Көпшілік іс-шаралар

«Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар» атты кітабының авторы Алшанов Рахман Алшанұлы

Печать

2022 жылдың 10 ақпанында  «Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар» атты кітабының авторы Алшанов Рахман Алшанұлы М. Әуезов атындағы ОҚУ студенттері  мен Шымкент қаласының мектеп оқушыларымен кездесуі өтті.

Аталған іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым Академиясының академигі, т.ғ.д.,профессор М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Басқарма төрағасы-ректор Д.П.Қожамжарова ашты, кітап авторына алғыс білдірді. Жастарды ғылымға деген ынтасын арттыруға бағытталған Р.Алшановтың еңбегін оқуға шақырды.

Университеттегі «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері А.Б.Қалшабек, «Басқару және бизнес» ЖМ деканы э.ғ.к. доцент М.Қ.Сейдахметов, «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының PhD докторанты Г.Б.Нарымбет, «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының маманы Ә.Исабек, Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталық директоры М.А.Медетбекова өз пікірлерін білдіре отырып авторға алғыс білдірді..

Заң факультетінің 2 курс студенті Н.Әліайдарқызы «Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар» атты  кітабығылымға деген құштарлықты оятқан бірден-бір еңбек,-деді.

Аталған кітап бойынша оқушылар менстуденттер арасында эссе жазудан ұйымдастырылған байқаудың жеңімпаздарына автор Сертификат және ақшалай сыйлықтар табыстады.Эссе жазуға қатысқан барлық оқушылар мен студент жастарға Алғыс хаттар берілді.

Ақпараттық білім беру орталығығалым еңбектеріне арналған «Ғұмырын ғылымға арнаған ғалым» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап авторы университет кітапханасының қорына бірнеше кітабын тарту етті.

Шымкент қаласы мектеп оқушыларының жеңімпаздары: 1 орын  Д.Шеңгелбай №52 мектеп-лицейінің 10 «А» сынып оқушысы; 2 орын Н.Тұрлыбек З.Космедемьянская атындағы №23 мектеп лицейінің 10 «Ә» сынып оқушысы; 3 орын А.Сапаралиева №7 Қ.Спатаев атындағы ІТ мектеп-лицейінің 10 «Б» сынып оқушысы.

М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттерінің жеңімпаздары:1 орын  Ф.Раймбекова «Заң» факультетінің  4 курс студенті; 2 орын А.Абатова «Тарих және педагогика» факультетінің 3 курс студенті; 3 орын З.Әбдуғаппар «Заң» факультетінің  2 курс студенті.

 

 

Ахметов Ақболат Райымбекұлының 75 жылдығы

Печать

24 желтоқсанда  Ақпараттық  білім беру орталығы "Сәулет, Құрылыс және көлік" факультетімен бірлесіп академик, техника ғылымдарының докторы, "Құрылыс және құрылыс материалдары" кафедрасының профессоры, 135 –тен астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 4 монографияның авторы, сондай – ақ "Vira" республикалық ғылыми – техникалық құрылыс журналының рецензенті - Ахметов Ақболат Райымбекұлының 75 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізді. Оқу және оқу – әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Р. Ж. Абишева кіріспе сөз сөйлеп, дөңгелек үстелдің қонақтары мен әріптестері өз тілектерімен құттықтауларын білдірді.

 

Елін сүйген, ел сүйген Елбасы

Печать

М.Әуезов атындағы Оңтустік Қазақстан университетінің   № 9  ғимаратында  «Аграрлық» факультетінің   «Ветеринарлық медицина» кафедрасының аға оқытушысы Қамбаров А.А  кітапханашы Бименова С.Қ  және Ап-20-8к3 тобының  ұйымдастырумен  «Елін сүйген, ел сүйген Елбасы»  атты дөңгелек үстел өтті.    Іс-шараға  «Ветеринариялық медицина»  кафедрасының  аға окытушылары  Байжанов К.С, Орынбаева Б,  Айтбаева А.С.  қатысып, Тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті туралы, атқарған еңбектері және тарихи кезеңдеріне тоқталып өтті. Іс- шара барысында   Елбасымызға арналған  көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Тұңғыш Президентіміздің еңбектері, кемеңгер басшымыз жайлы жазылған  кітаптар, халқымызға арналған  жолдаулар  және т.б. қойылды.

 

Тәуелсіздік – таң нұры

Печать

19 қараша күні Ақпараттық білім беру орталығының  бас оқу залы,   «Ақпараттық технологиялар және  энергетика» жоғары  мектебі  «Ақпараттық жүйе және модельдеу»  кафедрасының  студенттері  мен  оқытушыларының қатысуымен,   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің  30 жылдығына арналған  «Тәуелсіздік – таң нұры»  атты әдеби – музыкалық  кеш ұйымдастырды. Кешті  «Ақпараттық технологиялар және энергетика»  жоғары  мектебінің  деканы  Шертаев Ерман Тельманович ашып,  жастарға  30 жыл  ішінде тәуелсіз қазақ елінің  қалыптасқанын, нарықтың қиын өткелдерінен  өткенін, осы кезеңде Қазақстан әлемдегі  мықты мемлекеттер  қатарына қосылғанын, ата- бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған  ел тәуелсіздігі  Қазақстан халқының нағыз рухани жаңғыруына мүмкіндіктер ашқанын  айтып өтті.

            «Ақпараттық жүйе және модельдеу»  кафедрасының меңгерушісі  Изтаев  Жалғасбек  Дулатұлы, «Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті» директорының  орынбасары Исмаилова Мереке Ережепқызы, филология ғылымдарының кандидаты Айтмамбетов Фархад Умирзакович  сөз кезегінде  «Жер болса -  ел болады , ел болса - ер болады»  деген осынау қасиетті  мекенде , асқақтаған өлкеде, кеңшілігі кең дархан далада, егіні теңіздей толқыған , төрт түлігі өрбіген , өндірісі өркендеген мекенде өмір сүрген әрбір адам өз  Отанын жанындай сүйіп, оның көкбайрағын көкке көтеруді мақтаныш тұту керек деді. Ақпараттық білім беру орталығының   директоры м.а. Сауырбаева Индира Кабланқызы  бабаларымыз аңсаған еркіндіктің қадірін білу және келешек ұрпаққа аманаттау және жеткізу  жастар сіздердің қолдарыңызда, деп айтты және келген қонақтарға, іс-шараның өтуіне атсалысқан «Ақпараттық жүйе және модельдеу»  кафедрасының оқытушысы  Куленова Эльмира Толенбаевнаға, ИП-21-3к1 тобының  студенттеріне   ризашылығын білдірді. Ақпараттық білім беру орталығының сектор меңгерушісі Жумабаева Ботагоз Аленовна  кеште тәуелсіздік жайлы  слайд көрсетіп,  өлең оқып,  ән айтып, көрініс көрсеткен  студент жастарды марапаттады.

 

 

 

 

Референттер күні

Печать

2021 жылдың 4 қарашасында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ақпараттық білім беру орталығында «Референттер күні» семинары өтті. Оқу және әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Абишева Р.Ж. семинарды ашып берді. Кітапхана қызметкерлері университеттің оқу процесіне көмек ретінде пайдаланушыға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін өз баяндамаларын және ұсыныстарын жасады.

 

 

 

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика