Электрондық ресурстар орталығы

Печать

Бүгінгі таңда Ақапараттық білім беру орталығында төрт электрондық ресурстар орталығымен қызмет көрсетуде. Электрондық ресурстар орталығы-электрондық құжаттар бүгінгі күні ақпараттық ресурстардың ажырамас бөлігі болып отыр. Білікті мамандар пайдаланушыларға электрондық пошта, электрондық каталог, интранет (университеттің корпоративті жүйесі арқылы ақпараттық ресурстар ұсыну), Инетернет жүйесінде кеңес беріп, жедел, сапалы қызмет көрсетуде. Оқу ғылыми және танымдық сипатта электронды тасымалдағыштар қоры жинақталуда: ОҚМУ профессор-оқытушылар құрамының еңбектері http://ef.ukgu.kz желісі арқылы қолжетімді, сондай-ақ қордағы аз даналы оқулықтар мен оқу құралдарын сканерден өткізу арқылы электрондық нұсқасын жинақтап http://www.lib.ukgu.kz/elib/ «Электрондық мұрағат» базасын ұсынуда, әлемнің үздік ғалымдары лекцияларының видеотаспалары, электрондық оқулықтар, арнайы оқу бағдарламалары, мәліметтер базасы (мультимедиялық энциклопедиялар, сөздіктер). Электрондық ресурстар орталығы университетіміздің маңызды объектілерінің бірі.

Оның мақсаты:
· Ақпараттарға барлық әлемдік мәліметтер қорының ресурстарын еркін және шексіз енуді және пайдалануға мүмкіндік жасау.
· Университеттің ақпараттық орталығын құру
· Ақпараттық көздерді сақтау және жинақтау.

Электрондық ресурстар орталығының қызметтері Интернет жүйесіндегі жұмыс бойынша кеңестер;
Интернет конференцияларды өткізу;
Интернет жүйесіндегі ресурстарға ену университет оқытушыларының электрондық оқулықтарына ену;
Компакт-дисктердегі мәліметтер базасына: электрондық оқулықтарға, дискеттерге, аудио және видеокассеталарға, үйретуші бағдарламаларға ену;
Ақпараттарды іздестіруге көмек ретінде «Пайдаланушы» режимінде ЭРО-ның бағдарламалық қызметін ұсыну;
Графикалық ақпараттардың, құжаттардың мәтінін сканерлеу;
Қашықтықтан оқытудың толық мәтіндік ресурстарына ену;
Видеокассеталарды және электрондық оқулықтарды көрсету.
Құжаттарды электрондық түрде жеткізу;
АБО-қорынан әдебиеттер көздерінің нұсқасын қашықтықтан пайдаланушыға жеткізу.
Студенттер мен оқытушыларға Интернет-аудиторияға кіруге мүмкіндік жасау.
Қоғамның инфрақұрылымын дамытуда Интернет- конференцияның маңызы шексіз.

ЭРО-ның мәліметтер базасы
«EBSCO» МБ – бизнес, әлеуметтік, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары,
технология және медицина бойынша -5000 толық мәтінді электрондық журналдар;
«Заң» МБ - Қазақстан Республикасының ай сайын жаңартылып тұратын нормативтік құқықтық актілері.
«ҚазПатент» МБ - Өндірістік меншік бойынша патент алды және патенттер жаңалықтары.

 «СТ РК» МБ – Қазақстан Республикасының Стандарттары.

«Альма-Матер» МБ – әртүрлі баспа беттерінде, журналдарда, газеттерде, ғылыми басылымдарда университеттің қарқынды дамуы туралы жарияланған ақпараттар жиынтығы.

«Полред» МБ – Ресей және ТМД елдерінің БАҚ шолу. Жаңалықтардың бірыңғай лентасы. Үздік жаңалықтар мен іскер басылымдардың жиынтық базасы.

 «Thomson Reuters» МБ – әлемдік аналитикалық реферативті база.

  • электрондық ресурстар орталығы, бас ғимарат, 222 каб.
  • электрондық ресурстар орталығы, «В» ғимараты, 2-ші қабат, 233 каб.
  • электрондық ресурстар орталығы, №8-ші ғимарат, 2-ші қабат
  • электрондық ресурстар орталығы, бас ғимармт, бас оқу залы 2-ші қабат

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика