2020 жыл 27 ақпан күні Ақпараттық білім беру орталығы Bookdating жобасы аясында жастар үшін қызықты, әрі пайдалы кеш ұйымдастырды. Тыңдаушылар, Тоқыма және тамақ инженериясы жоғары мектебінің студенттері, шақырылған декан Г.С.Кенжебаеваның өз тәжірибесімен, білімімен және алған әсерлерімен бөлісуге қуанышты болған спикердің сөздерінен шабыт алып, рухтанды. Ол өмірінде жетістіктерге жетуге себеп болған Роберт Гриннің «Биліктің 48 заңы», Роберт Кийосакидің «Бай әке, кедей әке» және т.б., Саидмурод Давлатовтың «Бай және кедей адамдардың ойлау стратегиясы», О.П.Кинякинаның «Ми 100 %-ға» сияқты психологиялы мотивациялық кітаптар туралы әңгімеледі.
Сонымен қатар, кеш барысында студенттер өздерінің сүйікті кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісті.
Кеш соңында, қатысушылар «кітап - білім көзі» деген сөздің бүгінгі таңда қаншалықты маңызды екендігіне бір көз жеткізді.