Мұражай қазыналарын ашу
Облыстық өлкетану мұражайы, Саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайы, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы мұражайы, тарихи мақта шаруашылығы мұражайы, Қажымұқан Мұңайтпасов мұражайы, «Қылует» этномұражайы
Облыстық өлкетану мұражайы
Мұражай қорында өлкенің табиғаты мен тарихын және мәдени өркендеуін түсіндіретін 60 мыңға жуық мұрағат бар. Мұражай археологиялық, нумизматикалық, этнографиялық жинақталған бөлімдерден құралған.
Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи – өлкетану мұражайының негізі 1920 жылы қаланған. Мұражайдың қалыптасуы мен дамуына атақты ғалым шығыстанушы М.Е.Массон мен жергілікті аймақтанушылар В.П.Тризна, И.К.Шпота, М.А.Быков, М.И.Мекленбурцев, т.б. еңбектері ұшан теңіз. 1977 жылы мұражайға арналған жалпы аумағы 2367 кв/метрге жететін жаңа ғимарат тұрғызылған болатын, оның ішінде экспозицияға арналған аумақ – 1058, 6 м.кв., қорға арналған аумақ – 440 м.кв. құрайды. Мұражайдың бес ғылыми – зерттеушілік бөлімдері бар: археология бөлімі, тарих және этнография бөлімі, қорлар бөлімі, экскурсия мен ақпараттық қамту бөлімі, экспозициялық бөлім мен табиғат секторы, бұл бөлімдерде ғылыми – зерттеушілік, жинастырушылық және ағартушылық жұмыстар атқарылады.
Мұражай қорында 70 мыңнан астам материалды және рухани мәдениет ескерткіштері сақталуда. Мұражайдың ғылыми кітапхана қорында 6 мыңнан астам кітап даналары бар. Мұражайдың Түркістан ауданы, Иқан станциясындағы Миртемир атындағы бір әдеби секторына арналған мұражайы мен 8 филиалы бар: Шымкент қаласында – Хәкім Абай мұражайы, Көркемөнер галереясы, «Ерлік» мұражайы, Түркістан қаласында – С.Ерубаев атындағы мемориалды мұражай, Сарыағаш пен Шардара қалаларында – тарихи – өлкетану мұражайлары, Сайрам ауданы, Ақ сулар ауылы мен Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылында – тарихи – өлкетану мұражайлары. Мұражайдың экспозициясы 3 бөлімге бөлінген: өлке табиғаты, археология мен этнография, ХІХ ғасыр басынан бастап қазіргі заманға дейінгі тарих бөлімдері.
«Оңтүстік Қазақстан облысы табиғаты» залында «Жәндіктер әлемі» атты этномотологиялық топтама ұсынылады. «Қаратау өзенінің юра дәуірі» мен Қошқорған облыс табиғаттарының бірегей ескерткіштерінің палеонтологиялық табулары алуан түрлі. Қордың түпнұсқалық байлығы залдың орталығында шеңберлі әйнекте орналастырылған пайдалы қазбалар коллекциясы болып табылады. Облыстың табиғи ландшафтары диорама арқылы берілген.
Археология залы палеолит пен неолит дәуірлерінің түпнұсқалы артефактілерімен бірге неолиттік Қараүңгір үңгірлік қонысының диорамасымен басталады. Археология мен этнография бөлімдерінің экспозициясында шынайы еңбек құралдары, тұрмыс заттары, қару – жарақтар, сәндік – қолданбалы өнер мен облыс территорияларын ежелгі кезеңдерден бастап ХІХ ғасырдың басына дейін мекен еткен тайпалар мен халықтардың (сақ, түріктер, үйсіндер, қаңлылар мен қазақтар) өмірі, тұрмысы мен күресі туралы көрініс беретін әртүрлі тарихи дәуірлердің заттары ұсынылған. Археология мен этнография бөлімдерін біріктіретін дәстүрлі қазақтың ұлттық тұрғын үйі – киіз үй (қимасында көрсетілген) тұрғызылған.
2006 жылы реконструкциядан кейін екінші қабатта ХІХ ғасырдың басы мен қазіргі заманымызға дейінгі облыс тарихынан сыр шертетін көрме қойылымдары ашылды. Жаңа экспозиция төрт бөлімнен тұрады: «ХІХ ғасырдың басындағы Қоқан хандығы билігі астындағы өлке», «Ресей империясы құрамындағы өлке. Қазақстандағы Ресейдің отаршылдық саясаты», «Тоталитарлық жүйедегі өлке», «Қазақстан – тәуелсіз ел. Тәуелсіздік кезеңіндегі Оңтүстік Қазақстан облысы». Жаңа көрме қойылымдары ұлттық тарих оқиғаларын ашатын материалдармен ұсынылған. Олар арқылы мыналар көрсетілген: қазақтардың ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басындағы ұлт – азаттық көтерілістері, ұлттық зиялылардың қызметі, оның ішінде Қазақстан мен облыстың дамуына баға жетпес еңбектерін сіңірген А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханов, Т.Рысқұлов, С.Қожанов, Т.Тынышбаев, М.Шахай, Ж.Мыңбаев және т.б., сонымен қатар тарихтың «қара» беттері де ұсынылады – ұжымдастыру, аштық, саяси қуғын – сүргіндер.
Залдағы үлкен орынды Ұлы Отан Соғысына арналған бөлім алып жатыр. Соғыс ардагерлерінің мұражайға мәңгіге сыйға тартқан түпнұсқалы құжаттары, фотосуреттері, соғыс жылдарының жәдігерлері Оңтүстік қазақстандықтардың майдан мен тылдағы ерліктерінен сыр шертеді. Бұл залда тарихтың кейінгі кеңестік кезеңі де елеусіз қалған жоқ, сондай- ақ Чернобыльдағы қоғамдық – саяси оқиғалар, Ауған соғысының материалдары да бар.
Көрме қойылымдары ішінде ерекше орынды Қазақстанның дербес, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының кезеңі, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысының қарқынды экономикалық және әлеуметтік дамуы алады. Облыстың қарқынды даму серпіні жаңа кәсіпорындардың құрылуы мен жұмыс атқаратын өндірістік кәсіпорындардың нығайтылуы, банктік жүйенің дамуы, шағын және орта бизнестің жетілдірілуі, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларынан айқын көрініс табады.
Мұражайда Шымкент тілшісі Алексей Гончаревпен түсірілген облыс тарихы мен табиғаты туралы фильдері көрсетілетін үш монитор қойылған.
Құнды топтамалар мен түпнұсқалы құжаттарға, көрме қойылымдарына, ғылыми қызметкерлердің көрмелері мен интеллектуалды базасына негізделе отырып, мұражай жан- жақты мәдени – ағартушылық жұмыстар ұйымдастырады. Жыл сайын ҚР мұражайларымен аралатпа көрмелермен алмасады, сонымен қатар ЮНЕСКО және жақын мен алыс шетел елдерінің мұражайларымен ұйымдастырылатын конференция, семинар жұмыстарына белсене қатысады.
ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы
Мұнда келушілер отызыншы жылдары Ф.И. Голошекиннің «Кіші Қазан» саясатымен 3 млн адамның өмірін қиған ашаршылық пен қуғын сүргінге ұшырағандардың қысқаша тарихымен және басқа да оқиғалармен таныса алады.
Түйісулер:
МКҚК ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ МҰРАЖАЙЫ
Мекен-жайы: Казахстан Республикасы, 160012, Шымкент қаласы, Рысқұлбеков көшесі н/з
Е-mail: repressia.kz@mail.ru
Мұражай директоры: Ханбибі Есенқарақызы
Тел.: 8(7252)21-01-40
Экскурсия бөлімі: 8(7252)21-00-25
Жұмыс уақыты: 9-00 – 18-00
Демалыс: Жексенбі
Байланыс тілі: қазақ, орыс, қытай
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы мұражайы
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы бұл – археологиялық және сәулет ескерткіштерінің толық кешені болып табылады.Мұражай қорығы орналасқан Түркістан (тарихи атауы Ясы) көне қаласы Қазақстанның ортағасырлық тарихының өзіндік нышаны және қажылық пен тарихи саяхатшылығының орталығы болып табылуына мүмкіндік берген өткен уақыттың баға жетпес ескерткіштерімен қоршалған.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы бұл – археологиялық және сәулет ескерткіштерінің толық кешені болып табылады.Мұражай қорығы орналасқан Түркістан (тарихи атауы Ясы) көне қаласы Қазақстанның ортағасырлық тарихының өзіндік нышаны және қажылық пен тарихи саяхатшылығының орталығы болып табылуына мүмкіндік берген өткен уақыттың баға жетпес ескерткіштерімен қоршалған.
Түркістан ескерткіштері ғалымдар мен мұражай ісі мамандарының назарын әрдайым өзіне қаратқан, 1978 жылдың қыркүйек айында Ахмет Яссауи кесенесінің негізінде «Ахмет Яссауи атындағы республикалық сәулеттік мұражай кешені» ашылды, ал 11 жыл өткен соң Түркістандағы барлық негізгі сәулет ескерткіштері мен мұражайларын біртұтас ұйымдастыру кеңістігіне біріктіру жайындағы шешім қабылданды. Осылай 1989 жылы «Әзірет Сұлтан» Мемлекеттік тарихи-мәдени мұражайы ұсынылған.
Мемлекеттік мұражай қорығы Тәуке хан даңғылы мен Алматы алаңы бұрышында, Шымкент – Қызылорда көлік магистралі бойында орналасқан.
Қорықтың негізгі объекті әрине ХIV ғасырдың тарихи-сәулет ескерткіші, халық арасында әулие Әзірет Сұлтан – Әулиелердің Сұлтаны ретінде белгілі болған түркі тілдес халықтарының рухани тәлімгері Қожа Ахмет Яссауи кесенесі болып табылады. Бұл бүгінгі дейін жеткен орта ғасырлардағы жалғыз сәулет ескерткіші. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 2000 жылы маусым айында ЮНЕСКО Бүкілдүниежүзілік мұра тізіміне алынған Қазақстан тарихының алғашқы ескерткіші болып табылады.
Осы әсем көне құрылыстан басқа, «Әзірет Сұлтан» мұражайы – мәдени қорығына ортақ ұйымдастырылған және ғылыми инфрақұрылымына біріктірілген тағы сегіз мұражай ескерткіштері кіреді.
“Әзірет Сұлтан” қорығына келесі мұражайлар кіреді:
1. Қожа Ахмет Яссауи мұражайы ХIV ғ.,- Экспозициялық ауданы- 654,98 шаршы м.
2. «Қылует» жер асты мешіті ХII ғ. – 702 шаршы м.
3. «Жұма мешіті» мұражайы ХVIII ғ. – 603,6 шаршы м.
4. «Шығыс моншалары» мұражайы – 130 шаршы м.
5. Түркістан қаласының тарих мұражайы – 1050 шаршы м.
6. Археология және этнография мұражайы ХIV ғ. – 140 шаршы м.
7. Рабия Сұлтан Бегім мұражай кесенесі ХVғ.-62 шаршы м.
8. «Түркістан қ.көшесі» мұражайы ХIXғ.-452 шаршы м.
Осы мұражайлардың жалпы экспозициялық ауданы– 3794,52 шаршы м.
Қазіргі кезде мұражай құрамына 114 тарихи-мәдени, діни-рухани, археологиялық және сәулет ескерткіштері кіреді, солардың ішінде біреуі халықаралық маңызындағы, 50 –республикалық және 63 – жергілікті маңызындағы ескерткіштер болып табылады. Қорғалынатын аумақтың жалпы территориясы– 529,4 га.
Мұражай қорығының негізгі қорына 13800 экспонат кіреді, ал оның ғылыми кітапханасында 5000 астам кітап бар.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы өңірдегі танымал туристтік нысаны және бүкіл Қазақстанның ең маңызды көрікті жері болып табылады, жыл сайын ол 350 мың келушіні қабылдайды.
Мұражай қорығының жұмысшыларының негізгі міндеті – көне қаланы мұражайлар қаласы мен барлық түркі тілдес халықтарының рухани орталығына айналдыру.
Мұражайда мынандай құрылымдық бөлімшелер бар:
1. Ғылыми-зерттеу бөлім
2. Ғылыми кітапхана
3. Қордың ғылыми бөлімі
4. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау бөлімі
Болашақта жаңа бөлімдерді ашу ұйғарылған: археология, этнография және этнология ғылыми-зерттеу бөлімі, діни тарихтың бөлімі, насихаттау мен мәдени-бұқаралық бөлім, экспозициялық және көрме бөлімдері, қауіпсіздік қызметінің бөлімі, қайта қалпына келтіру және сақтау бөлімі.
«Әзірет Сұлтан» тарихи ескерткіштерде сақталып қалған мұраны насихаттау бойынша белсенді және жан-жақты қызмет атқарып жатыр. Республикалық дәрежесіндегі «Яссауи тану» байқаулары өткізіліп жатыр, 2007 жылдан бастап жыл сайын мұражайда түркі халықтарының рухани-мәдени тұрмысында Қ.А. Яссауидің мұрасын зерттеу және анықтау бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіліп жатыр, мұражай баспасында бірнеше кітап басылып щығарылған, солардың ішінде «Қожа Ахмет яссауидің» кітапнамалық көрсеткіші бар. Қазақстанның түрлі қалаларында үнемі мұражай қорығының қорларынан шығатын көрмелер өткізіледі, осылай Алматы қаласында «Түркістанның жеті кереметі» көрмесі өтті, мұражай қорынан 200 астам экспонат көрсетілген. Осындай көрмелер Астанада, Ақтөбеде, Атырауда, Таразда, Оралда, Қарағандыда, Павлодарда және т.б.қалаларында өткізілген.
«Әзірет Сұлтан» мұражайы – мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы бүкіл Қазақстан үшін зор туристік және ғылыми-тәжірибелік маңызындағы мәдени объект болып табылады.
Тарихи мақта шаруашылығы мұражайы Мақта шаруашылығы мұражайы, 1930 жылдары салынған ең ескі мұражайлардың бірі. Бұл мекемеде мақта шаруашылығының дамуы, аймақтағы шаруашылық үлкен маңызға ие болуына байланысты ашылған мұражай.
«ОҚО мақта шаруашылығы тарихы музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Музейдің қазіргі сыртқы көрінісі
Музейдің 1935 жылдағы сыртқы көрінісі
Оңтүстік Қазақстан облысы мақта шаруашылығы тарихы музейі 1944 жылы құрылған. Музей орналасқан ғимарат 1930 жылы салынған. 1944 жылы «Пахтаарал» (қазіргі Мақтарал ауданы) совхозының құрылғанының 20 жылдығына арнап ауыл шаруашылығы көрмесі ұйымдастырылады. Осы көрмеден кейін кеңшар қаулысы бойынша шаруашылықтың егіншілік саласындағы қол жеткізген табыстарын кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатымен музей құру туралы шешім қабылданады. 1973 жылы Қазақстан КП Пахтаарал аудандық комитетінің және аудандық кеңестің халықтық депутаттарының атқарушы комитетінің қаулысымен музей келушілер үшін салтанатты түрде ашылады.1971-1979 жылдары музей қоғамдық негізде жұмыс істеді. ҚазКСР Мәдениет министрлігі коллегиясының 1979 жылғы 31 қазандағы №102 қаулысына сәйкес музейге «халықтық» атағы беріледі. 1984 жылы Мәдениет министрлігі Ж.Еркімбековтің қолы қойылған 16.02.84ж. №57 бұйрығына, ҚазКСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Б.Ашимов қол қойған №30-қаулысына сәйкес музей Мәдениет министрлігінің қарамағына өтеді. 2002 жылдан бастап «Мақтаарал ауданының мақта шаруашылығы тарихы мұражайы» мемлекеттік мекемесі деп аталды. 2005 жылы облыстық бюджет есебінен қаржыландыру басталды. 2007 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мәдениет басқармасы «Оңтүстік Қазақстан облысының мақта шаруашылығы тарихы мұражайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді. Музейді құрып, ұшан-теңіз материал, құжаттарды жинастыруда, ғылыми жүйелеуде музейдің алғашқы ұйымдастырушысы КСРО қорғаныс министрлігінің дербес зейнеткері, музейде директор болып қызмет атқарған Василий Иванович Амельченко 1984 жылы Ташкент қаласындағы «Рассом» сурет комбинатымен шартқа отырып, заман талабына сай безендіру жұмыстары жүргізіліп, аяқталады.
ОҚО мақта шаруашылығы тарихы музейінде» Н.Хрущев, Қазақстанның ОК I-хатшысы Д.А.Қонаев, қазақ вальсінің королі Ш.Қалдаяқов келіп, АҚШ-тың, Бразилияның, Монғолияның, Қытайдың, Кубаның, Венгрияның, т.б. дүниежүзі елдерінің делегациялары болып, тамашалаған. Музейде келген қонақтардың қолтаңбалары қалдырылған кітапты экспозиция залынан көруге болады. Музей экспозициясының алғашқы залы 1913 -1945 жылдар аралығын қамтиды. Музей экспозициясы Мырзашөлдің панорамасымен басталып, суландыру жұмыстары, алғашқы мақта егу құралдары мен техникалары, «Пахтаарал» совхозының алғашқы директоры, Социалистік Еңбек Ері А.Орловтың жұмыс кабинеті, соғысқа дейінгі мақта сорттары, 1910 жылғы «Максим» пулеметі, 1917 жылғы мылтықтар мен тұрмыстық заттар орын алған. Музейдің кейінгі экспозициясы 1946 жылдан басталып, қазіргі уақыт аралығын қамтиды. Мақтаны өлшеу құралдары, мақтадан алынатын өнімдер, ауданда қызмет атқарған адамдардың өмірінен мәлімет алуға болады. Әскери-патриоттық жұмыс музей ұжымының басты бағыты болып келеді.
ОҚО, Мақтаарал ауданы, Атакент ауылы, Төреқұлов көшесі 28, Шымкент қаласынан 230 км қашықтықта
Қажымұқан Мұңайтпасов мұражайы
Қажымұхан атындағы мұражайдың ерекшелігі сол, балуан батырдың жетістіктері мен жасаған ерлік істері жайында баяндалатын экспозициялардан құралған. Мұнда балуанға тиесілі барлық құжаттар мен суреттер жинақталған.
Қажымұқан атамызға арналған спорт мұражайына саяхат
Қажымұқан атындағы облыстық спорт мұражайы біздің ауылға жақын орналасқан. Темірланда. Темірлан - Ордабасы ауданының орталығы. Ауылға қыдырып келген достарымды мұражайға апаратын әдетім. Бүгін сіздерге де бір таныстырып шығуды жөн көрдім. Мүмкін, біз жаққа жолдарыңыз түсіп жатса ертіп апарармын. Оған дейін...
Бұл мұражай Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы музей үйі болып 1976 жылы ақпан айында ашылған. Ал 2001 жылғы 26 маусымдағы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің №78 қаулысымен Қажымұқан атындағы облыстық спорт мұражайы мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.
Мұражайдың шаңырағы іштен қарағанда күмбез болып келеді де, сырттан қарағанда жерді, елді жаудан қорғап өткен сарбаздарымыздың қолбасшылары, хан, бек, батырлардың шатырындай үшкірленіп тұр. Құрылыстың жоба-сызбаларын жасаушылар цирк аренасы секілді ойластырып, палуандық өнерді көрсетуді мұрат тұтқан. Күмбездің диаметрі – 12 метр, мұражай қабырғасының биіктігі іргетасымен қосқанда 5 метрден асады. Ал табанынан ұшар басына дейін – 16 метр.
Қажымұқан атамыз өте сирек кездесетін ірі тұлғалы палуан болған. 1946 жылы ғалым Әуелбек Қоңыратбаев арнайы үйіне барып, жазып алған деректерді сөйлетсек, таза салмағы – 174 кг, бойы – 195 см (күресіп жүрген кезіндегі салмағы – 215 кг, бойы – 200 см барған), аяқ киімі шамамен 54-інші қалыпқа (размер) барған екен.
Бұл тастың салмағы 350 кг. Қажымұқан атамыз 75 жасында Түлкібас ауданында ел аралап, өнер көрсетіп жүргенінде көтерген екен. Ал 48 кг тасты бір қолдан екінші қолға ауыстырып, доп секілді ойнатқан.
Палуан атамыздың арбасының дөңгелектері.
Теңдессіз қара күштің иесі Қажымұқан атамыз Ресей, Франция, Германия, Швецария, Америка, Финлияндия, т.б. сынды 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц секілді палуандарды боз кілемдегі айқастарда шетінен жыққан.
Мұражайда көрермендердің қызығушылығын тудыратын, кезінде киелі палуанның тұрмыста қолданған заттары мен спорттық құралдары, киімдері, әлемдік жарыстарда ұтып алған медальдары, «Польша каролі Сегизмундтың атындағы жүлдені қатарынан 4 рет жеңіп алғандығы туралы белгісі жапсырылған қайыс белдігі, Қажымұқанның жеңісіне риза болған Варшава мұсылмандары сыйға тартқан ескерткіш белгі медальоны қойылған.
Сары самаурынды Қажымұқан атамыз үйленгенде достары сыйға тартқан екен.
Қажымұқан атамыздың жеке төлқұжаты.
Мұражайдың жоғары қабатында Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттарханов және де Бексейіт Түлкиев, Ермахан Ибраимов, Әлия Жүсіпова, Нұржан Сманов, Асқар Сәрсенбаев, Еркебұлан Шынәлиев, тағы басқа есімдері әлемге әйгілі саңлақ спортшылардың тұтынған заттары мен құралдары тарихи құнды жәдiгер болып тұр.
Тоғыз жолдың торабында орналасқан бұл мұражайға келушілердің қатары қалың. Жылына 11-12 мың қонақ келеді екен. Астанадан келген Бағлан Қайназаровты досы Болат мұражайға ертіп келіпті бүгін. “Мың рет естігеннен, бір рет көрген артық”, – дейді ғой. Қазақты айдай әлемге танытқан Қажымұқан атамыздың жетістіктерін, ұрпаққа қалдырған ізгі істерін көріп ерекше әсерлендім. Жолы түссе әрбір адам келіп, көріп, танысатын мұражай екен, – дейді Бағлан.
Қажымұқан атамыз өзі мініп барған түйені ең алғаш рет Парижде 1913 жылдары көтерген екен. Салмағы 450 кг болған.
Екінші дүние жүзілік соғысы жылдары палуан Қажымұқан атамыз мемлекеттік қорғаныс комитетіне жазған хатында өз өнерін көрсетіп, содан түскен 100 000 сом қаржыға ұшақ жасау туралы өтінішін білдірген. Ұшақ 1944 жылы күзде дайын болып, аға лейтенант Қ.Шалабаевқа тапсырылады. Ол соғыс барысында бұл ұшақпен 100-ден аса әскери тапсырма орындаған. 1945 жылы 24 маусымда Мәскеуде өткен жеңіс шеруінде Қажымұқан ұшағы әуеге тағы да көтерілген. Ұшақ жасауға қаржы берген Қажымұқанға Сталин өз атынан алғыс хат жолдаған, майдан даласынан жауынгерлік хаттар келген.
Біздер мен сіздерді Қажымұқан атамыз жайлы сан деректерге қанықтырып, ақпарат берген мұражай үйінің экскурсия жетекшісі – Гүлжаһан Тастемірқызы.
Оңтүстікке келсеңіз, міндетті түрде Қажымұқан атамыздың мұражайына соғыңыз. Кіру ақысы – 100 теңге.
Мекенжайы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы
«Қылует» этномұражайы
Осы жер асты мешітіне барып шықсаңыз, Орта Азия ғасырларының тереңіне үңіліп, серуен жасап қайтқандай боласыз. Мұнда сондай-ақ туристер арасында аты шыққан қыштан жасалған кәдесыйлар сатылу көрмесі жасалады.
Қайда:
Тұрлан экспедициясы, Қазақстан көшесі 41, Шымкент қ.
«Қылует» этномузейi
Шымкент қаласының «Тұрлан экспедициясы» шағынауданында орналасқан этномұражай Қарабдаловтың ғана емес, өнерлі ұлттың жетістігі болып отыр. Мұражай 2004 жылдан бастап жұмыс iстеп келедi. Онда Кендебай ағаның қолынан шыққан әртүрлі бұйымдарды тамашалауға болады. Сондай-ақ Отырартөбе қалашығында, басқа да жерлерде археологиялық қазба жұмыстарына қатысқан кезінде табылған ерекше жәдiгерлерді де Кендебай аға сақтап отыр. Кендебай аға үйiнiң алдына саз илейтiн, одан балшық күйiндегi қалыпта әзiрленген құмыраларды, сырнайды отқа күйдiретiн жерошақ орнатып, кешендi шеберхана да ұйымдастырған.
Яғни, мұражайға келген қонақтарға әр бұйымның, сазсырнайдың, құмыраның қалай жасалатынын көрсетіп береді. Қызығушылық танытқандарға үйретеді де. ҚР Туризм және спорт министрлiгiмен тығыз байланыста. Бiздiң өңiр Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқандықтан, 2009 жылы мұражай ЮНЕСКО бекiткен халықаралық бағыттардың бiрнеше бағдарламасына енгізілген.
Бұдан жиырма жылдай бұрын Кендебай Қарабдаловтың суретшілік қырымен аты шыққан еді. Бейнелеу өнерiнiң графика, акварель жанрларымен айналысты. Майлы бояумен кенепке салған кескiндемелерi білікті мамандардың тарапынан жоғары бағаға ие болып, «Көкмардандағы ескi қала орны», «Арыс жағасында», «Таң алдында» деп аталатын полотнолары бiрқатар көрмелердiң бәйгесiн жеңіп алды. Бiрақ кейін бұл өнердi қойып, саздан бұйымдар, ағаштан қобыз, қамыстан сырнай, терiден даңғыра жасауға бет бұрды. Шымкент қаласының «Тұрлан экспедициясы» шағынауданында орналасқан этномұражай Қарабдаловтың ғана емес, өнерлі ұлттың жетістігі болып отыр.
Шетелдіктер көп келетін мұражай
Кендебай аға отбасымен Шымкентке 1996 жылы Отырар ауданынан көшіп келген. Тиісті құжаттарын дайындап, этномұражай ашуға бел буып, білек сыбана кіріскен. 8 жылдан бері мұражай жұмыс iстеп келедi. Онда Кендебай ағаның қолынан шыққан әртүрлі бұйымдарды тамашалауға болады. Сондай-ақ Отырартөбе қалашығында, басқа да жерлерде археологиялық қазба жұмыстарына қатысқан кезінде табылған ерекше жәдiгерлерді де Кендебай аға көзінің қарашығындай сақтап отыр. «Қағаз жоғалып немесе сарғайып кетеді. Алтын да ерiтiлiп, өзгереді. Ал көзедегi бедерлер өшпейдi. Ешуақытта. Көнеден жеткен осы ерекшелiктi өз жұмысыма пайдаланамын» – дейді қолөнерші. Кендебай аға үйiнiң алдына саз илейтiн, одан балшық күйiндегi қалыпта әзiрленген құмыраларды, сырнайды отқа күйдiретiн жерошақ орнатып, кешендi шеберхана да ұйымдастырған.
Яғни, мұражайға келген қонақтарға әр бұйымның, сазсырнайдың, құмыраның қалай жасалатынын көрсетіп береді. Қызығушылық танытқандарға үйретеді де. ҚР Туризм және спорт министрлiгiмен тығыз байланыста. Бiздiң өңiр Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқандықтан, 2009 жылы мұражай ЮНЕСКО бекiткен халықаралық бағыттардың бiрнеше бағдарламасына енгізіліпті. Сондай-ақ «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Республика мәртебесi» атты деректi фильм түсiрiліп, бұл хабар бүкiл әлемге үш тiлде таратылған. Зер салып қарасаңыз, мұражайдың сырты жауын-шашыннан мүжiлген. Сөйтсек ескі заманның көрінісін көз алдыңызға алып келу үшін қолдан әдейі жасапты. Ғаламтор арқылы этномұражай жайлы деректерге қанығып, Америкадан, Франциядан, Жапониядан, т.б. әлемнің әр елінен ат сабылтатындар бар. Еліміздің басқа өңірлерінен де арнайы іздеп келетіндер көп. Ал бізде ше? Шымкентте 90-ға жуық мектеп бар болса, соның 5-6-ның оқушылары ғана барып, қонақ болып қайтқан көрінеді. «Егер мемлекет тарапынан қаржы бөлінсе бұл мұражайдың мүмкіндігін, қазақ этнографиясының мүмкіндігін бұдан да жоғары деңгейге көтерер едім. Бірақ өкінішке қарай, бізде этнографияға көп басшылар назар аудара бермейді. Өйткені, бәрі жоғарыдан бұйрық күтеді. Ал бұйрық бермесе істемейді. Ағаштың тамыры басында болмайды ғой. Жерде болады. Төменнен басталады. Тамыр деген сөз – тарих. Ата бабаның тарихын, дәстүрін, мәдениетін тірілтуге, мемлекет аямай қаржы бөлсе, далаға кетпейді, – дейді Кендебай аға.
58
Қазақтың «сегіз қырлы, бір сырлы» деген сөзі Кендебай ағаға арналып айтылғандай
Қылует
Мұражайдың ішін аралап, көп сырға қанық болған соң, қылуеттiң iшiн көруге асықтық. Ауланың ортасындағы күмбездiң есiгiнен енiп, баспалдақтармен жер астына аяңдадық. Қылуеттiң тереңдiгi – 7 метр, енi 4,5 метрді құрайды екен. 2006 жылы Кендебай аға жер астындағы ғимараттардың орынын түсінде көреді. Сосын қолына күрек алып, қылуетті қазуға кіріседі. Бар-жоғы тоғыз айда қазып шығыпты. Жерді қазу барысында «Бір құмырсқаның илеуін бұздыра көрмеші» деп Алладан дұға тілеген.Таңқаларлығы сол, бөтен нәрсе шықпапты. Қылуеттің ішіндегі алғашқы бөлме «Қыш кітаптар бөлмесі» деп аталады. Бөлмедегі пештің қабырғасы 2000-3000 градуста еріген. Яғни, жер астында салынған осындай пештер дом-на пешінің қызметін атқара алады екен. Бірақ бөлме ішіндегі ауа температурасы +35 градустан аспайтынға ұқсайды.
Бұдан шыққан жалын мұржа арқылы келесі бөлменің еденін жылытады. Ал от жағылмаса да қыстың аязды күндері қалыпты 2 градус жылылықты ұстап тұрады екен. Бұрын 8 градус болатын. Жер салқындай бастады-ау, — дейді Кендебай аға. Мұнда бұл бөлмеден бөлек, «Рухани тазару немесе махаббат жазығы», яки Алланың адамдарға шексiз сүйiспеншiлiгiн сезiну бөлмесi, «Қылует бөлмесi», яғни Құран оқитын орын және ағартушылық бөлме деген бөлiктерi бар. Соңғы бөлмеде имандылық иiрiмдерiн қобыздың, сазсырнайдың, қамыс сырнайдың сиқырлы үнiмен бойға сiңдiруге болады. «Ата-бабамыздың саздан бұйымдар, музыкалық аспаптар жасау дәстүрiн жалғастыруды өзiме аманат ретiнде қабылдасам, қылует қазуды адамдарды өздерiнiң ар алдындағы тазалығын сақтауға, кiсiлiк қасиеттерiнен айырылмауға тәрбие беру орны деп санадым. Қылуеттi бiр көрiп шығу арқылы Жаратушы мен Жер-ананың киелiлiгiне бас иеріңіз сөзсіз», – деген ой айтты Кендебай аға.
ЭКСПО-ға арнап жартастағы жазуларды жасауда
Қазақты әлемге танытқан аспап
Қазақтың «сегіз қырлы, бір сырлы» деген сөзі Кендебай ағаға арналып айтылғандай. Арнайы музыкалық білім алмаса да қобыз, саз сырнай, шаңқобыз баян т.б. сынды он түрлі аспапта еркін ойнай алады. Көп аспаптарды ағаштан жонып, өзі жасай береді. 1986 жылы он ойықты етіп жасаған сазсырнайы бүкіл әлемге танытты Кендебай ағаны. Сазсырнайды жасауға жергiлiктi этнограф Асантай Әлiмовтiң Отырартөбеден тауып алған, үрмелi музыкалық аспапқа жататын екi тесiктi саз сырнайы себепкер болыпты. Сосын Х ғасырға жататын бұл музыкалық аспапты жетiлдiрудi ойлайды. Халықтық музыка аспаптарын зерттеушi Болат Сарыбаевтың жасаған алты ойықты саз сырнайымен таныс болған Кендебай аға он ойықты етіп жасауға тәуекел етті. Жасап та шықты. Оған «Отырар уiлдегi» деген ат береді. Тұсауын қазақтың біртуар перзенттерi Өзбекәлi Жәнiбеков пен Нұрғиса Тiлендиев кес-кен сазсырнай 1988 жылы Мәскеуде 155 елден 255 ұлт пен ұлыс қатысқан бiрiншi дүниежүзiлiк халықаралық фольклорлық фестивалінде бас жүлденi жеңiп алды.
Осы жылы тағы да Кеңес Одағы астанасында ұйымдастырылған әлемдiк көрмеде «Отырар уілдегі» ЮНЕСКО-ның бас жүлдесiне ие болады. Өткен күннің тәтті естелігін есіне алған Кендабай аға «сол фестиваль мен көрмеде көрермендерге сазсырнайда қазақ әуендерiн орындап бердiм. Өзге ұлттың саздарын салдым. Мәскеуге сырнай жасайтын құралдарымды да ала барып, көне музыкалық аспаптың қалай жасалатынын көзбе-көз жасап көрсеттiм», – деп сазсырнайда сызылта ойнап берді. Он ойықты сазсырнайдың үлкейтiлген үлгiсi бұл күнде Шымкенттiң орталық көшелерiнде орнатылған.
Қобыздың киеcі бар
Қобыз қазақпен біте қайнасқан егіз ұғым. Киелі. Күңіренген қоңыр үнінде ұлтымыздың сан ғасырлық қайғы-мұңы, қуанышы мен шері бар. Ағаштан қобыз жонып, жонып қана қоймай қобызда шебер ойнай алу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Кендебай ағаның алғашында бұл аспаптан да ешқандай хабары жоқ болатын. Бұрын соңды жасап та, тартып та көрмеген. Бiр күні бейтаныс науқас «сен жасаған қобызды тартсам ғана ауруымнан айығамын» деген үлкен өтінішпен келеді. Кендебай аға «Қобыз жасайтын әйгілі шеберлерге ертіп апарайын, мен өмірімде жасап көрмегенмін, қолымнан келмейді» десе де, әлгі кісі табандап тұрып алады. Содан кейін ғана «кім біледі, мүмкін шынымен де Алла шипасын берсе, дертінен айығып кетер» деп Жаратқаннан жалбарына тілек тілеп, тәуекелге бел буып, Бағлан Қуандықовтың өтінішімен қобыз жасауды қолға алады. Алланың құдіретімен көз майын тауысып жасаған қобызы дертті жанның ауруынан айығуына себепкер болады. Сол сәттен бастап қобыз жонуға именбей кiрiсіпті. «Бір жылдары жеті қобыз жасадым, – дейді Кендебай аға. — Бірінен-бірі өтеді. Дауыстары да бір-біріне ұқсамайды. Бөлек.
Сол жаңа қобыздардың арбауына түсіп, соларды ойнап, ескі қобызымды тартуды естен шығарсам керек. Бір күні ойнайын деп қолыма алсам дыбыс шықпайды. Ары тарттым, бері тарттым болмады. Сосын үйдегілерге ұрыстым. Олар қобызға саусақтарының ұшын да тигізбегендіктерін айтып азар да безер болды. Сонда үйдегі жеңгең «Кендебай екі айдан астам уақыт бұл қобызға көңіл бөлмедің, шаң басып тұр. Жаңа қобыздарды тартып, мұны естен шығардың. Соған өкпелі» деді. Қасиетін қарасаңызшы. Сосын «үлкен қобыз сенің жолың да, орның да үлкен, мен қателесіппін. Енді бұдан кейін қандай аспап жасасам да, сені бірінші тартамын» деп уәде беріп, Алланың алдында кешірім сұрадым. Содан кейін ғана дауысы қарлығып шықты. Сондықтан үлкен кісілерді сыйлағанымыздай, не нәрсенің болсын үлкенін сыйлау керек екен».
Қылуеттiң тереңдiгi – 7 метр, енi 4,5 метрді құрайды екен
Сөз соңы
Осы күні саздан құмыра, ыдыс-аяқ жасау — қазақтың ежелгі ата кәсiбi болғанын, көне Отырар, Сауран қалаларының қирандысынан табылған үлгiлер бойынша дәлелдеп, Кендебай аға 2005 жылы әдiлет органына тiркетiп, авторлық куәлiк те алды. Ол барлық жиған-тергендерімен, тәжірибесімен жас ұрпақпен бөлісу үшін кітап шығармақ ниетте. Сондай-ақ ЕХPO-2017 көрмесіне қызу дайындыққа кіріскен.