БД – «Электронный архив» - полнотекстовая база данных учебной литературы на казахском, русском, английском языках    Комиссия по правам человека при президенте РК ELIBRARY.RU - ЭЛЕКТРОННАЯ БИБЛИОТЕКА База данных arXiv.org — крупнейший бесплатный архив электронных публикаций научных статей и их препринтов по физике, математике, астрономии, информатике и биологии Электронная библиотека статей 300 популярных журналов и газет на английском языке (1998-2003 гг.)  Казахстанская открытая библиотека Казахстанская Национальная электронная библиотека       

 

IFLA WLIC-90 Дүние жүзілік кітапхана конгресі

2026 жылдың тамыз айында Дүние жүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Оңтүстік Кореяда Пусан қаласында өтті. Шараны IFLA және Корей кітапханалары қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырды .

Пусанның BEXCO көрме орталығында өткен конгреске 100-ге жуық елден 3000-нан астам кітапханашылар, зерттеушілер, саясаткерлер және тиісті кәсіпқойлар қатысты. Конгрестің негізгі тақырыбы «Кітапханалар трансформацияның қозғаушы күші» кітапханалардың жасанды интеллектке көзқарасы және оны жұмыс процестерінде пайдалану мәселелеріне арналады.

Әлем бойынша кітапхана  басшылары мен мамандарының 86-дан астам секциялық отырыстарында кітапхана ісінің қазіргі даму бағытын айқындайтын маңызды мәселелер қаралды.

Конгрестің ғылыми бағдарламасықазіргі уақытта заманауи кітапханалар цифрлық хабтарға, қоғамдық орталықтарға және білім беру кеңістіктеріне ауысуын көрсетеді.Әлемдік ынтымақтастықты нығайту үшін бірыңғай цифрлық экожүйелер мен цифрлық кітапханаларды дамыту басты назарда.

IFLA WLIC – әлемнің түрлі елдерінен кітапхана және ақпарат саласының мамандарын, ұлттық және ірі ғылыми ЖОО кітапханалардың өкілдерін, кәсіби қауымдастықтарды, зерттеушілер мен сарапшыларды біріктіретін әлемдік кәсіби алаңдардың бірі. Конгресс кітапхана ісінің қазіргі жағдайын саралап, саланың болашақ даму бағыттарын талқылауға, жаңа тәжірибелер мен кәсіби бастамаларды таныстыруға мүмкіндік берді.

IFLA WLIC әлемдік кітапхана қауымдастығының кәсіби саласындағы осындай айтулы шараның жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығының өкілдерінен құралған қазақстандық делегациялар да қатысты. М. Әуезов атындағы ОҚЗУ-нің Ақпараттық білім беру орталығының директоры Саурбаева Индира Қабланқызы қатысып, әлемдік кітапханалармен ынтымақтастық  пен серіктестікті орнату мәселелерін талқылады.

 

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика