«ИРБИС-64 жүйесі: ақпараттық білім беру ортасын қалыптастырудың жалпы мүмкіндіктері» тақырыбы бойынша оқыту курсы.

Печать

     Ақпараттық білім беру орталығының «Кітапхананы дамыту бөлімінің» 2013 жылдық жоспарына сәйкес М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі Өңіраралық орталығымен» біріге ОҚО білім беру мекемелері және Ақпараттық білім беру орталығы кітапханашыларының біліктілігін жетілдіру мақсатында«ИРБИС-64 жүйесі: ақпараттық білім беру ортасын  қалыптастырудың жалпы мүмкіндіктері» тақырыбы бойынша оқыту курсы ұйымдастырылды.

     Тыңдаушылардың оқыту курсы 2013 жылдың наурыз айының 11-15 жұлдызы күндері Өңіраралық біліктілікті жетілдіру орталығының талаптарына сай құрастырылған бағдарлама негізінде АБО кітапханасында дәріс алды.

     Курсқа қатысушылар М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Жарғысы, Өңіраралық орталықтың Ережесі негізінде әрекет жасайтын  келісімшарт негізінде  Өтініші бойынша іріктелді.

    Тыңдаушылар АБО құрылымымен, құрылымдық бөлімшелердің атқаратын негізгі қызметтері мен кітапханалық-технологиялық үрдістері жөнінде мәліметтермен танысты.

     Курс тыңдаушыларына инженер-программист Маринич С.Н. халықаралық талаптарға жауап беретін автоматтандырылған интегралды кітапханалық-ақпараттық бағдарлама "Ирбис-64" жүйесінің құрылымы туралы, әрі қарай жүйе арқылы кітапханалық үрдістерді жүргізу әдістері мен тәсілдері жөнінде дәріс оқыды және мастер-класс практикалық сабақтар өтті.

     Сабақ барысында ИРБИС автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесінің негізгі мінездемесі, техникалық функционалдық мүмкіндіктері, жүйені құру және реттеу, пайдаланушыларға ақпараттық қызмет көрсету түрлері мен технологиялық нұсқаулығы жөнінде лекциялық дәріс оқытылса. ИРБИС-64 жүйесінде кітаптарға библиографиялық сипаттама жасау, мақалаларға аналитикалық сипаттама ендіру (мерзімді басылымдар бойынша), мерзімді басылымдарды тіркеу (газет- журналдар) және мәліметтерді түзету, оқырмандарды электронды каталог базасына ендіру, пайдаланушыларға ақпараттық қызмет көрсету түрлері, пайдалану интерфейстерінің: іздеу шарттары, қарап шығу шарттары, «Печать» шарты бойынша шығарылатын құжаттарды дайындау жолдарын жүргізудің  практикалық сабақтары бойынша өтті.

Курсқа барлығы 6 кітапхана қызметкерлері қатысты.

Олар:

1. Байжанова Аккенже Кожантаевна .«Оңтүстік Қазақстан политехникалық 

    колледжінің» кітапханашысы;

2. Мырзатаева Гаухар Бахадировна «Шымкент медициналық колледжінің»

    кітапханашысы;

3. Садырбаева Замира Калиевна «Шымкент медициналық колледжінің»

    кітапханашысы;

4. Кысанбаева Зинакуль Дихановна Оңтүстік Қазақстан құқық және салалық

    технологиялар колледжінің кітапханашысы;

5. Сейтбекова Сандуғаш Нурсейтовна Ақпараттық білім беру орталығының

    кітапханашысы; 

6.Туляганова Севара Даврановна Ақпараттық білім беру орталығының

   сектор меңгерушісі.

Курс соңында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі Өңіраралық орталығының» директоры с.Т.Ахметова мен АБО әкімшілігі тыңдаушыларға сертификат табыстады.

 

Видеоэстафета

Мухтар Ауэзов

Счетчики

Яндекс.Метрика