз Қаған эпосында былай деп айтылады: «... Осы Ұлуқ Түрүк күндерде бір күн ұйқыда бір Алтын Жай көрді, тағы да Үш Күміс Оқ көрді. Бұл Алтын Жай күн шығар жерден күн батар жерге дейін тиіп тұр еді. Ал Үш Күміс Оқ солтүстікке қарай өтіп кетіп (атылып) бара жатыр еді». Оғүз Қаған эпосының, кө- не тілдер түсінігінің тари- хын зерттеушілердің пайым- дауынша, бұл ескерткіш- тегі (эпостағы) күн шығар жерден күн батар жерге дейін созылған Алтын Жай – о баста жер бетін қапта- ған Судың, солтүстікке қа-рай атылып бара жатқан Үш Күміс Оқ – о баста Су- дан жаратылған Жер, Тау және Бәйтеректің яғни, Ға-лам өзегінің таңбасы. Олай болса, мейрамда садақ атып жарысу – Ғаламды бейнелеу.
Түркиядағы Наурыз Түркияның сол кездегі премьер – министрі Тансу Чиллер ханымның тікелей араласуымен, 1995 жылы республиканың ресми мей-рамдарының қатарына бай тарихы бар Наурыз мейра-мы да қосылған – ды. Нау- рыз мейрамы туысқан Түр-кияның түкпір – түкпірінде «Сұлтан – й Наурыз», «Нау- рыздың тоғысы», «Наурыз-дағы мұз бұзылысы» және тағы да басқа атаулармен өткізіледі. Оңтүстік Анадолыда (Ға- зиантеп) 22 Наурыз – «Сұл-тан Наурыз» деп аталады. Жергілікті халықтың сенімі бойынша күн теңелетін түні белгісіз уақытта аяғында-ғы білезікті сыңғырлатып, кесте тоқи отырып, ғажап сұлу қыз батыстан шығысқа қарай аспанды кесіп өтеді. Кейбір аңыздарда құс киімін киген жігіт деп те айтылады. Сұлтан Наурыз уақытын көрген адамдардың тілегі қабыл болады деген сенім қалыптасқан.
Шығыс Анадолыда халық күн теңелген түні Он сегіз мың ғаламның барлық жанды, жансыздары Тәңірге сәжде етеді деп ойлайды. Осы күні табынушылардың бір жылдағы болашағы анық- талады деп сенеді. Сондық-тан да қаріп - қасірлерге, кембағалдарға жәрдем бе- ріледі. 17 наурыз қарсаңын-да жасырылған тас арқылы үйдегі қай адамға бақ қо-натыны анықталады. Қазақ жеріндегі Наурыз Жас Кеңес өкіметі Наурыз мейрамын халыққа қайта тарту еткенімен, ол 1926 жылы «діни мейрам» саналып, күрт тоқтатылды. Содан, ол халқымызға 1988 жылы әзер оралды. Қазақтардың ежелгі наным – сенімі бойынша, 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Қазақтар ұлыстың ұлы күнін жаны – тәні таза қалпында, жаңа киіммен, жақсы тілекпен қарсы алады. Адамдар бір- бірімен жылы жүзде амандасып, Наурыз бата береді, Наурыз көже ішеді, араз- дасып жүрген ағайынды та- туластырып, мүсәпір, мү-гедектерге жәрдем береді, ұлттық ойындар өткізіп, ән – жыр айтады, күй тартады (өнерпаздар), бітелген бұлақтардың көзін ашып, жерге тал отырғызады. Бұ-рындары қазақтар таңата биік төбенің басына шығып, жаңа күнді қарсы алған.
Мейрамды ұлықтағандар Көне заманнан бері Нау- рыз мейрамы, оның салт-дәстүрлері туралы өз еңбек- терінде құнды деректерді жазып қалдырғандар, Ұлыс- тың Ұлы күніне ән-жыр ар-нағандар аз емес. Олардың ішінде Шығыстың данышпандары Махмут Қашқари, Әбу Райхан Бируни, Әбунә-сір Фирдоуси, Әлішер Науай, Омар Һайямнан бастап қазақ халқының ғұлама-лары Абай, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Сәкен және тағы да басқалар Наурыз мейрамы туралы аса бағалы еңбектер, ғибратты сөздер, жақұт жырлар жазып кетті. Өйткені, Нау- рыз – Шығыс елі үшін ежелден-ақ ынтымақ – ырыс мейрамы. Бұл күні – араздасу, харамдыққа жол беру – ауыр күнә. Наурыз мейрамына байланысты атаулар: Наурыз күні, Наурыз айы, Наурызнама, Наурызкөже, Наурыз тойы, Наурыз жы-ры, Наурыз жұмбақ, Наурыз бата, Наурыз тілек, Наурыз төл, Наурызкөк, Наурыз есім, Наурыз шешек, Наурызша, Әз, Қыдыр, Саумалық, Мұ- харрам (тыйым), Самарқан-ның көк тасы. Наурыз бата Өркенің өссін!
Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын! Ұлыстың ұлы күнінде:
Ұлың – оңға, қызың қырға қонсын! Еліңе елеулі, халқыңа қа-лаулы бол! Айың тусын оңыңнан, Жұлдызың тусын солың-нан! Бақ берсін, Қыдыр дарысын! Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын! Наурыз қазаққа қалай қайтарылды?
Наурызды Қазақстанда тойлау тоқтатылғаннан кейін 62 жыл өткенінде Мұхтар Шаханов бұрынғы Қазақ-стан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбинге Наурызды халыққа қайтару жөнінде арнайы хат жазды. Және де оған мынандай талап қойды:
«У меня есть конкретные предложения. У казахского народа существуют свои традиции, свои праздники. Одним из таких праздников является «Наурыз».
Заимствование из фарси, это понятие постепенно стало символизировать приход весны, пору обновления жизни. «Наурыз» массово праздновался каждый год, начиная с 22 марта. В этот день выравнивается продолжительность дня и ночи. Мы, поколение послевоенной поры, стали едва ли не последними свидетелями этого торжества. Помню, как мы в детстве вместе со взрослыми встречали это красочное зрелище. Пек-лись пироги. Лакомства, различные блюда из проса, пшеницы. Это было выставкой народной кухни. Мужчины с лопатами, кетменями выходили чистить арыки, сажали деревья. Одним словом, был подлинный праздник труда, к которому никто не оставался равнодушным. Думается, что эту доб-рую традицию необходи-мо возродить как народный праздник, который стал бы таким же, массовым, красочным, жизнерадостным, как праздник «Русская зима», «Сабантуй в Поволжье». Осы хаттан кейін Наурыз мейрамы қазаққа қайта оралды.
Әр халықтың өзінше Жаңа жылы, жыл басы болады. Азияда Жаңа жыл-жазғытұрым, қазақ елінде – наурыздың жиырма екісі. Жаңа жыл күні қазақ күн райына қарай алдағы жазды рақатты, рақатсыз болады деп болжау жасайды. Қар тез кете ме, жаз жылдам бола ма деп болжам жасайды».
Ардақты ағайын, Әз-Наурыз мейрамы қашанда елі- мізге ырыс, ынтымақ, бақыт сыйласын!