Жабайы табиғат әлеміне саяхат
Ақсу Жабағылы
Ақсу-Жабағлы - Қазақстанның ең көне қорығы. Ол – Орталық Азиядағы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны ретінде ЮНЕСКО-ның бақылауында. Мұнда жоғалып бара жатқан сирек кездесетін жануарларды, құстар мен жәндіктерді, өсімдіктерді тамашалай аласыз. Грейг қызғалдақтары тау алаңқайларында қызыл жалындай жарқырайды.
Қорықты құру бастамасы танымал гидробиолог А.Л.Бродскийге тиесілі. Бұл ғалым 1920 жылы алғашқы рет Жабығылы мен Ақсу өзендерінің жоғарғы арналарына аяқ басқан.
Ақсу-Жабығылы мемлекеттік қорығы Батыс Тянь-Шаньдағы Талас Алатауы жотасының батыс жақ бөлігінде орналасқан. Қорық теңіз деңгейінен 1300 метрден 4200 метрге дейінгі биіктіктегі таулы аймақты алып жатыр. Оның солтүстік және батыс шекаралары Жабағылытау, Талас Алатауы мен Өгем жоталарының бойымен 1300-1600 метрге жуық, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қорық Талас және Өгем жоталарының таулары арқылы Қырғызстан мен Өзбекістанмен шектеседі.
Қорықтың орталық бөлігі Шымкент қаласынан 70 км жерде және Түлкібас теміржол бекетінен 18 км жерде орналасқан.
Қазіргі кездегі физика-географиялық аймақтандыру бойынша қорықтың аумағы Орталық Азия таулы елінің Батыс Тянь-Шань провинциясына жатады. Талас Алатауы, күшті әрі қыратты Батыс Тянь-Шань таулы жотасы, Ақсу және Жабағылы өзендерінің жоғарғы сағасында орналасқан. Осы өзендердің құрметіне теңіз деңгейінен 4000 метр биіктікте орналасқан таулы жотасы бар қорықтың аты берілген.
Қорық аймағы дәрілік өсімдіктерге бай: 200-ден астам түрі белгілі бір деңгейде емдік қасиетке ие.
Қорықтың салыстырмалы түрде соншалықты үлкен емес аумағында Еуропаның, Солтүстік Африканың, Алдыңғы және Орталық Азияның түрлі ландшафттарына тән жан-жануарлар кездеседі.
Ақсу-Жабағылы қорығының өсімдіктер әлемі соңғы жаңа мәліметтер бойынша 1737 түрді қамтиды, оның ішінде 235 түрлі саңырауқұлақ, 64 түрлі қына, 63 түрлі балдыр мен мүк тәрізділер және 1312 түрлі биік өсімдіктерді қамтиды. Қорықтың символы – Грэйг қызғалдағы экспорт көзіне айналды. Оның алқызыл жапырақтарының көлемі – 12-15 см-ді құрайды. Балықтар әлемі 7 түрлі, олардың ішіндегі ең қарапайымдылары – кәдімгі қарабалық (Schizothorax intermedius) және жалаңаш көкбас балықтан (Diptychus dybowskii) тұрады. Қорықта 11 түрлі жорғалаушылар мен 3 түрлі амфибия бар. Ол осы топтағы өңірлік фаунаның 70%-дан астамын құрайды. Оның 3 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Кесірткенің мына бір түрі – сары бауыр кесірткеден аса абай болған дұрыс. Қазақстанның кітабына 10 түрлі сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан сүтқоректі жануарлар кіргізілген. Қар барысы, Мензбир суыры және қазіргі кезде жоғалып бара жатқан арқардың эндемиялық түрі сияқты 3 түрлі сүтқоректі жануарлар аса қауіптенуге тұрарлық жануарлар түріне кіреді. Қорықтағы сүт қоректі жануарлардың 52 түрі бар. Ол бүкіл Батыс Тянь-Шань териофаунасының 80 пайызын құрайды, оның ішінде – кеміргіштер (44%), жыртқыштар (24 %), қолқанаттылар (18 %), тұяқтылар (9 %), қоян тектілер мен жәндікқоректілер (3 %) құрайды. Тұяқтылар тобын арқар, тау ешкісі, елік, марал мен қабан, жыртқыштар мен сүт қоректілерден – аю, борсық, тас маралы мен қабан, тас сусары, аққалақ пен ақкіс, ал кеміргіштер мен қоян тектілерден – ұзын құйрықты суыр, жайын, құм қояны (толай) мен ондатр бар. Ақсу-Жабағылы – емдік қасиеті бар тау ауасы, жарық күн, қарасаң көз тоймайтын көріністер мен таза су, ерекше өсімдіктер мен жануарлар әлемі. Бұл қорыққа болған уақыттағы алған әсеріңізді еш уақытта ұмыта алмассыз! Бұл қорыққа деген саяхатыңызды ешқашан да ұмыта алмассыз!
Сайрам-Өгем
Батыс Тянь-Шань тауы – жабайы табиғаттың қайталанбас әсем әлемі. Сайрам құзы көрінетін биік қарлы шыңдар, көгілдір биік тау көлдері, оның арасында Ұғамның інжу-маржаны – Мақпал көлі, өзендер мен қайнарлардың мөлдір сулары, ғажайып формалы Қырыққыз жартасы, ертегідегідей әдемі Грейг қызғалдағы және тағы басқалары үнемі ерекшеленіп тұрады. Таулар миллионнан астам халық тұрып жатқан ірі аумақтың «жасыл жүрегі» болып саналады.
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Батыс Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік – шығыс бөлігін қамтиды және Өгем, Қаржантау, Боралдай, сонымен қатар, Талас Алатауының солтүстік батыс бөктерін алып жатыр. Ұлттық парктің территориясынан Өгем, Сайрамсу, Қасқасу, Біркөлік, Машат, Даубаба және Көкбұлақ өзендері ағып өтеді. Парк территориясында 7 табиғат зонасы бар, шөлейттен бастап тау зонасына дейінгі, яғни онда өсімдіктің 1635 түрі, сүтқоректілердің 59 түрі, құстардң 300 түрі кездеседі. Парктің өсімдік әлемі өте ерекше. Мұнда Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген өсімдіктердің 240 түрі өседі. Ерекше атап өтетін жай қызыл кітапқа енген өсімдіктердің барлығы түрі жойылуға жақын немесе сирек кездесетін өсімдіктер болып табылады. Өте сирек кездесетін өсімдіктер – жабайы жүзім, Янчев қарақаты, бірнеше түрі бар Алберт ирисі. Батыс Тянь-Шань тауының басты ерекшелігі мұнда, мәдени өсімдіктердің жабайы түрлері-алма, алмұрт, жүзім, грек жаңғағы, пияз, қызғалдақ, қарақат өседі. Парктің жануар әлеміде әр түрлі болып келеді. Аю, қасқыр, тау ешкі және басқада жануарлар. Қаратау арқарлары көктемде Боралдай жотасының оңтүстік бөлігін мекендейді. Парктің ең сақ мекендеушісі қар барсын және түркістан сілеусінін сиректе болсын, бірақ кездестіруге болады. Өсімдік және жаунуарлар әлемі, релефтің әр-түрлілігі, өзендер, сарқырамалар, таудағы көлдер үлкен рекреациялық потенциалы бар қайталанбас тамаша ландшафты құрайды. Парк территориясында тарихи ескерткіштерді, петроглифтерді, ерте дәуірдегі қоныстардың іздерін көруге болады, оның мәдени ландшафтысы осы күнге дейін толық зерттеліп бітпеген, сондықтан саябақ өзінің зертеушілерін күтуде.
Сайрамсу шатқалы
Біздің аумақтың ең тамаша шатқалдарының бірі – Сайрам-су. Оның басты байлығы мұздақтан пайда болған көл. Мұздан жасалған көл 2350 м биіктікте орналасқан. Оның қазаншұңқыры гитара тәріздес болып табылады. Көлдің төменгі жағында түсі ашық жасыл және өте салқын болып келеді. Көлдің түсі нақ екі түрге бөлінуі, яғни ашық көкшіл және ашық жасыл болуы өте қызықты. Кез-келген ауа-райында көлдің түсі өзгеріссіз екі түрлі. Сондық осы туралы аңызда бар. Ерте заманда биік тау бөктерінде адамдар тұрыпты. Осы тайпаның басшысының қызы кішкентай кезінен басқа елдің ханына атастырылады екен. Уақыт өте келе қыз өсіп, бойжете және әдемі, батыл болып өседі екен. Күндердің күнінде бойжеткен сол тайпадағы қойшы жігітке ғашық болып қалады. Екі жас әке – шешелерінен ырзашылығын сұрамақшы болады. Бірақ қыздың әкесі қатты ашуланады. әкесі қыздан міндетін орындап, ханның жары болуын сұрайды. – Бұл мүмкін емес деп қыз шешім қабылдайды. Түннің бір уақытында жігіт пен бойжеткен өз ауылдарынан қашып кетеді. Қыздың әжесі өз батасын беріп, ашық жасыл жүзік және жылан жүздес білезік сыйға тартады. Сыйлықпен тек қиын жағдайда қолдансын деп бұйырады. Ұзаққа қашып үлгермеген балардың артынан әкесі қуып жетуге сәл қалғанда, қыз ашық-жасыл жүзігін шешіп лақтырған кезде көл пайда болады. Бойжеткен мен жігіт тағыда алыстап қашады, бірақ әкесі тағыда жетіп алады, сонда қашып құтыла алмайтыны білген екі жас шешім қабылдап шексіз дүниеде бірге боламыз деп сөз беріп, қыз жылан тәрізді білезігін алдына лақтырады. Мұнда 8 тәріздес, яғни шексіз символы, көл пайда болады. Міне осыдан екі түсті көл пайда болған.
Қасқасу шатқалы -Оңтүстік өңірі табиғаты шын мәнінде ерекше қайталанбас дүние. Таудан аққан бұлақ сыңғыры, жемісін көтере алмай тербеліп тұрған алма ағаштары, жайқалған хош иісті гүлдер қаладан мезі болған қауымға таптырмас демалыс орны. Қасқасу шатқалы - Оңтүстік Қазақстан облысының ең әсем жерлерінің бірі. Төле би ауданында, теңіз деңгейінен 1900 м. биіктікте орналасқан. Шымбұлақтың 5-ін өзіне сидыра алатын әлеуеті бар.
Қасқасуға сапар тек тауға шығу деген сөз емес. Мұндағы демалыс белсенді, әрі экстремалды болуы тиіс. Сол себепті, мұнда қалың қармен қапталған 8 тау шатқалы күтіп тұр. Бір уақытта, 25 мың шаңғышы төмен қарай құлдилай алады. Қазіргі таңда, тау шаңғысы демалыс аймағын салу жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Бұл шараға 125 млн. АҚШ доллары тартылу көзделуде.
Қасқасу алмасы бүкіл аймаққа танымал. Мұнда алманың 20-дан аса түрі өседі. Өте дәмді, әрі жұмсақ. Көктемге дейін сақталу сапасымен ерекшеленді, бұл алмалардан құрт табу мүмкін емес.
Жануарлар әлемі де әртүрлілігімен ерекшеленеді. Сүқоректілердің 59 түрі, құстардың 300-ге жуығы тіркелген.Аю, қасқыр, жабайы шошқа, тау ешкісін жолықтыруға болады.Өте абай, адамдардан үнемі жырақ жүруге тырысатын қар барысы(ілбіс) тау-тастың арасын мекен еткен
Қасқасу шатқалында өсімдіктің 1500-ден аса түрі өседі. Ағаштардың түрлері өте көп. Ең танымалы-түркістан аршасы. Бұл аршаның таулар өміршеңдігі мен әкожүйеге ықпалы өте зор, себебі, қардың уақытында еруін қамтамасыз етеді. Жемісімен көптеген аңдар қоректенеді. Аршаның бойы ылдидан тау шыңына қарай төмендей береді. Өте жай өседі, жылына бой өсімі 1 см-ден аспайды. Аршаның өмір сүру ұзақтығы 500-600 жыл, 4 мың жылға дейін жасаған аршалар бар.
Қаратау қорығы
Қорық аймағы ерте кезден бастап-ақ адамдардың тіршілік етуіне қолайлы аймақ болғандығы ондағы тас, қола және темір дәуірлерінен қалған мәдени ескерткіштермен ерекшеленеді. Табиғат құйған ғажайып тас мүсіндер ерекше көз тартады. Мысалы, «Түйетас», «Хантағы», «Кемпіртас» және т.б. Қаратау қорығы, Қаратау тау жоталарының орталық бөлігінде орналасқан. 2004 ж. ұйымдастырылған. Аумағы 34,3 мың га. Қорық жері айналасында орналасқан Мойынқұм шөлдерімен және Бетпақдала өңірімен шектеседі.
Қорықтың солтүстік-шығысында Созақауданы бар, батысында Байалдыр және Түйетас, оңтүстігінен Талдыбұлақ, ал ұзына бойына Жыңғылшық өзендері ағып өтіп, Қараағаш тау жотасына ұласады. Қорық аймағы ерте кезден бастап-ақ адамдардың тіршілік етуіне қолайлы аймақ болғандығы ондағы тас, қола және темір дәуірлерінен қалған мәдени ескерткіштерден (тасқа салынған суреттер, адам тұрақтары, т.б.) айқынбайқалады. Табиғат құйған ғажайып тас мүсіндер ерекше көз тартады. Мысалы, “Түйетас”, “Хантағы”, “Кемпіртас”, т.б. Қорықта өсімдіктердің 1666 түрі өсетіні анықталған, оның 153 түрі – эндемик. Ондай сирек кездесетін өсімдік түрлеріне: Қаратаумаралтамыры, Қаратау жыланбасы, Қаратау кекіресі, Қаратау қауы, Қаратау томағашөбі, Грейг қызғалдағы, т.б. жатады. Ал Қаратау қорығының Берікқара шатқалында ғана өсетін Берікқара терегі – өте сирек кездесетін эндемик, реликті түр болғандықтан қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. Қорық жануарлар дүниесіне де бай. Мұнда жойылып бара жатқан, сондықтан қорғауға алынған: бүркіт, ителгі, қара дегелек, үкі, т.б. бар.