«Ақпараттық білім беру орталығы қызметкерлерін заманауи ақпараттық технологияларды меңгергені жөнінде аттестациялау».

Печать

       М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің  2012 жылғы 28 наурыз айындағы  Ғылыми Кеңесінің шешімі бойынша (хаттама № 8 ), Университеттің Электронды кітапханасын тиімді пайдалану мақсатында, электронды кітапхананы әрі қарай қалыптастыру үшін, цифрлы технологияның дамуына байланысты, электрондық оқулықтар мен оқу құралдарын пайдаланушыларға сапалы түрде жеткізу үшін, кітапханашылардың  кәсіби біліктілігін заманауи талапқа сай  көтеру , жедел ақпараттар мен тәжірибе алмасу мақсатында,  Ақпараттық білім беру орталығы қызметкерлері арасында заманауи ақпараттық технологияларды меңгергені жөнінде  аралық-бақылау (тексеру) аттестациялау жүргізілді.

      Аралық - бақылау аттестациялаудан Ақпараттық білім беру орталығы қызметкерлерінің 45 қызметкері  өтті.

      Ақпараттық мәліметтер базаларымен жұмыс дағдылары, АБО сайтынан ақпараттық іздеу жұмысы, кәсіби біліктілігін жаңа технологияда пайдалану (ИРБИС), компьютер бағдарламаларымен жұмыс бағалау критерилері бойынша бағаланды.

     Аттестациялаудан өткен қызметкерлер пайыздық көрсеткіші бойынша: 16 адам (36 %) - өте жақсы , 20 адам (44%) -  жақсы, 9 адам (20%) – қанағаттанарлық  деп бағаланды.

    Қазіргі уақытта АБО қызметкерлер құрамы 75 адам, аттестациялау нәтижесінде қызметкерлер құрамының  87 % жоғары кітапханалық білімді, 2 қызметкер ОҚМУ магистратура бөлімінде, 4 қызметкер университеттің «Кітапхана ісі» мамандығына сырттай оқу бөлімінде оқиды.

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика