Бөкеев Оралхан

Print

Бөкеев Оралхан (1943 - 1993 жж.) Қазақтың көрнекті қаламгерінің бірі Оралхан Бөкей 1943 жылдың 28 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданындағы Шыңғыстай ауылында туған. О. Бөкейдің әкесі Бөкей көп сөйлемейтін, сөйлей қалса сөзі өткір, қанжардай қиып түсетін, сөзге шешен, астарлап сөйлеп өз ойын дәл жеткізетін, рухы мықты, жаны таза адам болған. Анасы Күлия көреген, ділмар, аузын ашса көмейі көрінетін ашық кісі болған. Үнемі топ бастап жүретін, қажет жерінде қиыннан қиыстырып өлең де шығарған. Керемет даусы бар әнші де болған. Отбасында бір ұл - Оралхан, бес қыз – Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия. Оралхан дүниеге келгенде сұрапыл соғыс жылдары болғандықтан, әкесі Оралға еңбек майданына аттанған кез болатын. Анасы Күлия әкесі еңбек майданынан аман-есен оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан деп қойған екен. О. Бөкей 1961 жылы Шыңғыстайдың Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы орта мектебін тамамдап, сонда пионер вожатыйы, кейін “Алтай” кеңшарында тракторшы болып еңбек еткен. 1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тамамдап, өз өңіріндегі Большенарым ауданында “Еңбек туы” және Шығыс Қазақстан облыстық “Коммунизм туы” газеттерінде тілшілік қызметтер атқарды. Ара – тұра Алматыдағы «Лениншіл жасқа» мақала – очерктерін жіберіп тұрады. Қаламы жүйрік, ойлары отты жалынды жасты газеттің сол кездегі бас редакторы Шерхан Мұртазаның қырағы көзі қалт жібермеді. Сөйтіп жиырма бес жастағы жас журналист О. Бөкеев Алматыға келіп, “Лениншіл жас” (бүгінгі “Жас алаш”) газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болды. Публицистикаға даңғыл жол осылай ашылды. Бұдан кейін “Жұлдыз” журналының проза бөлімінде (1974 - 1983) қызмет атқарды. 1983 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактордың орынбасары болды. 1991 жылдың қазан айында О. Бөкей “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторлығына тағайындалады. Ол бұл газетте өзінің өзінің өшпес қолтаңбасын қалдырған. Сол қолтаңба - өзгерістер мен жаңалықтар, жаңа айдарлар өзінің өміршеңдігімен ерекшеленеді. Мысалы, «Құмсағат» айдары үлкенді – кішілі оқиға, жаңалықтарға баға берер оқырман хаттарын жариялап тұрды. Сол арқылы белгілі бір кесімді уақыт аралығында не жоғалттық, не таптық деген сауалға жауап іздеді. «Сыр сандықты ашып қара» айдарының арамыздан ерте кеткен ақын жазушылардың бұрын жарияланбаған шығармаларын, жазысқан хаттарын, естеліктерін жарыққа шығаруда, уақыт уыты мен замана желі сарғайтқан қолжазбалар, көне фотосуреттерді іздеп тауып, оқырмандарға жеткізудегі маңызы зор болады. Оның өзектілігі аяқалысынан –ақ, ғалым, жазушы Нығмет Ғабдуллиннің Ғабит Мүсірепов туралы естелігін жариялаған күннен-ақ көрінеді. Оралхан Бөкейдің саяси мақалаларындағы еркіндік, ешкімге жалтақтамайтын турашылдық, батылдық, ол заман үшін үлкен жаңалық еді. О. Бөкей «Қазақ әдебиетінің» басшылығына басылым атаулыны қиындық қаусатқан тұста келді. Күрт түскен таралым, еріксіз қол үзген оқырман, қағаз, бояудың тапшылығы әсерінен 125000 оқырманы болған «Қазақ әдебиеті» газетінің таралымы 5000 данаға дейін құлдырады. «6 миллион қазаққа 5 мың ғана «Қазақ әдебиеті», сонда жабыламыз ба, қайтеміз, ағайын!» (23.10.92) деген мақала жарық көрді. Оқырман жинау мақсатында ақындар айтысын ұйымдастырады. Алайда, аяқтан шалу аяқасты басталды. Ол жөнінде О. Бөкей «Айтыс өткізуге Мәдениет минстрлігі қарсы болды. Министрдің өзі қарсы болды. Айтыскер ақындар мен жыршы – термешілердің одағы қарсы болды. Қарсы қағаздар жазылды. Соның салдарынан айтыс өткізуге тиісті Республика сарайын алып қойып, бір жұма сарсаңға салды» (Қ.Ә. 25.12.92) деп жазды. Мұндай кедергілерге қарамастан айтыс өтеді. Нәтижесі жаман болмаған. Газет таралымы 67978 данаға жеткен. Шараның өту мақсаты: Акцияның мақсаты- ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерлету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа, әрі өнегелікке тәрбиелеу. Ұлттық кітапхананың бастамасымен алты жыл қатарынан ұлы жазушыларымыздың туындылары «Бір ел-бір кітап» деген тақырыппен жарияланып келеді. «Қайдасың қасқа құлыным» повесі Оралхан Бөкей шығармашылығының шыққан биігі деуге болады. «Қасқа құлының» бас кейіпкері әзірге әкесіне еріп, бұғының мүйзін кескенін көруге бара жатқанынан басқа «іс-әрекеті» байқалмайтын Орал-«Мен ақынмын! Ақылшым –туған жер, ұстазым- тәкәпар да қатал Алтай!» деп өзі жар салғандай, болашақ жазушы, ой мен сөздің зергері. Ол әзірге қасқа құлынын- арманын іздеуші романтик жас қана. Шараның әдісі: Жастарды сауаттылыққа, білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Тәуелсіз елімізді өркенметті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ- егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан – дүниесі бай, білімі мен біліктілігі жоғары, талап- талғамы терең салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыратын тұлғаны айтамыз. Үлгерімді және үлгілі студенттерге жан-жақты қолдау көрсету біздің университетімізде берік дәстүрге айналды. «Бір ел –бір кітап» Акциясы 2007 жылы Абайдың «Қара сөзіне», 2008 жылы М.Әуезовтың «Қилы заман» романына, 2009 жылы Мағжан Жұмабаевтың «Жан сөзі» кітабына, 2010 жылы Жұбан Молдағалиевтың «Мен -қазақпын» поэмасына, 2011 жылы Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақ білек» романына, 2012 жылы Оралхан Бөкейдің «Қайдасың қасқа құлыным» повесін таңдап алынуына орай факультет студенттерімен бірігіп Ақпараттық білім беру орталығы жыл сайын іс-шаралар өткізіп отырады. Кітаптың адам өмірінде алар орны туралы ұлы адамдардың нақыл сөздерін оқыған әрбір жас оқырманның жүрегінде кітапқа деген құштарлық сезімі оянары хақ.

Mukhtar Auezov

Counters

Яндекс.Метрика