Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік-құқықтық актілері бойынша ақпараттар жүйесін таныстыруға арналған семинар-тренинг
2023 жыл 10 наурыз күні ҚР Әділет министрлігінің «ҚР заңнама және құқықтық ақпарат институты» Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры С.Ережеповтың, «Заң» факультетінің деканы К.Сарыкуловтың және АББО директоры И.Саурбаеваның басшылығымен «Заң» факультетінің студенттеріне «ZAN» деректер қорынан Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік-құқықтық актілері бойынша ақпараттар жүйесін таныстыруға арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды.
ҚР Әділет министрлігінің «ҚР заңнама және құқықтық ақпарат институты» Шымкент қаласы бойынша филиалының бас маманы А.Тұяқбай «ZAN» деректер қоры ауқымды тұтынушыларға арналған база екендігін айтты және пайдалану жолдарын көрсетті.